3.2 Өндірістік процестерді ұйымдастыру ұстанымдары
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің ең маңызды ұстанымдарына үздіксіздік, ырғақтық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік еңбек заты дайын өнімді өндіру кезінде үздіксіз түрде өңдеуден өткізіліп отыруы тиіс дегенді білдіреді. Ол негізгі қорларды бұрынғысынан да толық пайдалану мен айналымдағы қаражаттардың бұрынғысынан да жылдам айналуына арнап мүмкіндіктер береді.
Ырғақтық – кәсіпорынның өнімді берілген жоспар бойынша біркелкі шығаруы. Ол кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біркелкі жүрісімен қамтамасыз етіледі, бұл ретте оның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау үлкен рөлге ие болады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы ретінде әрекеттердің теңдігі немесе еселігі түсініледі. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен қосымша бөлімшелердің арасында сақталуы тиіс. Сандық пропорцияларды кәсіпорынның дамуында қайсыбір өндірістік буындар негізгі өндірістің қажеттерін қанағаттандырмай немесе оның қажеттерінен асып кететін жағдайдағы диспропорцияларға жол бермей сақтап отыру қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтығы, үздіксіз жүрісі, кәсіпорын үшін материалдық-техникалық құралдардың барынша аз жұмсалуымен өндірістік жоспармен белгіленген өнімнің дер кезінде шығарылуы бұзылады, және соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Өндірістің ұйымдастырылуы өз әдістері мен даму түрлеріне ие болады. Қазіргі кезде өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне ағымдық (жаппай көпшілік), топтық (сериялық) және бірлі-жарымдық әдістері жатады. Олар орын алған ерекшеліктерге байланысты мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында ішінара ғана қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық (жаппай көпшілік түрдегі) әдісі – бұл біртекті өнімді жаппай көпшілік ауқымда үздіксіз шығарумен сипатталатын жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі. Мұндай өндіріс кезінде бұйымдар келесі әрекетке алдыңғы әрекет орындалғаннан кейін арнайы құрылғылардың көмегімен дереу түрде беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді. Бұл әдіс бағыттанудың төмен дәрежесін меңзейді.
Оның артықшылығы өндірістің өнімнің бір түрінен екінші бір түріне жеңіл ауысуына негізделген. Оны ағымдық әдіс бойынша ұйымдастырылған жаппай көпшілік өндіріс кәсіпорындарының жекелеген бөліктерінде қолдануға болады.
Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді. Онда әмбебап құрал-жабдық жұмыс істеп және жоғары білікті әмбебап-жұмысшылар еңбек етеді. Жаппай көпшілік өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі аса жетілдірілген әдіс ретінде әртүрлі өнеркәсіп салаларында үлкен тарауға ие болды: тоқыма, аяқ-киім, тағам, аға өңдеуде, машина жасауда, металл өңдеуде, металлургияда, химияда.
Достарыңызбен бөлісу: |