Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

Денсаулық көзі – дұрыс тамақтана білу. Қазақ «ауру астан» деген қағиданы 

күнделікті  тіршілігінде  ұстана  білген.  Халықтың  даналығы  сонда,  тамақтың 

биологиялық құрамына да анықтама беріп отырған. 

Тіршілік – дегеніміз ақуыздардың өмір сүруі, егер ас қорытатын денеге сіңу 

процесі  өзімізді  қоршап  тұрған  табиғатпен  қоян-қолтық  қатынасы  болмаса 

ақуыздар өледі, тіршілік тоқтатылады. Адам ағзасы тек қана ағзадан құралады. 

Ақуызды  ауыстыруға  да  болмайды.  Ал  май,  көмірсулар  бірін-бірі 

алмастыра,  ауыстыра  алады.  Ақуыздың  тамақ  құрамында  болмауы,  не  аз 

мөлшерде  болуы  жүректің,  мидың  жұмысына  кері  әсер  етіп,  ағзаның  жүйке 

тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң 

әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін 

қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды. Құрамында 

аминқышқылы  көп  тамақтарға  ет,  балық,  құс,  сыр,  бұршақ  және  басқалар 

жатады. Бұлардың құрамында 16-25 % ақуыз бар. Жұмыртқа, ірімшік, бидай , 

гречка, макарондарда 8-15 % ақуыз бар. Сүт, айран, қатықта 3-5 % ақуыз бар. 

Көкөніс, жеміс-жидекте 0,5-2,5 % ақуыз бар. 

100  г  көмірсу  275  килокалория  қуат  берсе,  май  866  кк  береді.  Майдың 

құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар. Біреуіне майсыз тамақ беріп, екіншісін 

дұрыс тамақтандыру арқылы екі итке тәжірибе жасалған. Сонда майсыз тамақ 

жеген ит тез өлген және оның денесінде фосфорлы заттар азайып, орталық жүйке 

жүйесі нашарлағаны анықталады. Өсімдік майлары құрамында май  қышқылы 

көп болады. 

Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, мида, бауырда, жүректе, ішектің 

қабырғаларында кездеседі.  Осы мүшелердің  жақсы жұмыс  істеуіне әсер  етіп, 

әсіресе,  жүйке  жүйесінің  жұмысын  реттеп,  артерия  қан  тамырларының 

қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестиринді тазалайды. 

Көмірсулар – адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға 

полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, 

ішектерде  қорытылып,  глюкоза  қанға  қосылады.  Көмірсуларға  бай  –  дән, 

картофель, жеміс-жидектер т.б. жатады. 

Жемістерде  адам  өміріне  қажетті  С,  Р,  Е  дәрумендері  бар.  В,  С  топты 

дәрумендерімен бірге жеміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий, мыс, 

марганец, цинк, йод сияқты заттар барады. 

Денсаулық қалыпты болсын десеңіз, күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған 

тамақ ішу қажет. Грузия және Абхаз халықтарының жетістіктері – тамақты көп 

ішпей әр түрлі тамақтарды пайдаланып, етті аз мөлшерде қолданады. Өсімдік, 

жеміс-жидекті көбірек пайдалану арқылы жүзден астам жасаған адамдар өте көп. 

Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруына да шалдықтырады. АҚШ-та ерлер 

28 есе, әйелдер 7 есе ғана ауырады екен. Үндістанда барлығы 1,2 % екен. Рак 

ауруы тазалыққа да, астың дәмді, таза болуына да байланысты. Мысалы, суық 

жақта тұратын Якутия, Карелия АР-ында денені жылыту үшін ыстық тамақ, шай 

ішеді.  Соның  әсерінен  рак  ауруы  13-18  %  екен.  Ал  Прибалтика 

республикаларында 2,5 %, ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең 

тараған. 

Б.Төтенай ұсынып отырған  тұжырымдаманың негізгі қағидалары  бүгінгі 

өмір  салтынан  туындайды.  Адам  баласының  салауатты  өмір  сүруі  оның 

қоршаған  орта  мен  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларымен  ғана  шектеліп 

22 



қоймайды. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адам 

өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпау 

үшін дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануы керек [26]. 

Республика  халқының  денсаулығы  –  ең  жоғары  ұлттық  құндылық  және 

ұлттың  пайда  болуы  ең  алдымен  бала  денсаулығынан  басталуы  тиіс.  Бала 

денсаулығын зерттеу мәселесі қазіргі кезде айрықша өзектілікке ие. 

Бала  денін  сауықтыру  үшін  дәрігерлер,  педагог,  психолог,  валеолог, 

әлеуметтік  педагогтар мен басқа да мамандар бірігіп қызмет атқаруы керек. 

Өскелең ұрпақтың денсаулығы бұл – тек әлеуметтік мәселе емес, сонымен 

қатар адамгершілік тәрбие болып табылады. Бала өзі ғана дені сау болып қана 

қоймай, болашақта дені сау бала тәрбиелей алатын болуы тиіс. Оқушыларды өз 

денсаулығын сақтауға жұмылдыру ең алдымен әлеуметтену процесі – тәрбиелеу 

болып  тұр.  Бұл  балалық  шақтан  бүкіл  өміріне  қалыптасатын  рухани 

жайлылықтың жоғары деңгейін сезінуі тиіс. Рухани жайлылықты қалыптастыру 

үшін  адам  ағзасының  қалыптасу  заңдарын,  әлеуметтік  факторлармен  өзара 

әрекеттесуін білуі  негізгі шарт. 

Жалпы  саламатты  өмір  салты  мәселелерін  педагогика  заңдылықтарымен 

ұштастырып  отырып  зерттеген  О.С.Салимбаев,  Ж.Оңалбек,  Б.А.Тойлыбаев, 

Ж.Асанов,  Л.Байсерке,  Ш.Арзымтетова,  Б.Мұхамеджанов  т.б.  ғылыми 

еңбектерін тұлғаны қалыптастырудағы оқу мен тәрбиенің сабақтастығы мәселесі 

тұрғысында атап өтуге болады. 

Дене  тәрбиесі,  спорттық  жаттығулар,  сауықтыру  және  бейімдеу  дене 

тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  мәселелері  туралы  Қазақстанның  бірқатар 

ғалымдарының Ә.Ж.Тастанов, Б.А.Жолдасбекова , Ж.Л.Садықова, Е.Қ. Уаңбаев, 

Т.А.Данияров, М.Т.Стамқұлов, А.З.Әліпбек, М.З.Есқалиев т.б. жүргізген зерттеу 

жұмыстарын атап өтуге болады. 

Ә.Ж.Тастановтың «Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін тәрбиелеу 

процесінің педагогикалық негізі» атты еңбегінде ұлттық қимыл-қозғалыс және 

спорт ойындарының  өскелең  ұрпақты  қалыптастырудағы  тәрбиелік  қызметін 

атқару туралы  сұрақтарға  арналған. Себебі  қазақтың  ұлттық  қимыл-қозғалыс 

және спорт ойындары ғалымдардың ойынша, халықтық педагогиканың бірден-

бір құралы бола отырып, оқушыардың жігерлік қасиеті мықты, іскерлігі жоғары, 

дене  күші  ақылына,  ақылы  дене  күшіне  сай  адамгершілік  қасиеттерін 

тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. 

Ғалымдардың  пікірінше,  жастардың  қажетті  білімді  және  қозғалыс 

дағдыларын  игеруі,  күнделікті  өмірде  оларды  қолдана  білуі,  сонымен  қатар 

дененің қимыл қабілетінің жоғары деңгейін өз бетінше қолдана білуі ең негізгі 

міндет деп саналады. 

Б.А.Жолдасбекованың  «Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын 

денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру» еңбегінде  салауатты 

өмір салтын оқушылар бойында дамыту, тәрбиелеу мәселесін зерттеу алдымен 

тарихи, педагогикалық тұрғыдан талдауды талап етеді.  

Адамның  денсаулығы  –  бұл  жалпы  адамзаттық  және  жеке    болмыстың 

күрделі феномені деп саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, 

әлеуметтік  және  жеке  тәртіптің  көптеген  күрделі  факторының,  кейде 

философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады екен. 

23 



«Саламатты өмір салты» сонау замандардағы Гипократтың трактаттарында 

бірқатар  денсаулық  сақтау  іс-шаралары  ретінде  философиялық  ой-санасы 

құрылымының  жалғасы  ретінде  мазмұндалады.  Трактат  денсаулық  және 

саламатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық 

философтардың еңбектерінен балаларды саламатты өмір салтына тәрбиелеудегі 

теңдессіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады. 

Көне Грекияда алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты 

ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері 

арқылы саламатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни «өз-өзін білетін 

тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді», деп ол адамның 

сана-сезімі  арқылы  өзін-өзі  танып  білуін,  іс-әрекеттенуін  мазмұнды  түрде 

көрсетті,  Платон  салауатты  өмір  салтын  тәрбиелеу  ерте  кезеңнен  бастау 

қажеттігін атап көсетті, себебі «кез-келген істегі ең бастысы – оның ерекшелене 

бастауы». 

Аристотель  «Этика,  саясат,  поэтика»  деп  аталатын  еңбегінде  адамның 

жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе 

ретінде  ашып  көрсетеді.  Оның  айтуынша,  тәрбиені  «денеге  қамқорлықтан» 

бастап, сонан соң, «рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі, 

рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты өмір 

салтының  тәрбиесін  адамның  белсенді  өмір  салтымен,  шынығумен, 

жаттығулармен байланыстырады. Демек, ерте кезде де салауатты өмір салтына 

тәрбилеудегі  дене  жаттығу  мәселесі  қарастырылған.  Осы  кезеңде  «өзі-өзіңді 

тани  біл»,  «өзіңе  қамқорлық  жаса»  деп  аталатын  алғашқы  тұжырымдамалар 

шыға бастады. 

Ж.Л.Садықованың «Оқушы жастардың дене тәрбиесі мен дене шынықтыру 

білімін  қалыптастыру»  еңбегінде  дене  тәрбиесінің  қазіргі  жүйесінің  басым 

бағыты адам денсаулығын жетілдіруге кешенді тұрғыдан келу болып табылады. 

Дүние жүзінің мамандары балалар мен жастар денсаулығының төмендеуі, өсіп 

келе жатқан организмнің талабына оның сәйкес келмеуі деп есептейді. 

Екінші негізгі себеп адам психикасына ақпараттық артық жүктеменің түсуі 

болып  отыр.  Осы  екі  себептен,  тамақтану  мен  экологиялық  жағдайдың 

нашарлануы  организмнің  әлсіреуіне,  реттейтін  жүйелердің  тепе-теңдігінің 

бұзылуына, қорғаныс күштерінің төмендеуіне әкеп соғады. 

Оқушылардың  дене  және  адамгершілік  қасиеттерін  тәрбиелеуде  негізгі 

әдістердің бірі ойын болып табылады.  Әсіресе, соның ішінде, спорттық  және 

ұлттық  қимыл-қозғалыс  ойындарының  маңызы  жоғары.  Бұл  ойындардың 

мақсаты қазіргі таңда адамдарға жан-жақты үйлесімді тәрбие беру.  

Эксперименттік  зертеулер  көрсеткендей,  спорт  және  ұлттық  қимыл-

қозғалыс ойындары,  қимыл  қабілеттеріне, керекті  қозғалыстың  түрлеріне  өте 

көп. Олар жүгіру, секіру, қағып алу, лақтыру, жүк тасымалдау, өрмелеу, сонымен 

бірге жаттығушылардың ағзасына жан-жақты әсер етеді және әр саланың еңбек 

өкілдері  үшін  қажетті,  әрі  маңызды  факторы  –  адам  денсаулығының  негізін 

құрайды.  Себебі  ойын  барысында  ойнаушылардың  әртүрлі  зерделілікті,  дене 

және ақыл-ой қызметтерін талап ететін түрлі ойламаған жағдайлар туындайды. 

Ылғи ауысып отыратын қозғалыс-қимылдары жаңа дағдылар мен икемділіктің 

қозғалыс үйлесімін жетілдіруге әсер береді. Сол уақытта ойынның мазмұнына 

24 



қарай  сол  немесе  басқа  дене  және  психологиялық  қасиеттерінің  дамуының  

сипаты да өзгереді. 

 

Сондықтан да қазіргі кезде оқушылармен жұмыс жасауда өскелең ұрпақты 



ғасырлар бойы қалыптасқан спорттық және ұлттық қозғалыс ойындары арқылы 

тәрбиелеудің бай тәжірибелері қолданылады. 

Е.Қ.  Уаңбаевтың    «Нарық  экономикасы  жағдайында  ауылдық  жерлерде 

спорт, көпшілік спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстарын жетілдіру» 

еңбегінде ауылдық жерлердегі сауықтыру дене тәрбиесі, спорт, көпшілік спорт 

жұмыстарын жоғарылатудың тиімді жолдары қарастырылған. 

Т.А.Данияров,  «Ауыл  мектептері  оқушыларының  салауатты  өмір  сүру 

дағдысын  сыныптан  тыс  жұмыстарда  инновациялық  технологиялар  арқылы 

қалыптастыру» еңбегінде  елімізде адамдардың орташа өмір сүру жасы әлемдегі 

көптеген  елдерден  артта  екенін,  халық  санының  қырық  пайыздайы  ауылды 

жерлерде  тұратынын  ескерсек  бұл  мәселені  дер  кезінде  шешу  ауылдық 

мектептерден  бастау  алуы  керек  егендігін  атап  өтуге  болады.  Ауылды 

мектептерде  оқушылардың  салауатты  өмір  сүру  дағдысын  мақсатты  түрде 

қалыптастыру, бұл оқушылардың денсаулығын қорғау мен нығайту, организмді 

шыңдау, оқушылардың өздерінің денсаулығын жақсарту мен нығайтуға деген 

жауапкершілігін  арттыру  сияқты  міндеттерін  ұғындыру  мәселелерінің  шешуін 

табуды қажет етеді. 

М.Т.Стамқұловтың    «Дене  тәрбиесі  мен  спорт  мамандарын  дайындауда 

жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі» еңбегінде дене тәрбиесі мен спорт әрбір 

жеке адамда мораль мен сенім жөніндегі түсінікті баянды ете, мінез-құлықтың 

жеке ерекшеліктерін  дамыта, әлеуметтендіру қызметін атқарады. 

Адамның жасқа байланысты дамуының барлық кезеңдерінде  Қазақстанда 

қазіргі кезде үстем болып отырған классикалық жүйеден едәуір ерекшеленетін, 

білім берудің жаңа жүйесіне негізделген. 

Қазіргі  кезеңде  жеке  адамды  әлеуметтендіру  үйренушілерде  дене 

шынықтырумен  ұдайы 

жүйелі  шұғылдануға 

саналы 


қажеттілікті 

қалыптастыруды және оларда саламатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ісінде 

оқу-тәрбие барысын қайта құруды бұлтартпай талап етуде. Әлеуметтік құбылыс 

есебіндегі  дене  шынықтыру  жүйесін  алдағы  уақытта  әрі  қарай  жетілдіру 

негізінде  оқу-тәрбие  барысын  жеделдету,  жеке  және  іскерлік  тұрғыдан  келу, 

дамыту мақсат-мұраттары болуы керек. Денені тұрақты жетілдіру мен салауатты 

өмір салтындағы белсенді іскерлік пен қажеттілікті өзіне біріктіретін, адамның 

дене  тәрбиесін  қалыптастыру  өзекті  мәселе.  Дене  тәрбиесі    -  ЖОО-ның  

бітірушілердің  алдына  қойылған  әлеуметтік  тапсырыстағы  тұжырымдалған 

басты міндеттердің бірі, сондықтан оны белсенді және саламатты өмір салтының 

қағидаларын орнықтыру, оларды дене шынықтыру құралдары арқылы іс жүзіне 

жүзеге асыру керек. 

А.З.Әліпбектің      «Жеткіншектердің  салауатты  өмір  салтын  эстетикалық 

құндылықтар  негізінде  қалыптастыру»  еңбегінде  психология  ғылым  – 

салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін, зерттесе,  философия 

ғылым  –  өмір  сүру  дүниетанымын,  медицина  ғылым  –  денсаулықты  сақтау, 

валеология ғылымы – салауатты өмір сүру салтты қалыртастыруды зерттейді. 

Тұңғыш  рет  «салауаттылық»  деген  ұғымды  психолог  И.И.Брехман  енгізді. 

Психолог И.И.Брехман «Салауатты өмір салты – мінез-құлық пен дағдыны ретке 

25 



келтіріп,  өзін-өзі  түсіне  білу»  -  дейді.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет