«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет85/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Қорытынды. Рефлексия 
«Бағдаршам» ойыны. Үстелде 3 түрлі түсті қағаз бар. Қызыл – «Жоқ», жасыл 
– «Иә», сары – «Ойланамын». Сабақты қалай түсінгендеріңізді тексереміз. 
Егер бейтаныс адам қандай да бір әрекетті жасауды ұсынса, ата-анаңмен 
ақылдасу керек пе? (ойын жүктеу, бейнефильм қарау). 
Белгісіз сайттардан ойындар жүктеп алуға бола ма? (Жоқ) 


Зиянды бағдарлама сіздің компьютер мен телефоныңызды «құртуы» мүмкін 
бе? (Иә) 
Пайдалы сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- 
IEuEG9KjOrJzvPM&index=8
 


№ 7 САБАҚ. «ТАМАҚПЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖАСАУДЫҢ 
ҚАУІПТІЛІГІ»
 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында салауатты өмір салты 
негіздерінің құрамдас бөлігі, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өз 
денсаулығына дұрыс қарауға дағдыландыру. 
Сабақ барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 
2. 
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау 
Мақалдардың адасқан бөліктерін тауып, толық құрастыр. 
Олардың мағынасын түсіндір. 
Денсаулықтың қадірін
Саулық – байлық негізі.
Тазалық – саулық негізі
Ауырғанда білерсің.
Көзің ауырса қолыңды тый
Ауырмайтын жол ізде.
Ауырып ем іздегенше
Ішің ауырса, аузыңды тый.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда не туралы айтылады? 
- Денсаулық және оны сақтау туралы. 
3. 
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
«Пайдалы және онша пайдалы емес тағамдар» ойыны 
- Мен тағам түрін атаймын, егер ол пайдалы болса, шапалақтаймыз, ал 
пайдалы болмаса, жұдырығымызды түйеміз. 
Қолданылатын сөздер: алма, торт, қияр, балық, тәтті, сәбіз, ірімшік, зефир, 
чупа-чупс, мармелад, сыр, бұрыш, сүт, бал. 
Әңгіме не туралы болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет