Жекешелендіру объектілерін сату қағидалары Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы»



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі240.5 Kb.
#173964
1   2   3

4. Аукцион өткiзу

40. Аукцион сауда-саттықтың екі әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.

Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнының негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.

41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады.

Кейінгі әрбір сауда-саттық әрбiр жиырма жұмыс күні сайын жүзеге асырылады.

42. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

43. Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

44. Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

45. Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

46. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде;

3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

4) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

5) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

6) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

47. Бағаны көтеру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

48. Бағаны төмендету аукционы:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

Осы Қағидалардың 44-тармағының екінші бөлігінде, 45-тармағында,  47-тармағының 1) тармақшасында және 48-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

49. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

50. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

51. Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаса, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады.

52. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.

Бірыңғай оператор:

1) сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушының шотына аударады;

2) қатысушылар қол қойған кепілдік жарнаны қайтаруға өтінімдер негізінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарнаны қайтарады.

53. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушыға:

1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабарлайды;

2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабарлайды.

54. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтар фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.

55. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда аукцион жалғаса береді.

56. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы осы аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады.

5. Тендердi және жабық тендерді өткiзу
57. Тендер ашық болуы тиіс. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.

Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде комиссия айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады. Сатушы жабық тендерге қатысуға арналған шақыруды жабық тендердiң барлық шарттарымен жiбередi. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне екі сағат  қалғанда аяқталады.

58. Тендердi немесе жабық тендерді ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Жекешелендіру объектiсін бiрiншi тендерге немесе жабық тендерге қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.

59. Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі –жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

60. Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.

61. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (қатысу үлестері) сатылған жағдайда, тендердің немесе жабық тендердің шарты қызмет бейінін сақтау болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.

62. Егер тендерге немесе жабық тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер немесе жабық тендер өтпеген деп жарияланады.

Егер тендер және жабық тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

63. Тендерге немесе жабық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

64. Тендерге немесе жабық тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

65. Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде немесе жабық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің немесе жабық тендердің жеңімпазы болып танылады.

66. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

1) себебі көрсетіле отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі;

2) тізілімнің веб-порталында тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты салыстыру жүргізілетін, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға қанағаттандыратын қатысушылар тізімі;

3) жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары бағаны ұсынған жеңімпаз көрсетіледі.

67. Тендер немесе жабық тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің немесе жабық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

68. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің немесе жабық тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердің нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.



6. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату
70. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржасы) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуды комиссияның шешімі негізінде сатушы жүзеге асырады.

71. Қор биржасында сатылуға жататын бағалы қағаздарды сатушы биржалық сауда-саттыққа брокерлік компаниялар арқылы қояды.

72. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы брокерлік компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.

73. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде оларды сатуға байланысты сатушы мен брокерлік компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.

74. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс
75. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс тәуелсіз консультанттардың қатысуымен өткiзiледi.

76. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын қамтиды:

1) Заңның 100-1-бабында белгіленген тәртiппен, жекешелендiру объектiсiн жан-жақты талдауды, оның құнын бағалауды жүргізу үшін тәуелсіз консультантты тарту және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн сату объектiсi туралы ақпараттық дерекқор қалыптастыру;

2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны мерзімді баспасөз басылымдарында және тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі;

3) тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалыптастыруы;

4) келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстарды ұсынған (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен сатушының әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізуі;

5) сатушының бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту нысанасына тәуелсіз консультанттың қатысуымен конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргізуі (конкурстың екiншi кезеңi).

77. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс кезінде комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық формальдылықтардың сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.

78. Сатушы, тәуелсіз консультант және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

79. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

80. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың жеңiмпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатушы оның кепілдік жарнасын ұстайды және ұсынысы конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған әлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қояды.
8. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату
81. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

82. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге – сатушы немесе тиісті жергілікті өкілдік органға бекітуге жергілікті атқарушы орган ұсынады.

83. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешімде оларға туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесілі акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың типі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сатуды жүзеге асыру ұйғарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмілені аяқтаудың ең ұзақ мерзімі, туынды бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын сату шарттары мен тәртібі қамтылуы тиіс.

9. Тiкелей атаулы сату

84. Кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлік басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлік басқарушыға берiлген объектiлер, сондай-ақ стратегиялық инвесторға беруге жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған объектілер тiкелей атаулы сатуға жатады.

Жекешелендіру объектісін жалдаушыларға (жалға алушыларға) және сенімгерлік басқарушыларға сатуға олар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті тікелей атаулы сату мынадай:

сатылатын жекешелендіру объектісінің қызметімен байланысты салада қызмет тәжірибесінің болуы;

технологиялар трансферті, оның ішінде ашылмаған ақпаратты (өндіріс құпияларын (ноу-хау) алу және жоғары білікті мамандарды тарту арқылы жекешелендіру объектісін басқаруға, сондай-ақ оны дамытуға қатысу үшін ірі акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу өлшемшарттарына сай келетін стратегиялық инвесторға – қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлғаға (олардың бірлестіктеріне) жүзеге асырылады.

Стратегиялық инвестор:

1) жекешелендiру объектiсiне инвестициялардың көлемдерi, түрлерi және мерзiмдерi;

2) өндiрiс көлемiнiң белгiлi бiр деңгейiн, шығарылатын өнiмнің немесе көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын қамтамасыз ету;

3) табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу;

4) қызмет бейінін сақтау;

5) жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе ашу;

6) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен штат санының кемінде үштен екісін қамтамасыз ету;

7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң бұрыннан бар тәртiбi мен пайдалану шартын сақтау;

8) кредиторлық берешектi белгiленген мерзiмдерде өтеу;

9) жалақы бойынша берешектi өтеу;

10) мәмiлелер жасасуды (қайта сату, кепiлге қою, сенiмгерлік басқаруға беру және басқалар) және (немесе) жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт кезеңі iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салуды шектеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеген және тиісінше қабылдаған кезде, тікелей атаулы сату жүзеге асырылады.

Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жекешелендіру объектісінің атауын, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптарды қамтиды.

Стратегиялық инвесторға жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату тәуелсіз консультантты тарту арқылы жүргізіледі.

Тәуелсіз консультантты тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

85. Жекешелендiру объектiсiн сату шарттары мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында немесе сенiмгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделмеген болса, олар тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

86. Жекешелендіру объектісін сату Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес сенімгерлік басқару не мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартын жасау сәтінде айқындалатын нарықтық құны бойынша сатып алу-сату шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.

Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шарты жасалған күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөлу арқылы төленуі мүмкін. Жекешелендіру объектісін бөліп-бөліп төлей отырып, нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық бағаны бөліп-бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында ескеріледі.      

10. Есеп айырысу тәртiбi
 87. Сатып алу-сату шартына сатушы мен сатып алушы қол қояды. Шартта оны жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеме көрсетіледі.

88. Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді.

89. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем жекешелендiру объектiсiн сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi (кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi);

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.

90. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушының шартты бiр жақты тәртiппен бұзуына және сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiнде iс жүзiндегi зиянды өтеуді талап етуіне жол беріледі.

91. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қоспағанда, жекешелендіру объектiсiн беру осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.

Сатып алушының сатып алу-сату актісіне қол қою туралы мәліметтерін сатушы екі күн мерзімде тізілімнің веб-порталына енгізеді.

Қол қойылған қабылдап алу-беру актісі сатылған жекешелендіру объектісіне меншік иесінің өзгеруі туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін негіз болып табылады.

92. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

93. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.

94. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне сүйене отырып есептейдi. Кейінгі сомаларды енгізу тоқсанына бір реттен сирек болмауы тиіс.

Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, сатып алушы сатып алған жекешелендiру объектiсiне сатушының кепiл құқығы төлемдердiң уақтылы өтелуiн қамтамасыз ету болып табылады.

95. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, объектіні бөліп-бөліп төлеу арқылы сату кезінде беру тиісінше тіркелуі тиіс кепіл шартын бір уақытта жасаумен жекешелендіру объектісін қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы бастапқы жарнаны төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

Акциялардың мемлекеттік пакетін бөліп-бөліп төлеуге сату кезінде беру тиісінше тіркелуі тиіс кепіл шартын бір мезгілде жасаумен бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы бастапқы жарнаны төлегеннен кейін жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет