9
1-бөлім.
ДӘРІСТЕР
КЕШЕНІ
1-дәріс.
Тақырып: «Кіріспе дәріс. Шарап өндірісінің маңызы, қысқаша тарихы,
қазіргі жағдайы».
Мақсаты мен міндеттері: Шарап өндірісінің маңызын, дамуының
қысқаша тарихын, және қазіргі жағдайын игеріп, пән жөнінде қысқаша
түсінік алу.
Дәріс жоспары
1. Шарап өндірісінің маңызы.
2. Шарап өндірісінің қысқаша тарихы, қазіргі жағдайы.
Дәрістің қысқаша тезисі
1. Шарап өндірісінің маңызы. Шарап
- жүзім шырынын ашыту
арқылы дайындалған сусын. Жүзім шараптарында ашу арқылы қанттан пайда
болған этил спиртінің мөлшері 9-20% аралығында болу керек. Этил спирттен
басқа шараптың құрамында 400-ден астам адам ағзасына пайдалы табиғи
химиялық заттар кездеседі, сондықтан сапалы табиғи шараптар адамзатпен
баяғы заманнан бастап, ауруларды емдеуге қолданылады. Шараптың
тағамдық маңызы жоғары. Көп елдерде сусын ретінде пайдаланылады, ал
біздерде шарап салтанатты орындарда қолданылады. Шарапты көп өндіретін
елдерде маскүнемдік кездеспейді, шарап дайындау технологиясының
экономикалық жағдайы жоғары. Сондықтан, бұл технологияның жүзім
шаруашылығының жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға әсері көп.
Жүзім және шарап өндіру өте ерте заманнан белгілі. Шараптың
адамзатқа деген құндылығын бұрыннан ,ғалымдар айтып, дәлелдеген. Уақыт
өте келе жүзімнен өте дәмді сусын алуға болатыны байқалды, сондықтан
адамдар жүзімді өсіріп, өңдеп, іріктеп, селекция жолымен оның сапасын
жақсарта бастады. Жабайы және үйде өсірілетін жүзімді өңдеуден бастап,
шарап өндіру ұзақ даму жолынан өтті. Қазіргі заманғы шарап өндіру бұл
тағам өндіріснің өте қуатты саласының бірі, бұның басты себебі ғылымның
және техниканың, сонымен қатар микробиологияның, биохимияның,
механиканың және автоматиканың жаңа жетістіктері. Шарап өндіру жүзім
шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Жүзім шарабы мен жүзім
шаруашылығына деген қызығушылық төмендемейді, жоғары сапалы
шарапқа деген сұраныс (әсіресе асханалық және шампан) жылдан-жылға өсе
береді. Бұл әрине жүзімдіктер көлемін ұлғайтуды және ең маңыздысы жүзім
және жүзім шараптарының сапасын жақсартуды талап етеді. Жүзім
шараптарын өндіру үшін өте мұқият, тек жүзім шаруашылығы мен шарап
өндіру мамандығын таңдаған мамандар ғана емес, сонымен қатар ертеден
10
келе жатқан салаға қызығушылық танытатын адамдар жағынан да көңіл бөлу
қажет.
Сонымен қатар, шарапты кейбір ауруларға шипа ретінде де пайдала-
нады. Бірақ жүзім шараптарын пайдаланудың шегін білу өте қажет. Шарапты
тәулігіне белгілі мөлшерде қолдану адам өмірін ұзартатыны және жүрек
ауруларына шалдығу мүмкіндігін азайтатыны белгілі. Шараптың жоғары
нәрлілігі және гигиеналық құндылығы, сонымен қатар атеросклерозға қарсы
эффектісі бар екендігі дәлелденген.
Қазіргі кезде шарап өндірісі – болашағы бар, жоғары рентабельді, пайда
түсіру үшін көп шығын жұмсауды қажет ететін сала. Сонымен қатар жақсы,
сапалы техникалық сортты жүзім алу үшін, жүзім шаруашылығын қажетті
деңгейге жеткізу керек. Бұл жағдайға жетпегенше өз шараптарын экспортқа
шығаратын, әлемдік деңгейдегі елдер қатарына қосыла алмаймыз. Осыған
орай жүзім шаруашылығы және шарап өндірісінің жас кадрларын
дайындауға терең көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: