«Желтоқсан құрбандарына тағзым етпей өтпеңдер»



бет8/13
Дата16.01.2022
өлшемі47.04 Kb.
#454600
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
10 сынып дайын

«Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп

Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покажу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)
Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де.
Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой! Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын? Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.
Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков! Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында. Бұл бір. Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі. Түсіндің бе мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата - анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ қой.
Көрініс: «Қайратты тергеу сәті».
Сот хатшысы: Тұрыңдар! Сот келеді.
Сот: Сот процесін бастаймыз!
Тергеуші: Маған 1 - ші куәгерді шақыруға рұқсат етсеңіз?
Сот хатшысы: 1 - ші куәгерді шақырамыз
Тергеуші: Куәгер Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайратты көрдіңіз ба? Сіз шыны менде Рысқұлбеков - тің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1 - куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?
2 - куәгер: Рас — рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: Мен сөзімді аяқтадым.
Сот: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп табамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет