Жеке тұЛҒаны спорт ойындары арқылы саламатты өмір салтына


  СПОРТ ПЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451185
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Alimbekova Zheke tulga

3. 

СПОРТ ПЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ  

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ 

 

Қазіргі  заманда  өмір  сүретін  адамдар,  өздерін  еңбек  етуді  жеңілдететін 



толып жатқан құралдармен қамсыздандырып, өнімсіз қол еңбегінің үлесін азайта 

отырып,  ағзаның  ауруға  қарсыласуын  кемітіп,  жаңа  науқастардың  пайда 

болуына себепкер, адам ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін төмендетуге әкеп 

соқтыратын құбылысқа тап болды. 

Қара жұмыс  пен  бұлшық  еттің  белсенді әрекет  етуі,  ағзаның  дамуы  мен 

өміршеңдік  қызметтерін,  оның  ішінде  жүйке  жүйесін  де  қалпына  келтіре 

алатыны ертеден белгілі. Қимыл-қозғалыс белсенділігін шектеу ағзаның дамуын 

жойып жіберуге дейін апаруы мүмкін. Осыны түсінгендіктен болар, бүкіл әлем 

соңғы  уақытта  дене  шынықтыру  мен  спортқа  басты  назар  аудара  бастады. 

Осындай назар аудару дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы жүруде. 

Қоғамдық  шаралар  мен  жеке  адамның  гигиенаны  денсаулықты  нығайту 

және  денені  жетілдірудегі  қабілеттілікті  дамыту  үшін,  дене  жаттығуларды 

табиғи  факторлармен  біріктіре  қолдану  «дене  шынықтыру»  термині  ретінде 

түсіндіріледі. 

Дене  шынықтыру  –  ағзаның  дене  жағынан  қалыптасудың  қасиеттері 

сапасының дамуына бағытталса, ал спорт спорттың жеке түрі бойынша жоғары 

нәтижеге жетуге қажетті қасиеттерді баса дамытуға бағытталған. 

Осындай  қарама-қайшылыққа  қарамастан  –  спорт  дене  шынықтыруда 

балалар, жасөспірімдер және жастар өміріне енгізетін жүйенің ең маңызды бөлігі 

болып табылады. Бала дене шынықтырумен ерте жасынан отбасында, балаларға 

арналған  мектеп  жасына  дейінгі  ұйымдарда,  оқу  орындарында  және 

ұйымдастырылған ұжымдарда шұғылдануы тиісті. 

Белсенді  қозғалудың  арнайы,  күрделірек  түрлері,  дене  жаттығуларын 

орындау  мен  оқып-үйренуде,  дене  шынықтыруда  негізгі  құрал  болып 

табылады.Әдетте  дене  шынықтыру  тұрғысынан  тәрбиелеу  барысында, 

гимнастика элементтері болып саналатын дене-күш жаттығулар, сонымен қатар 

спорттың әр түрі спорттық ойындар, жаттығулар, бой сергіту, шынықтыру мен 

туризмде қолданылады. 

Дене  шынықтыру  барысында,  бұлшық  етке  әр  түрлі  мөлшерде,  түрлі 

жүктемелерді орындау нәтижесінде,  дене-күш мүмкіншіліктері үйлесімді  даму 

мүмкіндігіне, қозғалу дағдысын жетілдіріп және қалыптастыруға, денсаулықты 

нығайтып, жүйке жүйесінің қызметтерін жетілдіруге қол жеткізіледі. 

Айтылған жайларға орай, дене шынықтыру сауықтыру құралы ретінде кең 

таралғаны  өз-өзінен  түсінікті.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  науқастан 

жазылғаннан  кейін,  денсаулықты  қалпына  келтіру  үшін  дене  шынықытыру 

кеңінен қолданылады, әсіресе оны гиподинамияға (қозғалысты шектеуге) қарсы 

қолдану маңызды рөл атқарады. 

Дене  жаттығуларымен  бірқалыпты,  орташа  деңгейде  айналысатын 

адамадардың иммундық күйі жоғары екендігі, сирек ауыратыны, ал сырқатынан 

тез айығатыны белгілі. 

27 



Спортпен айналысу денсаулықтың мықты болып, жұмыс істеу қабілетінің 

ұзақ уақытқа созылуына ықпал етеді. Дегенмен спорттың әр түрімен  айналысу, 

олардың ерекшеліктеріне  байланысты,  бұлшық еттердің  жекелеген  топтарына 

немесе ағзаға әсер ететінін есте сақтаған жөн.  

Сайып келгенде, дене шынықтыру мен спортпен айналысу адам ағзасының 

түрлі жүйелерінің жоғарғы қызметтік деңгейін қалыптастырады және олардың 

күйлерінің өзгеру дәрежесі мен қарқынына айрықша әсерін тигізеді.  

Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет алдында тұрған ең басты міндеттердің 

бірі. Қоршаған орта мен пайдаланылатын заттардың сапасын жақсатру, бұрын 

жазылмайтын  аурулар  түрін  емдеу  арқылы  қаза  болушылар  санын  азайту, 

денсаулық саласының дамуы мен әлеуметтік бағдарламаларды жетілдіру, адам 

өмірін ұзартуға мүмкіндік берді. 

Алайда  денсаулық  саласының  «аурудан  денсаулыққа»  бағытталған 

қарқынды  жұмыстары,  өмір  сүру  мен  еңбек  етудің  қоңыр-жай  жағдайын 

жасағанмен, кәсіби тұрғыда ұзақ өмір сүруді, еңбек ету қабілеттілігін  жоғары 

деңгейде  сақтауды  қамтамасыз  етіп,  емдеу  жұмыстарын  айтарлықтай  тиімді 

түрде жүргізуге мүмкіндік бермейді. 

Ағзаның  бейімделу  мүмкіндіктерін  ұзартып,  денсаулықты  сақтап,  жеке 

тұлғаны өнімді еңбек етуге, қоғамдық қызметпен айналысуға дайындаудың ең 

басты, сенімді жолы дене шынықытру мен спортпен айналысу болып табылады. 

Дене  шынықтыру  жалпы  мәдениеттің  өзіндік  бір  ерекше  бөлігі,  оның 

құрамында жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру үшін, адамды дене 

жағынан  дамытуды  жетілдіру  бағытын  қамтамасыз  ететін  құралдарды, 

тәсілдерді  және  жағдайларды  жасау,  оларды  тиімді  пайдалану  сияқты  адами 

тіршілік  әрекеттерінің әртүрлі жақтары кіреді. 

Дене  шынықтыруға  даярлық,  мықты  денсаулық,  жүйке  жүйесінің 

тұрақтылығы,  жоғарғы  деңгейлі  дене  шынықтыруға  дайындық  пен  еңбекке 

қабілеттілік, жоғарғы деңгейлі жұмыс істеу қабілеттілігі, қозғалыс жүйесі жайлы 

арнаулы  мәліметтерді  білу,  машықтану  және  арнайы  білім,  осының  барлығы 

дене шынықтырудың басты құндылықтары болып табылады. 

Дене жаттығулары адамның  қозғалу әрекетімен  тікелей байланысты  дене 

шынықтырудың  негізгі  құралы  болып  саналады.  Дене  жаттығуларының 

көмегімен ағзаның күш-қуат күйін өзгертуге биологиялық әсер етіледі. 

Қозғалу белсенділігі үдей түскен кезде, оларды орындау физиологиялық, 

биохимиялық,  психикалық  сияқты  түрлі  процестердің  белсенділігін 

ынталандырады, осындай әсерден ағзаның жүйелері толығымен тиімді қызмет 

атқарады.  Дене  жаттығуларымен  жүйелі  түрде  айналысу  ағзаның  барлық 

жүйелерінің  әрекеттерін  жетілдіріп,  жалпы  биологиялық  заңдарға  сәйкес  ағза 

жұмысын қайта құрылуын қалыптастырады. 

Қазіргі  қоғамда  дене  шынықтыру  мен  спорттың  ұлы  рөлін  жоққа 

шығаратын  сауатты  адамды  табуымыз  екіталай.  Жас  ерекшеліктеріне 

қарамастан миллиондаған адам спорттық клубтарға барып, дене шынықтырумен 

айналысады.  Олардың  көпшілігі  спорттық  жетістіктерге  жетуді  басты 

мақсатымыз  деп  санамайды.  Дене  жаттығулары  «ұзақ  өмір  сүру  мен 

интеллектуалдық сала мүмкіндіктерін игеруге апаратын құралға, белсенді өмір 

28 



сүрудің  катализаторына  айналуда».  Техникалық  прогресс,  адамдарды  жан 

шаршататын ауыр қол жұмысынан босатқанымен, оларды дене шынықтыруға 

даярлық жасау және кәсіби әрекетпен айналысу қажеттілігінен босатқан жоқ, тек 

ондай дайындықтың мақсатын өзгертті. 

Бүгінгі  күндері  асыра  күшті  қажет  ететін  қара  жұмыстың  орнын,  дәл 

есептеліп және тура үйлестірілген бұлшық ет күшін қажет ететін еңбек түрлері 

басуда.  Кейбір  кәсіп  түрлері  адамның  психологиялық  талдағыштардың 

мүмкіндіктері мен басқа да физикалық қабілеттеріне жоғарғы деңгейдегі талап 

қоюға  мәжбүрлейді.  Әсіресе  техникалық  кәсіп  өкілдерінің  жалпы  дене 

шынықтыруға  дайындықтарының  жоғарғы  деңгейде  болуы  талап  етіледі. 

Жұмысқа  деген  жалпы  қабілеттіліктің  жоғарғы  деңгейде  болуы,  кәсіби,  дене 

сапалары  жағынан  қалыптасудың  қасиеттердің  үйлесімді  дамуы,  ең  басты 

талаптардың бірі болып қалуда. 

Дене шынықтырудың сауықтыру және аурулардан сақтандыру тиімділігі зат 

алмасуының  белсенділігімен,  тірек-қимыл  аппараты  қызметінің  күшеюімен, 

дене-күш белсенділігінің жоғарылауымен тікелей байланысты. Р.Могденовичтің 

моторлы-висцералдық (ішкі қоғалыс) рефлекс туралы ілімі қозғалыс аппараты 

әрекетінің,  қаңқа  бұлшық  еттерінің  және  вегетативтік  мүшелердің  өзара 

байланысты екенін көрсетеді. 

Белсенді қозғалыс жеткіліксіздігінің нәтижесінде, табиғаттың өзгеріп, ауыр 

еңбек процесімен нығайған адам ағзасындағы жүйке-рефлекторлық байланыстар 

бұзылады, соның салдарынан жүрек-қан тамырлары мен басқа да жүйелерідің 

әрекеттерін реттеу бұзылып, зат  алмасуының бұзылуына және  дегенеративтік 

(азғындық) сырқаттардың (атеросклероз және т.б.) дамуына әкеп  соқтырады. 

Адам  ағзасы  қалыпты  жұмыс  істеп,  денсаулығын  сақтау  үшін  белсенді 

қозғалыстың тиісті «мөлшері» қажет. 

Бұлшық ет орындаған жұмыс көлемін өлшеу үшін, соған тең келетін қуат 

шығыны  мөлшерін  алған  дұрыс.  Ағза  қалыпты  деңгейде  тіршілік  етуі  үшін 

қажетті  тәуліктік  қуат  шығынының  төменгі  мөлшері  12-16  МДж  (адамның 

жынысына, жасына, салмағына байланысты) немесе ол 2880-3840 ккал-ға тең. 

Оның ішінде 5,0-9,0 МДж (1200-1900 ккал) бұлшық ет қызметіне жұмсалуға тиіс; 

қуат  шығынының  қалған  бөлігі  зат  алмасу  процестерін,  тыныс  алу  мен  қан 

айналымының  қалыпты  болуын,  ағзаның  тыныштық  күйде  тіршілік  етуін 

қолдауды және т.б. (негізгі қуат алмасу) қамтамасыз етеді. 

Соңғы жүз  жылда экономикасы қарыштап дамыған елдерде адамдардың 

бұлшық етін қолданатын жұмыстардың үлес салмағы 200 есеге дейін, бұлшық ет 

әрекетіне (жұмыстық алмасу қуаты) жұмсалатын қуат шығыны орташа есеппен 

3,5 МДж дейін азайды. Осыған байланысты ағзаның қалыпты жағдайда тіршілік 

етуіне қажетті  қуат шығынының  жеткіліксіздігі  тәулігіне 2,0-3,0  МДж  (500-750 

ккал) құрайды. 

Заманауи  өндірісіндегі  еңбек  өнімділігіне  жұмсалатын  қуат  шығыны 

минутына 2-3 ккал-дан аспайды, ол сауықтыру және аурулардан сақтандыруда 

тиімділікті  қамтамасыз  ететін  ең  төменгі  мөлшерден  (7,5  ккал/мин)  3  есе  аз. 

Осыған  орай  еңбек  ету  процесінде  қазіргі  заманның  адамы,  жеткіліксіз  қуат 

шығынын толықтыру үшін  қуат шығыны  тәулігіне 350-500  ккал-дан кем  емес 

29 



мөлшердегі  дене  жаттығуларды  орындауға  тиіс  (немесе  аптасына  2000-3000 

ккал).  Беккердің  мәліметтері  бойынша,  қазіргі  кезде  экономикасы  дамыған 

елдердегі тұрғындардың тек қана 20 %-ы ең төменгі деңгейдегі қуат шығынын 

қамтамасыз  ету  үшін  дене  жаттығуларымен  қарқынды  түрде  айналысады,  ал 

қалған 80 %-дың тәуліктік қуат шығыны денсаулығын тұрақты жағдайда ұстауға 

қажетті деңгейден әлдеқайда төмен. 

Соңғы ондаған жылда белсенді қозғалыстың күрт шектелуі, орта жастағы 

адамдардың  қызметтік  (функционалдық)  мүмкіндіктерінің  төмендеуіне  әкеп 

соқтырады. Мысалы, дені сау ер азаматтың оттегіні максималды сіңіруі (ОМС) 

мөлшері  шамамен  45-тен  36  мл/келіге  дейін  төмендеді.  Осыған  байланысты 

экономикасы  дамыған  елдердің  басым  бөлігінің  гипокинезиясы  (бұлшық  ет 

немесе жүйке ауруынан қозғалыс мөлшерінің кемуі) ауруына шалдығу қаупі арта 

түсті. Синдром немесе гипокинетикалық ауру – ағзаның толықтай немесе жеке 

жүйелерінің қоршаған ортамен қарым-қатынас әрекетінің бұзылуы нәтижесінде 

пайда болатын, кешенді дамитын функционалдық және органикалық өзгерістер 

мен аурулардың көрсеткіш жиынтығы. Аурудың пайда болуының басты себебі 

қуат  пен  пластикалық,  құрылымдық  алмасудың  (ең  алдымен,  бұлшық  ет 

жүйесінде) бұзылуы болып табылады. Адам ағзасының тектік кодында дене-күш 

жаттығулармен  қарқынды  түрде  айналысу  әрекеттері,  ағзаны  түрлі  зиянды 

әсерлерден қорғау механизмі бар. 

Орта есеппен дене құрылысының 40 %-ын құрайтын қаңқа бұлшық еттерін 

(ер адамдарда) генетикалық тұрғыдан ауыр физикалық жұмыстарды  атқаруға 

табиғаттың өзі бағдарлаған. Академик В.В. Парин (1969): «Қозғалыс белсенділігі 

– 

ағзаның  зат алмасу  процестерінің  деңгейі мен  оның  тірек, бұлшық  ет,  қан-



айналу жүйесінің жағдайын анықтайтын басты факторлардың біріне жатады»,- 

деп жазады. 

Адамның  бұлшық  еті  аса  қуатты  энергия  генераторы  болып  табылады. 

Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тонусын оңтайлы жағдайда ұстау үшін олар 

қуатты  жүйке  импульстерінің  ағынын  таратады,  жүрекке  қайта  құйылатын 

веноздық қан қозғалысын жеңілдетеді («бұлшық ет насосы»), қимыл-қозғалыс 

аппараты қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті кернеулік деңгейімен қамтамасыз 

етеді. 


Н.А.  Аршавскийдің  «қаңқа  бұлшық  еттерінің  энергетикалық  ережесіне» 

сәйкес,  ағзаның  энергия  потенциалы  және  барлық  мүшелер  мен  жүйелердің 

функционалдық  жағдайы,  қаңқа  бұлшық  ет  әрекеттеріне  тікелей  байланысты. 

Тиімді  аймақ  шеңберінде  қозғалыс  белсенділігі  неғұрлым  қарқынды  болса, 

соғұрлым генетикалық  бағдарлама  толықтай орындалады  және  адам  өмірінің 

ұзақтығы, ағзаның функционалдық қорлары мен энергетикалық потенциалы өсе 

түседі. 

Дене  жаттығулардың  арнайы  жалпы  тиімділігі,  сонымен  қатар  олардың 

тәуекелдік  факторына  орташа  ықпалы  қарастырылады.  Бұлшық  ет  әрекетінің 

қарқындылығы мен ұзақтығына тікелей пропорционалды энергия шығыны, қуат 

шығынын  жетіспеушілігін  толықтыруға  мүмкіндік  беретін  жаттығудың 

жалпылай  тиімділігін  неғұрлым  толығырақ  көрсетеді.  Ағзаның  қоршаған 

ортаның қолайсыз факторларына: стрестік жағдайларға, жоғарғы және төменгі 

30 



температураға, радиацияға, жарақатқа, гипоксияға төзімділігінің жоғарылауы да 

аса маңызды фактор болып саналады. Бейарнаулы иммунитеттің жоғарылауы 

нәтижесінде ағзаның суыққа, тұмау ауруларына төзімділігі де жоғарылай түседі. 

Алайда  кәсіби  спорттағы  дайындық  деңгейінің  шыңына  жету  үшін 

қолданылатын  шектеусіз  жаттығулар,  көбінесе  теріс  нәтижеге  жеткізеді,  яғни 

имуниттеті  әлсіретіп,  суық  тигізу  салдарынан  жұқпалы  ауруға  шалдығу 

мүмкіндігін  арттырады. Осы сияқты дене шынықтыруда бұқаралық түрлерімен 

айналысу кезінде ағзаға өлшеусіз түсірілген жүктемелер де теріс нәтиже беруі 

мүмкін. 

Сауықтыру  жаттығулардың  айрықша  тиімділігі,  қан  айналу  жүйесінің 

функционалдық мүмкіндіктерінің жоғарылауымен байланысты. Ол тыныштық 

күйде  жүрек  жұмысын  үнемдейді  және  бұлшық  ет  әрекетінен  қан  айналу 

аппаратының  қордағы  мүмкіндіктерін  жоғарылатады.  Дене  жаттығулар 

тиімділігінің  ішіндегі  ең  бастысы  жүрек  қызметінің  үнемделуін  және 

миокарданың  оттегіне  деген  төмен  деңгейдегі  мұқтаждығын  туғызып, 

тыныштық  жағдайда  жүрек  соғу  жиілігін  азайтатын  жаттығулар  болып 

саналады. 

Жас  ерекшеліктеріне  қарамай,  жаттығуладың  көмегімен  аэробтық 

мүмкіндіктер мен төзімділік деңгейін, ағзаның биологиялық жасқа байланысты 

көрсеткіші мен оның өмір сүру  қабілеттілігін ұзартуға болады. Мысалы,  орта 

жастағы  жақсы  деңгейдегі  машықтанған  жеңіл  атлеттің  жүрек  соғуы  жиілігі, 

спортпен шұғылданбайтын адаммен салыстырғанда шамамен ЖСЖ минутына 

10-

нан көп. Жаяу жүріс, жүгіру (аптасына 3 сағат) сияқты дене жаттығулар, 10-



12 апта өткеннен кейін ОМС-і 10-15 % көбейтеді. 

Осыған  орай,  бұқаралық  дене  шынықтырумен  айналысудың  сауықтыру 

тиімділігі,  ең  алдымен,  ағзаның  аэробтық  мүмкіндіктерінің,  жалпы  төзімділік 

деңгейі  мен  жұмысқа  деген  дене  қабілеттілігінің  жоғарылауына  байланысты. 

Жұмысқа  деген  физикалық  қабілеттіліктің  артуы,  жүрек-қан  ауруларының 

тәуекелдік факторына қатысты: дене салмағы мен майдың үлес салмағы азайып, 

қан құрамындағы холестерин мен үшглицеридтің, ТГЛ кеміп және ЖТЛ көбейіп, 

қан қысымының төмендеп, жүрек қағысының азаюымен қоса жүреді. 

Оның  сыртында,  физикалық  жаттығулармен  тұрақты  түрде  айналысу, 

физиологиялық қызметтердің жас ұлғаюына қарай инволюциялық (кері даму) 

өзгеруін,  сонымен  қатар  әртүрлі  мүшелер  мен  жүйелердің  дегенеративтік 

(біліну) өзгерісін айтарлықтай деңгейде тежейді (оның ішінде атеросклероздың 

кері қарай дамуы мен тежелуі де кіреді). 

Осыған қатысты тірек-бұлшық ет жүйесін де есептен шығаруға болмайды. 

Дене күш жаттығуларды жасау, қозғалыс аппаратының барлық бөлігіне оң әсер 

етіп,  гиподинамия  мен  жас  ұлғаюына  қатысты  дегенеративтік  өзгерістердің 

дамуына  тосқауыл  қояды.  Сүйек  ұлпасының  минералдануы  мен  ағза 

құрамындағы кальцийдің мөлшері артып, остеопороздың дамуын тежейді. Буын 

шеміршекетері  мен  омыртқа  аралық  дискілерге  баратын  лимфаның  ағыны 

көбейеді, ол өз  кезегінде артроз бен остеохондроз үшін ең таңдаулы сақтандыру 

құрал  болып  табылады.  Осы  аталған  мәліметтердің  барлығы  адам  ағзасына 

31 



сауықтыру дене шынықтырумен айналысудың баға жетпес оң әсері бар екендігін 

көрсетеді. 

Медициналық  және    әлеуметтік  шаралар,  қоғамдық  өмірге  дене 

шынықтыруды  кеңінен  енгізбей  тұрып,  халықтың  денсаулығын  тиімді  түрде 

жақсарта  алмайтыны  сияқты,  салауатты  өмір  салтын  енгізбей  тұрып,  дене 

жаттығуларымен айналысу да күткен деңгейдегі тиімділікке қол жеткізбейді. 

Салауатты өмір салты күн тәртібінен бастау алады (еңбек пен демалысты 

тиімді ұйымдастыру), оның құрамына ой еңбегі гигиенасы (ол, әсіресе мектеп 

оқушылары мен студент жастар үшін аса маңызды) мен зиянды әдеттен арылып, 

пайдалы іспен айналысу да кіреді. Аталған ережелер мен қағидаларды  мектеп 

жасынан  түсінген  адам  келешекте  дене  жағынан  қалыптасқан  қасиеттерінің 

белсенділігін, шығармашылық белсенділігі мен сергектігін ұзақ уақыт сақтайды. 

Ертерек ойластырылып, байыппен жасалған күн тәртібінің ең болмаса апта бойы 

мүлткісіз  орындау  мектеп  оқушысының  бойында  динамикалық  стереотипті 

қалыптастыруға    мүмкіндік  береді.  Үлкен  жартышар  ми  қыртысында,  тиімді 

әрект ету үшін қажетті козу мен тежелу процестерін өз ретімен қалыптастыру 

оның физиологиялық негізі болып табылады. 

Динамикалық стереотип туралы ілімнің авторы И.П.Павлов, оны жасау ұзақ 

уақыт еңбек  етуді  талап етеді  деп  баса айтқан.  Сабаққа  күнделікті  дайындалу 

әдетін тұрақтандыру, ақылмен ұйымдастырылған күн тәртібі, оқу жылы біткенге 

дейін  оқушының  еңбек  ету  қабілеттілігін  ұстап  тұруға  көмектеседі.  Оқу  мен 

жұмыстың  ерекшеліктеріне  қарай  қалыптасқан  жағдайды  оңтайлы  қолданып, 

өзінің жеке  ерекшеліктерін, оның  ішінде био  ырғақтар да  бар, оларды  ескере 

отырып күн тәртібін тиімді етіп ұйымдастыру қажет. 

Әрқайсысымыздың өзгеге  ұқсамайтын  биологиялық сағатымыз  –  уақыт 

есептеушіміз  бар,  соған  сәйкес  ағза  әлсін-әлсін  өз  тіршілігінің  кейбір 

көрсеткіштерін  өзгертіп  отырады.  Барлық  биоырғақтар  бірнеше  топқа 

жіктелеген.  Олардың  арасында  тәуліктік  немесе  циркадалық  ырғақ  маңызды 

болып табылады. 

Күннің түнге ауысуы түрлі физикалық өзгерістермен қатар жүретіні белгілі. 

Ауа температурасы төмендейді, ылғалдылық арта түседі, атмосфералық қысым 

өзгеріп, ғарыштық сәулелер ағыны үдей түседі. Табиғаттың осы құбылыстары 

адамның эволюциялық  өзгеру барысында,  физиологиялық қызметтерді  тиісті 

өзгерістерге ұшыратып, бейімделуіне ықпалын тигізеді. Ағза функцияларының 

басым көпшілігінің әрекет ету деңгейі күндіз жоғарылап, сағат 16-20-ға дейін ең 

жоғарғы мөлшерге жетеді және түнде төмендейді. 

Мысалы,  адамдардың  көпшілігінде  мидың  ең  төменгі    биоэлектрикалық 

белсенділігі түнгі сағат 2-4-тің арасында тіркелген. Кештетіп, әсіресе түнде ой 

еңбегін жасау кезінде осының салдарынан қателіктерге көбірек жол беріліп, осы 

сағаттарда ақпараттарды қабылдау мен игеру күрт нашарлап кетеді. 

Жүректің  бұлшық  етінің  жұмыс  істеу  қабілеттілігі  тәулік  ішінде  екі  рет 

өзгереді, әдетте сағат 13 пен 21-ге төмендейді. Демек, бұл кездері өз ағзамызға 

үлкен  мөлшерде  дене  жүктемелерді  жасау  орынсыз  болып  саналады.  Қыл 

тамырлар (капиллярлар) 18 сағатқа қарай кеңейіп (бұл уақытта адамның еңбекке 

деген дене жұмысы қабілеттілігі жоғары болады), ал сағат түнгі 2-де тарылады. 

32 



Тәуліктік биоырғақтар ас қорыту жүйесінің және ішкі секреция бездерінің 

жұмысына,  қан  құрамы  мен  зат  алмасу  процесіне  әсер  етеді.  Мысалы,  адам 

денесінің ең төменгі температурасы таң алдында, ең жоғарғы температурасы 17-

18 сағатқа сәйкес келеді. Қаралған заңдылықтарды біле отырып, әр адам өзінің 

күн тәртібін дұрыс құра алады. 

Соныман қатар барлық адамдардың тәуліктік биоырғақтары бірдей уақытта 

өтпейтінін ескеру керек.  Мысалы, жапалақтың  психикалық процестерінің  өтуі 

кешке  қарай  жақсарады.  Жұмысқа  деген  ынтасы  артады.  Ал  таңеретең 

ұйқысынан  тұра  алмай,  көбірек  ұйықтағысы  келеді.  Бозторғайлар  ертерек 

ұйықтағанды ұнатады. Есесіне таңатпай жатып тұрып алады да, ой еңбегімен 

белсенді айналысуға дайын түрады. 

Алайда өз ерік күшінің арқасында адамдар тәуліктік биоырғағына өзгеріс 

енгізіп, қайта құра алады. Бұл оқу аусымы өзгерген кезде, кей елдерде сағат тілін 

ауыстырған кезде қажет болады. Осындай кездері ағзаның аса қуатты бейімделу 

механизмі іске қосылады. 

Әрқайсымыздың  қоғам  үшін  қызықты,  пайдалы,  қажетті  мақсатымыз, 

қалауымыз  болып,  дұрыс  әрі  тиімді  еңбек  ету  тәртібін  жасап  алуымыз  аса 

маңызды болып саналады. 

Ой еңбегінің гигиеналық негізін қалаған – академик Н.С.Введенский. Оның 

қағидалары күні бүгінге дейін өз күшін жоймай келеді: 

1. Түнгі ұйқыңнан оянған соң, сол сияқты еңбек демалысынан оралғаннан 

кейін, жұмысқа бірте-бірте асықпай кіріс. 

2. Өзіңе ыңғайлы жеке еңбек ырғағын таңдап ал. Ғалымның ойы бойынша, 

бірқалыпты, орта қарқынды еңбек ырғағы адамға ең оңтайлы деп санайды. Ой 

еңбегін шапшаң және ырғақсыз орындау адамды қажытады. Соның салдарынан 

жылдам қажу басталады. 

3.  Ой  еңбегін  жүйелі  және  қалыптасқан  ретімен  орындаған  жөн.  Бұрын 

жоспарланған күн тәртібін сақтап және ой еңбек түрлерін ауыстырып отырса, 

еңбек ету қабілеттілігі  анағұрлым жоғары деп саналады. 

4. Еңбек ету мен демалуды дұрыс және тиімді ауыстырып отыру керек. 

Бұл оймен еңбек ету қабілеттілігін жылдам қалпына келтіріп, оны оңтайлы 

деңгейде ұстап тұруға көмектеседі. 

Қысқа мерзімді демалыс ұйымдастырып, күн тәртібіне дене жаттығулармен 

айналысуды белсенді түрде қосып отыру қажет. 

Салауатты  өмір  салтын  ұстануда,  тамақтану  ережелерін  дұрыс 

ұйымдастыру  маңызды  рөл  атқарады.  Тамақ  толыққанды  болып,  оның 

құрамында қажетті негізгі компоненттер (аққуыз, май, көмірсулар) мен ағзаға 

қажетті барлық дәрумендер болуға тиіс. Қоректілігі жағынан ағзаның қуаттылық 

қажеттілігі толық қамтылу керек,  алайда артық калориялар болмауы тиісті. Ас – 

адамның арқауы,  өзінің  түрімен,  басқа  да сапасы  жағынан  тәбетті  аша  түсіп, 

ұлттық  және  климаттық  жағдайларға  да  сәйкес  келуі  қажет.  Тамақтануды, 

негізінен, түскі және таңғы уақытта ұйымдастырған жөн. 

Белсенді  қозғалыстың  жеткіліксіздігінен  адамдар  ауруға  шалдығатын 

болғандықтан,  адам  денсаулығын  нығайта  түсіп,  қалыптан  тыс  ауытқуларын 

болдырмау  мақсатында,  денсаулық  сақтау  саласында  дене  шынықтырумен 

33 



айналысу кеңінен қолданылады. Тірек-қимыл аппараты, қан айналу мен тыныс 

алу жүйесі ауруға шалдыққанда, жүйке қызметтері мен зат алмасуы бұзылып, 

әйелдердің аурулары пайда болғанда және т.б., дене шынықтыру құралдары мен 

тәсілдері кешенді емдеудің құрамына кіргізіледі. Бұл тәсілдерді қолдану емдеу 

тиімділігін арттырып, қозғалыссыз, төсекте жатқан науқастардың түрлі қауіпті 

сырқат түріне  шалдықпауына  септігін  тигізіп, олардың  алдын  алады,  айығып 

шығу  мерзімін  қысқартып,  еңбекке  қабілеттілігін  қалпына  келтіреді.  Жарақат 

алған  немесе  ауруға  шалдыққан  спортшылардың  денсаулығын  қалпына 

келтіруде дене шынықтыру тәсілдері аса маңызды рөл атқарады. 

Дене шынықтырудың сауықтыру және аурудан сақтандыруға тиімділігі зат 

алмасуының белсенділігінмен, тірек-қимыл аппараты қызметтерінің күшеюімен, 

дене-күш жұмыстарындағы белсенділіктің жоғарылауымен тікелей байланысты. 

Р.Могденовичтің  моторлы-вицералдық  (ішкі-қозғалыс)  рефлекс  туралы  ілімі 

қозғалыс  аппараты  әрекетінің,  қаңқа  бұлшық  еттерінің  және  вегетативтік 

мүшелерінің өзара байланысты екенін көрсетеді. 

Белсенді  қозғалыстың  жеткіліксіздігі  нәтижесінде,  табиғи  ауыр  еңбек 

процесімен  нығайған  адам  ағзасындағы  жүйке-рефлекторлық  байланыстары 

бүлінеді, соның  салдарынан  қан  айналу мен  басқа  да  жүйелердің  әрекеттерін 

реттеу бұзылып, зат алмасуының бұзылуына  және дегенеративтік (азғындық) 

сырқаттардың дамуына әкеп соқтырады. 

Белсенді  қозғалыстың  шектелуі  ауыр  сырқаттың  немесе  жарақаттың 

салдарынан  және  бүгінгі  халықтың  басым  көпшілігінің  өмір  сүру  салтының 

өзгеруі нәтижесінен туындауы мүмкін. Қай жағынан алып қарасақ та біз ауру 

түрлерінің  ішінде  барған  сайын  басты  орынды  иеленіп  келе  жатқан  ауру 

себебінен қозғалыстың азаюының (гипокинез)  дамуы туралы айтамыз. 

Гипокинетикалық  синдром  немесе  гипокинетикалық  ауру  –  ағзаның 

толықтай немесе жеке жүйелерінің қоршаған ортамен қарым-қатынас әрекетінің 

келіспеушілігінің  нәтижесінде  пайда  болатын  кешенді  дамитын  қызметтік 

(функционалдық)  және  органикалық  өзгерістер  мен  аурулардың  белгілері 

(симптомдары). 

Осы  күйдің  ауыру  туындату  себебінің  негізінде  қуат  және  пластикалық 

алмасудың (ең алдымен, бұлшық ет жүйесінде) бұзылуы болып табылады. Адам 

ағзасының  тектік  кодында  дене  жаттығулармен  қарқынды  түрде  айналысу 

әрекеттерін қорғау механизмі бар. 

Сауықтыру және еңбекке жарамды ету емдеу шараларын жүргізудің негізгі 

мақсаты, белсенді қозғалыс мүмкіндіктерін мейлінше бастапқы деңгейіне дейін 

жеткізу  болып  табылады.  Ол  ағзаның  жеке  жүелерінің  арасындағы 

байланыстарды  қалпына  келтіруге,  олардың  үйлесімдігі  мен  физиологиялық 

қызметтерін реттеуге ықпал етеді. 

Дене  жаттығуларды  сауықтыру,  емдік  және  еңбекке  жарамды  ету 

мақсатында  қолдануды  емдік  дене  шынықтыру  деп  атайды.  Дене 

шынықтырудың бұл бөлімінің өзіндік ерекшелігі науқасты күрделі жаттығулар 

жасау  процесінің  қатысушысына  айналдырады.  Емдік  дене  шынықтырудың 

басқа  емдеу  тәсілдерінен  ерекшелігі  осындай  белсенді  қатысу,  күш  пен  тән 

мүмкіндіктерін біріктіріп, жұмылдыру болып табылады. 

34 



Дене жаттығуларымен айналысу кезінде, үлкен жартышар ми қыртысына 

қозғалыс басымдығы немесе доминантасы (орталық жүйке жүйесіндегі белгілі 

уақыт аралығында  тиімді  әрекетті қамтамасыз  ететін  рефлекторлық  жүйесінің 

уақытша  үстемдігі)  пайда  болады,  ол  ағзаға  әртүрлі  әсер  тигізеді.  Мұны 

А.А.Ухтомский «Орталықтардың  жұмыс принципі»,  ал И.П.Павлов  «ағзаның 

басты  реактивтік  әрекеті»  деп  санайды.  Бұл  доминанта  ағзаның  барлық 

жүйелерімен тығыз  байланысты болғандықтан,  ми қабығының  түзету  әрекеті 

іске  қосылады.  Дене  жаттығулар  психо-эмоциялық  салаға  әсер  етеді.  Олар 

көтеріңкі  көңіл,  қуаныш  сезімдерін  туғызып,  сырқаттың  тереңдеуіне  жол 

бермейді,  үрей,  қорқыныш,  мазасыздық  сезімдерін  басып,  жүйке  ауруының 

дамуына тосқауыл жасайды. 

Аталған әсерлердің барлығының сауықтыру маңызы зор және аурулардан 

сақтандыруда аса маңызды фактор болып саналады. 

Дене  жаттығулардың  көмегімен  науқастың  шартты  рефлекторлық 

әрекеттерін қажетті  бағытқа  бұрып,  сырқат  түрлеріне  қарай  ағза  қызметтерін 

реттеуге белсенді түрде ықпал етуге болады. 

Бұлшық ет жүйесі  мен оның қызметтері  вегетативтік функцияларды  (қан 

айналымы, тыныс алу және т.б.) реттейтін басты механизм екенін атап өту керек. 

Дене жаттығулардың ішкі мүшелерге тигізетін әсері, әрекет етіп тұрған бұлшық 

ет  жүйесі      ми  қыртысымен,  ми  қыртысы  басты  құрылымдарымен  және 

жекеленген  ішкі  мүшелер  мен  жүйкелік  және  гуморальдық  механизмдер 

арасындағы  қатынастың  күшейе  түсуімен  байланысты.  Дене  жаттығуларды 

орындау барысында ішкі мүшелердің рецепторлық аймақтары мен жиырылған 

күйде болған  бұлшық  еттерінің  арасында ми  қыртысындағы  қоздыру  ошағы 

арқылы байланыс орнайды. 

Жүйкелік  және  гуморальдық  механизмдердің  өзара  қарым-қатынасы 

ағзаның  бірлігін,  әртүрлі  дене  жүктемелер  мен  қоршаған  орта  факторларына 

қарсы жалпы реакциясын қамтамасыз етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет