Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары



Дата30.06.2016
өлшемі235.84 Kb.
#167996


Осакаров аудандық мәслихатының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 262 шешімімен бекітілген


Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары



  1. Жалпы ережелер

     

1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;


      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;
      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс - тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

     8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;

      10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.

5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:



  1. 9 мамыр – Жеңіс күні;

  2. 1 маусым – Балаларды қорғау күні;

  3. 1 қазан – Қарттар күні;

  4. Мүгедектер күні (қазанның екінші жексенбісі).

      7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.

Арнайы және учаскелiк комиссиялар туралы ережелердi орталық атқарушы орган бекiтедi.





  1. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

     

8. Алушылар санатының тiзбесiн, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерiн, табиғи зiлзаланың немесе салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерiн ЖАО белгiлейдi және жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiледi.

      9. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:


  1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар:

бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі – КСР) Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу – көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;


      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

     басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:


      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери - Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атомдық электро-станциясындағы (бұдан әрі - АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;



  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері:

      бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      4) Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:


      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай - ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-ы, Беларусь КСР-ы, Литва КСР-ы, Латыш КСР-ы, Эстон КСР-ы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;

      басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
      Чернобыль АЭС – ғы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      5) соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы;


      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн - өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;

      бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;


      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы;

      қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;

      қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай);

      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай – ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС - iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;


      1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

      7) 18 жасқа толмаған жетім және мүгедек балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8) жетпіс және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      9) 18 жастан асқан 1, 2, 3 топтардағы мүгедектер;

      10) жалғызілікті және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтар, зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар.

10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      жергiлiктi өкiлдi орган ең төменгі күнкөрiс деңгейiне бір еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.

     11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың ЖАО келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiлейді:

    12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарын жоюға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

ауыр материалдық жағдайға байланысты - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

аурудың ауыр түріне шалдыққан кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

құжаттауға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

авария жайдайдағы тұрғын үйді жөндеуге - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

әлеуметтік маңызды ауру тұлғаларға (туберкулез, жұқтырылған имунн тапшылығының синдромы, онкологиялық ауруларға) стационарда емделу кезеңіне және емделу мекемесіне баруына және қайтуына - 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет.

13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi: өмірлік қиын жағдай туындаған кезі сәтінен бастап бір ай ішінде.


3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

     


15. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:



  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

  2. тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

  3. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

  4.  адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

  5. өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

17. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кенттік, ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға  2,  3 - қосымшаларға  сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.


      24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кенттік, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.


      25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

     26. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

     27. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:


  1. өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

  2. өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

  3. адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және
қайтару үшiн негiздемелер

      29. Әлеуметтiк көмек:

  1. алушы қайтыс болған;

  2. алушы тиiстi әкiмшiлiк - аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты

тұруға кеткен;

  1. алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

  2. алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

30. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.




5. Қорытынды ереже
      31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Әлеуметтік көмек көрсетудің,


оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына
1-қосымша

Отбасыны тіркеу нөмірі ____________


Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

________________________ _________________________


(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)                   (үйінің мекенжайы, тел.)




Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы





































     

Өтініш берушінің қолы __________________    Күні ______________


Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының Т.А.Ә.        _____________________
                                                          (қолы)

Әлеуметтік көмек көрсетудің,


оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына
2-қосымша

    


Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. «___» _______

    _____________________
          (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________


      2. Тұратын мекенжайы _______________________________________________________________
_______________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай_____________________________________________
_______________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:




Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай






















































































































     

Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.


      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек______________________________________________________
_______________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_______________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
      Отбасының табысы:




Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына













































































































6.Мыналардың:


      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):


______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_______________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:


      ________________________               ________________________

      Комиссия мүшелері:


      ________________________               ________________________
      ________________________               ________________________
      ________________________               ________________________
      ________________________               ________________________
             (қолдары)                               (Т.А.Ә.)

    Жасалған актімен таныстым: ____________________________________


       Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш


берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына
3-қосымша

   


Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

20__ ж. ___ ______


      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау Қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_______________________________________________________________
             (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
_______________________________________________________________
                (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

Комиссия төрағасы: __________________   _______________________


Комиссия мүшелері: __________________   _______________________
                         __________________   _______________________
                         __________________   _______________________
                         __________________   _______________________
                              (қолдары)                (Т.А.Ә.)

      Қорытынды


      қоса берілген құжаттармен ___ данада
      20__ ж. «___» ___________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
      уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет