- …
- Танымайтын адамның барлық сұрақтарына «Жоқ» деп жауап беріңіздер.
«Ата-анаң үйде ме» деген сұраққа «Үйде,
бірақ олардың қолдары бос емес,
телефонға жауап бере алмайды» деп жауап қайтарыңыз.
2-ереже. Сен көшеде ойнап жүргенде күтпеген
жерден бейтаныс адам
машинасына мінгізіп аралатып келуді ұсынды. Сен қалай жауап бересің?
(Еш уақытта келіспеймін. Бейтаныс адамның көлігіне мінуге болмайды).
- Жарайсыздар. Өте дұрыс жауап бердіңіздер.
3-ереже. Сабақтан соң мектептен шығасың. Саған бейтаныс кісі келіп
анаңның досымын дейді. Анаңның телефон қуаттағышы отырып қалғанын, сені
мектептен алып кетуімді
өтінді деп, жылы лебізін білдіреді. Сен не істер едің?
- Күмәнді адаммен кездесіп қалсаң, не істеу керек?
- Құпия сөз деген не?
- Ата- аналарыңмен бірге бір сөз ойлап табыңыздар – ол сөзді тек сендер,
яғни ата-анаң мен өзің ғана білулерің керек. Қауіп төнгенде бұл сөз сіздің
өміріңізді
сақтап қалуы, жағымсыз байланыстан құтқаруы мүмкін. Міндетті түрде
бір сөзден емес, тұтас сөйлем болса да жақсы.
- Сіз қонаққа бардыңыз. Сізге қауіпті жағдай төніп тұр. Бұл жағдайда
анаңыз алып кетуі үшін құпия сөз жазасыз немесе айтасыз. Құпия сөз смайл
түрінде болуы да мүмкін. Анаңыз түсініп, сізді алып кете қояды.
4-ереже. Еш уақытта бейтаныс адамның көлігіне отырма, барайық деген
жеріне барушы болма, бейтаныс адамды өзіңе 2 метрден жақын жолатпа, егер ол
жақындайтын болса, айғайлап, көмекке шақыр, құпия сөзді айтуын сұра.
Білімді тексеру.
-
Ребусты шешіп, бүгінгі сабаққа қатысты тірек сөзді табыңыздар. Біздің
тақырыбымызға сәйкестігін дәлелдеңіздер.
» » » »
»»»»
(Құпия сөз)
Достарыңызбен бөлісу: