240
№ 4 САБАҚ. «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛАЙ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК?»
Сабақтың мақсаты: қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беру, оны қамтамасыз ету
жолдарымен таныстыру.
Негізгі міндеттері:
1) жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын талқылау;
2) жұмыскердің құқы мен міндеттері туралы еңбек кодексіне тоқталу;
3) еңбек қауіпсіздігі тұрғысында жұмыскерге жүктелген талаппен таныстыру.
Материалдар мен ресурстар:
Еңбек кодексі.
Инфографика жасауға арналған ватмандар, маркерлер, суреттер.
Сабақтың барысы
1.
Кіріспе (2 мин)
Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және
«Қауіпсіз еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық
еңбек ұйымы еңбекті
қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогті, қызметкерлердің осал
санаттарын әлеуметтік
қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын
қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау
кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді,
оның тұрақты даму
стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді.
2.
Негізгі бөлім (6 мин):
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар
кешенімен
қамтамасыз етілген,
жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі.
Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ)
жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
➢ қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;
➢
технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын
жетілдіру.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-
техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық,
емдеу-профилактикалық, оңалту
және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде
жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек шартын жасасқан кезде жұмыскер өз еңбек
функциясын қандай еңбек
жағдайында атқаратыны және бұл жұмыс оның денсаулығына, өміріне қандай зиян
тигізетіні туралы толық мәлімет алып, жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарына
қатысты жүргізілген аттестация қорытындысымен толық танысуға құқылы.
Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан кезде екі тарап та өзара
келісу негізіндегі әдісті қолдана алады. Жұмыс беруші нақты
өз талаптарына сәйкес
келетін жұмыскерді қабылдауға құқылы, ал жұмыскер көрсеткен қызметі үшін өзіне
тиімді еңбекақы төлеуді талап етуге құқылы. Жұмыскердің құқықтары мен
міндеттері Еңбек кодексінің 22-бабында ескерілген. Еңбек қатынастарына түскен әр
адам осы заңды мұқият оқып шықса, өзіне жақсы.
241
3.
Қорытынды. Сабақты қорытындылау, еңбек
тақырыбына мақал- мәтелдер
айту:
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=OhIfjkuMghn-2-vr
https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=H4966mKInWa91l_R