№ 1 САБАҚ. «ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: арнаулы қызмет туралы білімдерін кеңейту. Қажет
болған жағдайда алғашқы көмек көрсету әрекетін үйрету.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
- Өмірде кездейсоқ жағдайлар болып тұрады. Ол күтпеген жерден келеді.
Оған
дайын болмасаң, не
істеу керектігін білмесең, үлкен
қасіретке соқтыруы
мүмкін. ТЖ –
төтенше жағдай, бұл тіркесті қалай түсінесіздер? (Балалардың
жауабы: өрт, газдың атылуы, төбелес, ұрылар, жарақат алу т.б.).
- Әр жағдайда қандай әрекет жасау керек?
Адамға көмекке көрсету. Сол әрекетті зиян
тигізбей қалай дұрыс жасау
керек? Құтқару қызметі жұмыс істейді. Зардап шеккен
адамдарға көмек көрсету
керек.
- Кім тапты, ол қандай қызмет? Құтқару қызметінің машиналары қандай
болады?
3.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
Суреттерден «Құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің
нөмірлерін айт».
- Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт.
–
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104,112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
111
Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 111. Бұл
нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз.
Төтенше
жағдай кезінде бастысы,
сабыр сақтап,
диспетчерге болған жағдайды
дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: