Жер асты газ құбырының саңылаусыздығын тексеруді және газдың шығу


Ковер техникалық күйін және ақырғы түтіктің газдылығын визуальды тексеру



бет7/18
Дата19.05.2022
өлшемі354 Kb.
#457615
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Құбырлар рамки для теории

Ковер техникалық күйін және ақырғы түтіктің газдылығын визуальды тексеру


Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Ковер қақпағын ашу. Ковер ішін газдылыққа тексеру. Ковер ішін тазалау. Ақырғы түтіктің шіріп бұзылуының және деформация жоқтығына көз жеткізу. Ақырғы түтікті газдылыққа тексеру. Ковер қақпағын жабу.

1.7 Жер асты газ құбырының қабырға белгісінің реставрациясы


Қабырға белгісін қоқыстан және шаңнан тазалау. Белгіні толығымен екі қайталап сырлау. Трафарет бойынша параметрлерді қайта жаңғырту.

Конденсаттың болуымен конденсатор жинағыштың техникалық күйін визуальды тексеру


Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан ковер қақпағын тазалау. Ковер қақпағын ашу. Конденсатор жинағыш тірегінің шіріп бұзылуының және деформация жоқтығына көз жеткізу. Конденсатор жинағыш тірегінің бұрандасын шешу. Конденсаттың бар жоғын тексеру. Конденсат жинағыш тірегіннің бұрандасын қатайту. Конденсат жинағышының трегінін сабындау арқылы бұрандалық қосылысының тығыз бекiтiлгендігін тексеру. Ковер қақпағын жабу.

Құдықты ластануынан тазалау


Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Құдықтың қоқысын тазалау. Құдықтан шығу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Құдықтан суды тартып тастау


Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жөндеу бригадасына нұсқаулар жүргізу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдықта газдылық жоқ болғанда сорғышқа шлангтiң шетін қосып, екiншi шетін құдыққа түсiрiп, суды тартып шығару. Керек болған жағдайда қол жеткізуге қиын орындардан суды тартып шығару үшін қажеттi шаралар қабылдау. Құдықтан шығу. Құдықты газдылыққа тексеру. Шланг шетін құдықтан алып шығып, сорғыштан екінші шетін ажыратып, сорғыш пен шлангіні жинау. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.
Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жөндеу бригадасына нұсқаулар жүргізу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашыңқырау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықтың желдетуiн өткiзу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет