№ 2 САБАҚ. «МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: мектептегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
1. Күнделікті өмір мектепте балаларды қандай қауіптер күтіп тұрғанын айтыңыз.
2. Қауіпті және қауіпсіз жағдайларды талқылау.
3. Жағдаяттарды жылдам басқаруға және ұтымды шешім қабылдауға үйрету.
Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, тәртіп ережелері
жазылған үлестірмелі материалдар, проектор, компьютер.
Сабақ барысы
1. Кіріспе (2 минут)
Сәлемдесу.
Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айтады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Негізгі бөлім (6 минут)
Мектептегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін түсіндіру:
«Оқушыларға арналған ішкі ережелер» туралы айтып беріңіз.
Неліктен мінез-құлық ережелерін сақтау керек?
3. Жағдайларды талдау.
1. Асханадағы өзін-өзі ұстау.
2. Үзіліс кезіндегі мінез-құлық.
3. Дене шынықтыру сабағында өзін-өзі ұстау. Оқушылар мінез-құлық
ережесі жайлы өз ойларын білдіреді.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
101
Полиция
102
Жедел жәрдем
103
Төтенше газ қызметі
104, 112
Бірыңғай құтқару қызметі
112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен байланыста.
Достарыңызбен бөлісу: