маманының жоспары бойынша
Қазақ тілі
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
|
Дене шынықтыру
маманының жоспары бойынша
|
Музыка
маманының жоспары бойынша
|
«Шеберін-ай Аяздың!»
М.Жаманбалинов
Шеберін-ай аяздың: Суреттерді әр үйге,
Әйнектерді қағаз ғып, Әйнектердің бәріне,
Әшекейлеп қойыпты, Түнде салып береді,
Бірнеше ою ойыпты Көзі қалай көреді?
Тақпақты жаттату, Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Қыс туралы жаңылтпашты қайталап айтуын ұйымдастыру
(сөйлеуді дамыту)
Терезеге қарап, аяздың салған өрнектерін салу, балалардың қалауы бойынша бояу немесе қаламдарды пайдалану.
(сурет салу)
|
«Үш аю», «Түлкі мен тырна» ертегілерін естеріне түсіру. Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға
ынталандыру.
(көркем әдебиет)
Геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету Ермексаздан фигураларды жасату. (математика негіздері)
|
Ересек адамдарға біз қалай көмектесеміз? Мысалы анамыз бен әжемізге? Балалардың пікірлерін тыңдау. Қыс мезгілінде ата аналарына қалай көмектесуге болатын бейнеленген суреттер бойынша толықтырып әңгімелету. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Ойын «Тілді жалпақ қыл»
|