Және оның қасиеттері, жіктелуі. Ақпараттық жүйе және оның құрылымы



бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі31.41 Kb.
#480924
1   2   3   4   5
Дәріс1 АЖ негіздері (1)

Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ–ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады.
Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі;

  • қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс;

  • жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс;

Схема2. Программалық жабдықтау құрылымы.


Программалық
жабдықтау

Жалпы ПЖ Арнайы ПЖ





Операциялық жүйе
Офистік программалар
Жеке есептерді шешу программалары (АЖ)
Программалау тілдері

Тесттік программалар

Жалпы программалық жабдықтау– бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және–немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.
Арнайы программалық жабдықтау- нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалық жабдықтау.
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады.
Ақпараттық жүйені жүзеге асыру үшін құрамын, құрылымын және ақпараттық жабдықтауды ұйымдастыру қағидасы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • мәліметтердің қарама–қарсылығының болмауы;

  • ақпаратты тіркеу және қайтадан жинаудың болмауы;

  • ақпараттың түсуінің жеткіліктілігі;

  • кіріс ақпаратының нақтылығы және ыңғайлылығы;

  • қайталанған сақталған мәліметтердің азаюы;

  • мәліметтерді өңдеуге кететін уақыттың азаюы;

  • мәліметтер қорының ұлғаю мүмкіндігі;

  • басқару деңгейінде шешім қабылдауға қажетті ақпараттың жеткіліктілігі;

  • ақпаратты сақтау сенімділігі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет