«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет75/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

4 - зертханалық жұмыс. 
Тақырып: «Шырынның ашуын бақылау» 
Жұмыстың  мақсаты:  Жүзім  шырынының  ашу  кезінде  қант  және  спирт 
мөлшерінің өзгеруін бақылау тәсілдерін үйреніп білу. 
 
 
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар 
Ашу процесі жүріп жатқан жүзім шырыны, ареометр; рефрактометр; 250 
мл.  кем  емес,  ареометр  диаметрінен  2,0-2,5  см-ге  үлкен  шыны  цилиндр; 
термометр 0,1-0,2
0
С өлшемімен. 
Жұмысты орындау әдістемесі 
Құрғақ шараптар үшін ашытылатын шырынның ашып жатқан кезіндегі 
температурасын және  ондағы көмірсулар мөлшерін үнемі тексеріп отырады. 
Сонымен қатар жоғары сапалы күшті шарап дайындауда «спирттеу» кезеңін 
анықтау  жүргізіледі,  яғни  қанттылығы  мен  спирттілігінің  қажетті  шегіне 
жеткен  күшті  шарап  материалын  алу  үшін,  ашып  жатқан  шырынға 
есептелінген спирт мөлшерін қосу кезі. Шырынның ашуын ареометрліқ және 
рефрактометрлік әдіспен бақылап тұрады. 
Шырынның  ашуын  ареометрлік  әдіспен  бақылау.  Бұл  әдіс  шырынның 
ашып жатқан кезіндегі және оған дейінгі тығыздығын анықтауға негізделген. 
Ашып  жатқан  кезде  шырындағы  көмірсулардың  спиртке  айналуына 
байланысты,  ашыған  шырынның  тығыздығы  ашымаған  шырынның 
тығыздығынан  кем  болады.  Ашығанға  дейінгі  шырынның  тығыздығын 
белгілеп  және  ашығаннан  кейінгі  тығыздықты  анықтағаннан  соң  арнайы 
кестемен пайда болған спиртті және ашымаған көмірсуларды анықтайды.  
Жұмысты орындар алдында шырынды алдын ала ашуға қояды. Бірнеше 
уақыттан  кейін  ашыған  шырынның  тығыздығын  өлшейді.  Тығыздықты 
өлшер алдында ареометрді, термометрді және цилиндрді жылы сумен жуады 
және  кептіреді.  Кепкен  ареометрдің  мойыншасынан  ұстамаған  дұрыс.  Таза 
өте  құрғақ  ареометрді  ұшынан  екі  саусақпен  ғана  ұстап,  анықталатын 
сұйықтыққа ақырын цилиндр қабырғасына жақындатпай салып, ареометрдің 
өз  салмағымен  бірқалыпты  тұрғанынша  ұстайды.  Егер  ареометрді 
бірқалыпты  деңгейге  дейін  ұстамаса,  ол  өз  инерциясымен  батып  кетіп, 
ареометр  мойыншасы  ылғалдануы  мүмкін.  Ондай  жағдайда  ареометрді 
міндетті  түрде  қайта  құрғатып  сүртіп,  қайта  салуы  керек.  Сонымен  қатар 
мұндай  қайта  салуды  ареометр  мойыншасына  көбіктер  жабысқан  жағдайда 
жүргізеді. Мүмкіндігінше ареометр сұйықтықтың ортасында қалықтап тұруы 
қажет.  
Ареометрмен  шырынның  температурасы  теңескенше  3-4  мин  күтіп, 
мениск  бойынша  шкаладағы  сан  бөлігін  белгілейді.  Қою  түсті  шырынның 
тығыздығын  анықтауда  есептеу  менискінің  жоғарғы  жағынан  жүргізеді, 
алынған көрсеткішке 0,002 қосады. 
 


85 
 
1-кесте.  Шырынның  ашуға  дейінгі  тығыздығы  d1  мен  ашу  кезіндегі 
тығыздығының  d2  айырмашылығы  арқылы  ашып  жатқан  шырында  спирт 
және ашуға жұмсалған қант мөлшерін анықтау 
(d1-d2)х 
1000 
Спирт, 
% көл. 
Қант, 
г/100 мл 
(d1-d2) 
х1000 
Спирт, 
% көл. 
Қант, 
г/100 мл 
(d1-d2) 
х1000 
Спирт, 
% көл. 
Қант, 
г/100 мл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет