Балаларды топтағы ұлттық бұрышқа алып бару. Онда қандай заттарды таниды атату. Демалық күндері қандай мереке тойладық сұрау. Жаттаған тақпақтарын, әндерін естеріне түсіріп айтқызу.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлу, ұлттық бұрыштағы заттарға қарап бейнелеу немесе мүсінін жасау, қаласа дайын өрнектерді қоржындарға жапсыру.
(сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)
|
Киіз үйдің жабдықтарды көрсету. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға баулу
(сөйлеуді дамыту)
Киіз үйдегі заттарды салыстыру.
Екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып
салыстыруды пысықтау
(математика негіздері)
|
Бүгін аптаның қай күні, жылдың қай мезгілі туралы сұрау. Карточкалар арқылы тәулік бөліктерінің (таңертең, күндіз, кеш, түн) сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту. Дидактикалық ойын «Бұл қай кезде болады?» күн тәртібіндегі іс әрекеттерді тәулік бөлігінің қай кезінде болатынын айтқызу.
|