«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет183/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Рольдік ойын: «Адал болу!».
Қатысушылар серіктес болып бірге атқарады. 
Сұрақ-жауап: 
- «Қылмысқа қатысу» деген сөзді қалай түсінесіз? 
- Қылмысқа сыбайластар қандай жауапкершілікке тартылады? 
- «Жазалау» дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Өзіңізге белгілі жаза түрлерін атаңыз. 
- Жазаның бір түрін толығырақ түсіндіріңіз. 
3.Қорытынды
Пайдалы сілтеме: 
https://youtu.be/NHWYVHBHch4?si=eO08802OqPxTp3wt
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


244 
№ 6 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»
 
 
Сабақтың мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. 
Негізгі міндеттері: 
1) төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру; 
2) «жеті жұт» деген ұғыммен танысу; 
3) төтенше жағдайларда әрекет ете білу ережелерімен таныстыру. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 мин) 
Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен 
су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды деген мақалдар осы төрт құдіретті 
қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар», – деп ақын 
Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның 
арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғышарт.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар 
тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен. 
Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Бұл – оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел 
екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған 
байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не? Құрғақшылық (қуаңшылық), Жұт 
(мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топан су, Зілзала (жер сілкінісі). 
2. Негізгі бөлім (6 мин) 
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше 
жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да 
жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер 
бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, жан сақтап қалуға мүмкіндік жасау 
керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. 
(Интерактивті тақтадан «Төтенше жағдай» атты презентация көрсету) 
Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» постерін қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар 
туралы ойларын жеткізеді. 
- Төтенше жағдай дегеніміз не? 
- Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары? 
- Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек? 
3.Қорытынды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет