«Саламатты» сөзінің мәні – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және
сабырлы – деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте:
«салауатты» (здравствуй) – сәлеметтік, амандық, саламаттылық мағынаны
білдіреді.
Әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков «Өмір салты субъектінің әлеуметтік
ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалық
жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру деңгейлері көрінеді»- деп атап көрсетеді. Ал, ғалым
И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс
игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға
қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол:
«адамның саламатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру
құндылығына байланысты» - деп атап көрсетеді.
А.Н.Леонтьев: «саламатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін,
қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-әрекеті мен әрекетінде қолданылса,
дағдыға айналары сөзсіз» - деп қарастырады.
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа алып, өз
анықтамамызды бердік:
«Саламатты өмір салты» дегеніміз – жеке адамның жақсы өмір сүруіне
және денсаулығына қажетті, яғни жан мен тән үйлесімділігін сақтап, оны
дамытуға бағытталған іс-әрекет.
М.З.Есқалиевтің «Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы
оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру» еңбегінде
оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы
заңдылықтарына бағытталған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене
тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы
заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа
алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен
белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке
даралық.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген
түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді
үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы
меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде
пайдаланылады.
Спорттық ойындар - өте эмоционалды әрекеттілік, сондықтан, бұл
жастармен және балалармен тәрбие жұмысында өте қажет. Балалар мен
жасөспірімдерде арасында спорттық ойындар кең тараған. Спорттық
ойындардың мінездік ерекшелігі - бұл ойын мазмұнында әрекеттердің көрнекті
рөлі.
26
|