Шымырлайтын мускат типті шараптар шымырлайтын қасиеттерінің,
көмірқышқылдың жасаңды дәмінің, жағымды тәттіліктің және нәзік
мускатты иісінің арқасында әлемге әйгілі атқа ие болды. Мускатты
шымырлайтын шараптарын қантсыз дайындайды, ал олардың негізі мускат
Александрийский және Алеатико сорттарының тәтті ароматты шырыны.
Қанттылықты тепе-теңдеу үшін ең жақсы шымырлайтын қасиеттерін беру
үшін купаждарға Пино, Рислинг және Алиготе сорттарынан алынған,
өңделген шампандық шарап материалдарын 40% дейін қосады. Оларды
әдеттегі технологиямен дайындайды және өңдейді. Шампандаудан кейін
дайын өнімде қант мөлшері 9-12 г/100мл болу үшін купажға 25-40% дейін
шампан шарап материалдары алынады. Алынған шымырлайтын шарабын 3-
5
0
С температураға дейін суытады және 2 тәулік сақтайды. Содан кейін
фильтрлеп, изобаро-изометриялық жағдайларда шөлмектерге құяды.
Шөлмектердегі дайын шарапты термокамерада жылумен өңдейді немесе
шөлмекті
пастеризаторда 40-45°С
температурада
өңдейді, сөйтіп
экспидициялау алдында 20-25°С температураға дейін мәжбүрлі суытады.
Достарыңызбен бөлісу: |