Жер асты газ құбырының саңылаусыздығын тексеруді және газдың шығу


Газ құдығы гидроизоляция бұзылу орнын қалпына келтіру



бет9/18
Дата19.05.2022
өлшемі354 Kb.
#457615
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Құбырлар рамки для теории

Газ құдығы гидроизоляция бұзылу орнын қалпына келтіру


Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдық өлшемі бойынша жер қазу жұмыстарын жүргізу. Құдықтың сыртқы қабырғасын ескі изоляция материалынан босатып, оқшауланған зақымданған жерін тазалау. Дайындалған орынға гидроизоляция жағу. Құдықтың периметрi бойынша топырақ себу. Цемент ерiтiндiсiн дайындау және беттiк қабатты қалпына келтiру. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Газ құдығы қабырғасы арқылы өту орнында газ құбыры қорабының герметизациясын қалпына келтiру


Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру, ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Қораптан ескі толтырылған затты алып тастау. Қорапқа толтырылатын затты қалпына келтіру. Қораптың шетiне таушайыр құю. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтан шығу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.
Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру, ашу және желдету. Құрылыс қоқысын жинау және зақымдалған беттік қабатты алып тастау. Цемент ерiтiндiсiн дайындау және дайындалған аумаққа құю. Құдықты жабу. Беттiк қабаттың қатуынан кейiн ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.
1.9 Жер асты және жер беті газ құбырларынан газ шығуын жою


Конденсат жинағыш, сутығындаманың бұрандалық байланысқан жерінің герметикалық еместігін жою


Электрқорғауды ажырату. Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Ковер қақпасын қоқыстан және бөгде заттардан тазалау. Коверді газдылыққа тексеру. Ковер қақпағын ашу және желдету. Конденсат жинағыш тірек тығынын бұру және уақытша бітеу орнату. Тығын бұрандасын, ескi тығыздағыш материалынан жасалған су бұрғыш құбырын тазалау және майлау. Қажет жағдайда су бұрғыш құбырда бұранданы алдын ала кесу. Конденсат жинағышның (су тығындама) су бұрғыш құбыры бұрандасын жаңа орау және майлау. Конденсат жинағыш (су тығындама) тiрегінде тығынды бұрау. Тұтынушыға газ беруді қалпына келтіру. Бұрандалық қосылыстың тығыз бекiтiлгендiгін тексеру. Коверді газдылыққа тексеру. Ковер қақпасын жабу. Катушка балқымасы болат газ құбырының балқытып бекітілген тоғысында сызат және жарылыс болған кезінде газ шығуын жою
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Жөндеу аймағында газ қысымын азайту. Кесу аймағына дейінгі және кейінгі аймақта уақытша тірегіш орнату. Газ құбырының зақымдалған аймағын кесіп тастау. Газ құбырының кесілген шетін балқытып біріктіруді өңдеу, уақытша бекіткіш орнату, катушка дайындау үшін өлшемін алу. Жаңа құбырдан катушканың керек өлшемін белгілеу және кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Қолданыстағы газ құбырына уақытша тығын қию. Балқытып біріктірілетін газ құбырларының шетін тазалау. Газ құбырларының арасында катушканы сәйкестендіру және орнату. Қолданыстағы газ құбырының катушкасын пiсiруiн жүргізу. Сәйкестендіргіш сақинасын алу. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру және газ құбырын сары түске екі қатар бояу. Уақытша тіректерді алып тастау.
Газ құбырының ауыстыру аймағын белгілеу. Кесу орындарындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Белгіленген аймақты балқытып кесу және оржолдан алып тастау. Газ құбырының шеттерi балқыламалардан тазалау. Уақытша тығындар орнату. Жаңа құбырдан катушканың керек өлшемін белгілеу және кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Газ құбырының шетінен уақытша тығындар қию, балқытып біріктіруге құбыр шетін тазалау. Газ құбырларының арасында катушканы сәйкестендіру және орнату. Монтаждық түйісуін балқытып біріктіру. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Шунтталатын ұстатқыш қою орнын және балқытып біріктірілген тоғысқан жерлерді, катушканы оқшаулау. Аспаптық әдiспен изоляцияның тегістігін тексеруiн. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны сыйғызу. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет