«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет48/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

4.  Ағымды  ашыту  немесе  үздіксіз  ашытуда  -  қоршаған  ортаны  бірқа-
лыпты, немесе үзіліс пен ашыту батареясына -  резервуар жүйесіне енгізеді. 
Ашу  батареялары  -  бір-бірімен  құбырлармен  байланысқан  резервуарлардан 
тұрады. Бұл жүзім шырынын ашытудың ең прогрессивті және экономикалық 
тиімді тәсілі. Мұның периодты тәсілден артықшылығы: 
1.  Ашудың  басталуы  периоды  болмайды,  өйткені  жасаң  шырын, 
ашытқы  клеткаларының  өміршендік    концентрациясы  жоғары  ашытылған 
шырынға қосылады. 
2. Оттегі,  қанттар  және  қоректік  заттарды  үзіліссіз  шырын  мен  бірге 
енгізеді, ашытқылар үнемі экспоненциалды көбею фазасында болады.  
3. Шырын спирттілігі 4% ад. жоғары жағдайда ашытылады. Бұл жабайы 
ашытқылардың  дамуына  кедергі  жасап  жоғары  сапалы,  жаңа  мөлдірленген 
шарапматериалдарын алуға мүмкіндік береді.  
4.  Ашытқы  биомассасының  түзілуіне  кететін  қанттар  шығыны  азаяды, 
сәйкесінше спиртің шығымы көбейеді. Ол шараптардың үлкен биологиялық 
төзімділігін қамтамассыз етеді. 


52 
 
5.  Ашу  процесі  түгелдей  механикаландырылады  және  автоматтанды-
рылады, соның ішінде ағымдағы шырынды салқындату; ауыр еңбекті қажет 
етенін  операцияларды  қысқарту  арқылы,  еңбек  шығымы  30-40%  жоға-
рылады. 
Үзбей  ашытудың  өз  кемшіліктері  бар.  Олар:  күрделі  техникалық 
жабдықтар,  бір  жүзім  сортының  ірі  партиясының  (150-200  т/күн)  өңделуге 
үнемі жіберілуін қамтамасыз ету, бұл тек өте ірі жүзім шаруашылығы, жүзім 
шарап  дайындау  шаруашылықтарында  ғана  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 
Шырынды  ағымды  ашыту  үшін  ТМД  елдерінде  сенімді  БА-1  және  ВБУ-4н 
жабдықтары  шығарылған.  Олардың  шығымдылығы  3-12  мың  дал  шырын 
тәулігіне.  Кезек  аралық  периодта  бұл  жабдықтар  шарапматериалдарын 
сақтауға және қайта өңдеуге қолданылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет