Бақылау сұрақтары
1. Спонтанды ашу процесі қалай жүреді?
2. Таза культуралы ащытқылар дегеніміз не?
3. Алғашқы шарап дайындауда таза культураларды пайдаланудың
маңызы неде?
2 - тәжірибелік сабақ.
Тақырып: «Шырынның шарапқа ауысуының биохимиялық негіздері»
Сабақтың мақсаты: Шырынның шарапқа ауысуының биохимиялық
негіздерімен танысу және сипаттама беру.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Жүзім шарабы – жүзімдегі заттардың, жемісінің ферменттер комплексі
әсерінен, ашытқылар әсерінен биохимиялық, химиялық, физика-химиялық
өзгеріп, езіндінің шарапқа айналуынан алынатын өнім. Оның жансыз,
стерилденген, консервіленген өнімдерден айырмашылығы- биологиялық
системасы жабық циклді өзгеретін, биохимиялық реакциялар жүретін
процестің өнімі. Профессор М.А Герасимов шарапты тірі организмге теңеп,
өмірін 5 сатыға бөлген; дайындалуы, құрылуы, жетілуі, ескіруі және өлуі. Әр
саты биохимиялық өзгерумен байланысты болады.
119
Достарыңызбен бөлісу: |