(жапсыру)
Ақ түсті ермексаздан далада қардан құрастырылған қамалдарды жасату.
(мүсіндеу)
«Кім тез жинайды» ойыны арқылы.
топтағы ойыншықтардан жиын жасату.
(математика негіздері)
|
Қағаздың бұрыштарын және қырларын біріктіру, бөлшектерді өзара желімдеп, қысқы табиғат тақырыбында композиция құрастыруды үйрету
(құрастыру)
Кітаптардан қыс мезгілі туралы суреттерді қарату. Суреттер бойынша ойдан ертегі құрастыруға мумкіндік беру арқылы ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру
(Сөйлеуді дамыту)
Балалардың қалауы бойынша «Түлкі мен ешкі» ертегі желісі бойынша шығармашылықпен жұмыстар жасауын дамыту.
(жапсыру және сурет салу, мүсіндеу)
|
Балаларды орталықтарға бөлу.
Далада жасаған аққалаларын қағаздан қиып жапсыруды үйрету.
(жапсыру)
Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір- біріне арақатынасын беруді жетілдіру. Қалауы бойынша еркін тақырыпта сурет салдыру.
(сурет салу)
Аққаланың мүсінін жасату (мүсіндеу)
|
Көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білуін ұйымдастыру
Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Қысқы көліктер туралы білімдерін жетілдіру. Шана шаңғы туралы не білетіндерін сұрау.
(қоршаған ортамен танысу)
Шананы мүсіндеуде. бірнеше бөліктердің пропорцияларын сақтау, бөліктерді біріктіру және орналастыруды, қолдануды үйрету.
(мүсіндеу)
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композиция құрумен қар жауып тұрған кездегі аққаланың суретін салу.
(сурет салу)
|