«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


  Білімді өзектендіру. Топтық жұмыс



Pdf көрінісі
бет87/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

3. 
Білімді өзектендіру. Топтық жұмыс 
(Карточкамен жұмыс). 
- Табиғатқа аттану үшін мұқият дайындалуымыз керек. Ең бірінші түрде 
киетін киімдерді дайындау. Әр топ демалыс түрі бейнеленген карточка,
иллюстрацияны алады да, дәл сол саяхат түріне арналған киімді таңдайды. 
Негізгі бөлім 
Демалыс кезінде туындайтын қауіп түрлері:
 
Ормандағы өрт. 
Жәндіктердің шағып алуы, соның ішінде кенелер. 
Жануарлардың тістеп, не шағып алуы, соның ішінде жылан шағуы. 
Ірі сүтқоректі жануарлардың болуы, мысалы, аю, бұлан. 
Жабайы жануарлардың болуы. 
- Егер сіз саяхатқа аттанар болсаңыз, міндетті түрде келесі ережелерді біліп 
алыңыз: 
Саяхат кезінде нұсқаушының айтқанын тыңда. Онымен қасарысып, сөз 
таластырма. 
Топтың алдына шығып ұзап кетпе, артында да қалып қойма. 
Саяхат өзіне ие бола алмайтындарды, еркелікті көтермейді. 
Егер сен бір нәрсеге ренжіп қалсаң, қашып кетуші болма, негізгі топтан 
қалып қойма. 
Табиғатқа ұқыптылықпен қара, бостан-босқа сіріңке жақпа, қоқыс пен 
бөгде заттарды лақтырып кетпе. 
Таныс емес жидектерді саңырауқұлақты, өсімдіктерді жеуші болма. 
Қорытынды. Рефлексия 
- Пікірдің мағнасын түсіндір: «Әр адам – табиғаттың бір бөлшегі». 
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/fqSa28dI6KM?si=8dmlBrieThknfOah
 
https://youtu.be/sKT-1ot7paY?si=_ssBtHSfgosm-VZN
 


№ 9 САБАҚ. «ҮЙДЕГІ ОЙЫНДАР: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН 
САҚТАЙМЫЗ» 
 
Сабақтың мақсаты: компьютерлік ойындардың зиянды әсерлерімен 
таныстыру, компьютерге тәуелділік туралы түсінік қалыптастыру. 
Сабақ барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. 
-Тақтаға мұқият қарайық! Суреттен не көріп тұрсыздар? 
- Ғаламтор не себепті қауіпті болуы мүмкін? 
- Осындай мәселе сендерде бар ма? 
- Сондықтан бүгін сіздермен компьютерлік ойындарға тәуелді болу мәселесі 
туралы сөйлесеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет