«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет51/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

2.  Эталондардың  сипаттамасы.  ТМД  елдеріндегі  ең  жақсы  шарап-
тардың  ассортименті.  Қызыл  құрғақ  шараптар  жас  кезінде  қанық  қызыл 
немесе  гранат  түсті  болады.  Қалыптасқан  сайын,  ескі  шараптар  антоцион-
дардың  қышқылдануына  байланысты  кірпіш  түсті,  кейде  қоңыр  түске  ие 
болады. 


54 
 
Жас  қарапайым  қызыл  құрғақ  шараптар  сортқа  тән  жемісті  хош 
иістілігімен,  толық  дәмімен  және  жеткілікті  қышқылдылығымен  ерекше-
ленеді.  Кейбіреулеріне  мысалы,  жас  Кьянти  (Италия)  жеңіл  шымырла-
ғыштығы тән ал Матраса (Әзербайжан) қанық гранат түсті болады. Кеңестер 
одағында  23  қарапайым  қызыл  құрғақ  шараптар  шығарылған  олардың  ең 
жақсылары Саперави (Грузия), Мерло, Каберне (Молдавия), Арагац красное 
(Армения)  Арени,  Кахет  сорттарынан;  Дар  лозы,  Каберне-Савиньон    және 
Тира (Украина) Саперави сорттарынан дайындалған.  
Қазір  әлемдік  шарап  дайындауда  маркалы  қызыл  құрғақ  шараптар  
бірнеше  топтармен  ұсынылады.  Көбіне  еуропалық  жеңіл  құрамды  және 
ашық  түсті  қызыл  асханалық  шараптар  таралған.  Олар  ТМД  елдерінде  – 
Каберне Абрау, Каберне Анапа, Каберне Мысхако, Каберне Тамани (Рессей), 
Каберне  Качинское,  Оксамит  Украины,  Шабо  красное  (Украина),  Каберне 
(Молдавия,  Қырғызстан),  классикалық  Темани  (Грузия),  Романешты  және 
Кодру  (Молдавия).  Бұл  топтың  эталоны  Оксамит  Украины  шарабы    болып 
табылады.  
Оксамит  Украины  –  Украинаның  ең  жақсы  қызыл  асханалық  шарабы 
1947  жылы  Одессалық  шарап  зауытында  Херсон,  Одесса,  Николаевск  
облыстарында өсірілетін Каберне-Совиньон сортынан классикалық техноло-
гия бойынша дайындалады. Шарап қызыл - рубиннен қанық – рубинді түске 
дейін.  Күрделі  хош  иістер  жиынтығында  Сафьян  иісі  жақсы  байқалады, 
кейде  фиалка  гүлінің  иісі  болады.  Дәмі    өзіне  тән,  толық  және  жұмсақ. 
Бөтелкеде ұстап сақтағанда 10-15жылға дейін өз қасиетін жақсарта береді. 6 
алтын  және 3 күміс медальдарға ие болған. 
Жоғары  сапалы  қызыл  құрғақ  шараптардың  екінші      тобына  оңтүстік 
типтік  жақсы  боялған,  толық  шараптар  кіреді.  Батыс  Еуропада  бұл 
Францияның  бургундиялық  шараптары,  Итальяндық  Кьянти  классико, 
Наварра  (Испания)  шараптары.  ТМД  елдерінде  Негру  де  Пуркарь 
(Молдавия),  Алушта,  Рубиновый    Магарача  (Украина).  Купажда  20%  дейін 
грузиндік  Саперави  сортының  қатысуымен  дайындалады.  Сонымен  қатар 
Хиндогна сортынан - Мартуни красное және   Матраса сортынан - Матраса 
(Әзербайжан).  Бұл  шараптар  өз  қасиеттеріне  байланысты  Еуропаның  ең 
жақсы қызыл асханалық шараптарының қатарына кіреді. Бұлардың арасынан 
ең танымалы, бұрыңғы молдава шарабы Негру де Пуркарь. 
Негру  де  Пуркарь  –  ерекше  қызыл  шарап.  Молдавияда  1957  жылдан 
бастап  XIX  ғасырда  белгілі  болған  технология  негізінде  дайындалады. 
Пуркарь  ықшам  ауданындағы  Днестр  өзенінің  алқабында  өсетін  Каберне-
Совиньон  және  Рара-Нягрэ  сорттарын  купаждау  әдісімен  дайындалады. 
Қазіргі кезде купаждауда Саперави сортының шарапматериалы да қолданы-
лады. Шарап өте интенситві қанық рубин түсті.  Хош иістілігінің жынтығы 
күрделі,  қара  қарақатпен  сафьян  иісі  сезіледі.  Дәмі  толық,  нәзік,  жұмсақ, 
ішіп  болғанан  кейін  ұзақ  сақталады.  6  алтын  және  7  күміс  медальдармен 
марапатталған. 


55 
 
Қызыл  құрғақ  шараптардың  ерекше  тобын  жергілікті  Саперави 
сортының  грузиндік  шараптары  құрайды.  Олар  Напареули,  Мукузани  және 
Кварели.  Оларды  қалың  қанық  гранат  түсті  бояуы  мен  өзіне  тән  хош 
иістердің  жиынтығы,  толық,  таза,  жұмсақ,  дәмі  біріктіреді.  Бөтелкеде  көп 
жылдар бойы  ұстап сақтау нәтижесінде, бұлардан өте әдемі сирек кездесетін 
шарап  алуға  болады.  Напареули  –  1890ж,  Мукузани  –  1893  ж,  Кварели  – 
1966 ж бастап өндіріледі. Бұл шараптар17 алтын және 8 күміс медальдарға 
ие болған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет