Катушка балқымасы болат газ құбыры трубасының механикалық зақымдану кезінде газ шығуын жою
Тұтынушыға газ беруді тоқтату. Кесу аймағына дейінгі және кейінгі аймақта уақытша тірегіш орнату. Газ құбырының зақымдалған аймағын кесіп тастау. Газ құбырының кесілген шетін балқытып біріктіруді өңдеу, уақытша бекіткіш орнату, катушка дайындау үшін өлшемін алу. Жаңа құбырдан катушканың керек өлшемін белгілеу және кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Қолданыстағы газ құбырына уақытша тығын қию. Балқытып біріктірілетін газ құбырларының шетін тазалау. Газ құбырларының арасында катушканы сәйкестендіру және орнату. Қолданыстағы газ құбырының катушкасын пiсiруiн жүргізу. Сәйкестендіргіш сақинасын алу. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру және газ құбырын сары түске екі қатар бояу. Уақытша тіректерді алып тастау.
Электрқорғауды ажырату. Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Зақымдалған түйінін топырақтан тазалау. Газ құбырының ауыстыру аймағын белгілеу. Кесу орындарындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Белгіленген аймақты балқытып кесу және оржолдан алып тастау. Газ құбырының шеттерi балқыламалардан тазалау. Уақытша тығындар орнату. Жаңа құбырдан катушканың керек өлшемін белгілеу және кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Газ құбырының шетінен уақытша тығындар қию, балқытып біріктіруге құбыр шетін тазалау. Газ құбырларының арасында катушканы сәйкестендіру және орнату. Монтаждық түйісуін балқытып біріктіру. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Шунтталатын ұстатқыш қою орнын және балқытып біріктірілген тоғысқан жерлерді, катушканы оқшаулау. Аспаптық әдiспен изоляцияның тегістігін тексеру. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны сыйғызу. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |