«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


 Табиғат  жағдайы  мен  жүзім  сорты



Pdf көрінісі
бет52/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

3. Табиғат  жағдайы  мен  жүзім  сорты.  Қызыл  асханалық  шарап 
дайындауға  қажетті  жүзімді  активті  температура  жиынтығы  3100-3600
0
С, 
жылы,  қатты  ыстық  емес  климат  жағдайында  өсіру  қолайлы.  Жүзімнің 
қалыптасу периодында жылы, құрғақ, орташа  тәуліктік температура 18-20
0
С 
болатын ауа райы болу қажет. Қышқыл немесе нейтралды реакциялы орман 
қоңыр топырағы және подзолисті теңіз типті ең қолайлы болып саналады. 20-
30%  саз  балшықтың  болуы,  бояғыш  заттардың  түзілуіне  жақсы  әсер  етеді. 
Мұндай  топырақ-  климат  жағдайын  Францияның  оңтүстік  –батысында 
Жиронда  департаментінде,  кездестіруге  болады.  Мұнда  бұрыннан  бері 
«Жоғары  сапалы  бордолық  шараптар»  шығарылады  (Бордо,  Медок,  Марго, 
Шато-Лафит,  Шато-Латур,  Шато-От-Брион  және  т.б.).  Сонымен  қатар 
төменгі  Бургундия,  Орталық  Италия,  Венгия  және  Югославиядағы  Дунай 
жағалауындағы  аймақтар,  Молдавиядағы  Днестрдің  және  Украинадағы 
Днепрдің  оңтүстік  жағалауында,  Алушта  және  Қырымдағы  Качинская    
алқабында,  Краснодар  аймағының  Қара  теңіз  жағалауында  және  Грузияда 
Алазан алқабында. 
Қызыл  құрғақ  шараптар  үшін  ең  жақсы  сорттар  –  Каберне  Савиньон 
және  Саперави.  Мұндай  шараптардың  түсі  тұрақты,  ал  ұстап  сақтағанда 
бұдан да жақсы қалыптасады. Сонымен бірге хош иістілігінің жиынтығы мен 
толық дәмі қалыптасып, ұзақ  жылдар бойы жойылмай сақталады.  Мельбек, 
Марастель,  Рубиновый  Магарача,  Цимлянский  Черный,  Хиндогоны  және 
Матраса соттары бағалы болып саналады. Толық, жақсы  боялған шарап алу 
үшін жүзімді қанттылығы 19-21% болған кезде жинайды. Шіріген және пісіп 
жетілмеген жасыл жеміс  шоқтарын бөліп тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет