Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары


- бөлімше. Желілі-кабельдік ғимарат



бет12/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

15 - бөлімше. Желілі-кабельдік ғимарат
582. Кеніш үстінде байланыс, сигнал беру және желілік ғимараттарын жобалау ВНТП-116 байланыстың сымды құралдары. Желілік-кабельді ғимараттар, ОРД 14.370-42 Гипрозем және осы тарумен әзірленген өндірісті басқарудың техникалық құралдарын жобалау және нұсқаулыққа сәйкес іске асырылады.

583. Кәсіпорын аумағында кабельдерге өнеркәсіп байланысы және сигнал берудің барлық түрлері, телемеханикке арналған жұптар, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, мәліметтерді берудің (тарату-іздестіру байланыс желісі және радиофикациядан басқа) енгізілетін бірыңғай кешенді телефон желісі жобаланады. Жекеленген жағдайда технико-экономикалық негіздеме кезінде өнеркәсіп байланыс және сигнал берудің жеке және топтық түрлеріне қарай дара желілерді жобалауға жол беріледі.

584. Желілердің пайдаланылуы мен мақсатына қарамастан кешенді телефон желісіне енгізілген барлық желілердің ортақ коммуникациялық құрылғысы (жәшік, кросс және тағы басқа) болады. Арнайы байланыс желілеріне қатысты емес (ҚНжЕ 11-11, II бөлім, 8.27 тармақшасын қараңыз).

585. Кешенді телефон желісін жобалау кезінде кабельдердегі пайдалану қорының құралы:

магистралды желі үшін мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясынан тарату шкафына дейін (шкафтан қорабқа дейін)-15 %;

тарату желісі (шкафтан қорапқа дейін)-20-25 %;

шахтадағы тарату желісі үшін 30-40 %.

(Пайдалану қоры-кабельдің бос сыйымдылығының пайызбен көрсетілген іске қосылған сыйымдылыққа қатынасы).

586. Кәсіпорындарда кешенді телефон желісі кабельді. Кабель салу экономикалық тиімді болғанда барынша алыс орналасқан абоненттердің аз соңын қосу үшін ғана ауа-сымды желілерді жобалауға жол беріледі.

587. Желінің нақты учаскесінде салу үшін кабель таңдау талап ететін беру сапасына, сондай-ақ салу жағдайына байланысты электрлік есеппен анықталады.

588. Жерасты қазуда байланыс желісі ТУ 16-705433 сәйкес тек шахталық телефон кабелдерімен салынады. Шахты телефон кабелдерінің маркісін, оларды жерасты қазбаларында салу жағдайына байланысты 71-кесте бойынша жүргізіледі.

589. Жер бетінде өзара қосу кабельдерімен байланысты телефон шкафтарына енгізілген және әртүрлі оқпандарда (ұңғымаларда) немесе бір оқпанның әртүрлі бөлімшелерінде салынған жерасты қазбаларында телефон желісін жобалау екіден кем емес магистралды (оқпанды) кабель қарастырылады. Деңгейжиектер арасындағы, көрсетілген шкафтардың бірінің арасындағы немесе өндірістік автоматты телефон станциясының кроссы арасындағы магистральды кабель сыйымдылығы жобаланатын жүктемеге және пайдалану қорына (15 %) резервті авариялық қордың 30 % мөлшерлеріндегі кабельдің стандартты сыйымдылығына дейін дөңгелектеумен анықталады. Қосу кабелінің шкафтар арасындағы сыйымдылығы жер бетінде жер бетіне шығатын және өндірістік автоматты телефон станциясының кроссымен тікелей байланысы жоқ шкафқа қосылған магистралды кабель сыйымдылығы бойынша қабылданады.

590. Әрбір жұмыс деңгейжиектерде сақиналы желілер қарастыралады. Желіні сақиналау кезінде аралас қораптар арасындағы қосу кабелінің сыйымдылығы сақиналауға жататын және барынша үлкен сыйымдылығы бар бір кабельдің 30 % мөлшерінде қабылданады.

591. Телефон желілерін жер асты қазбаларында жобалау кезінде бір кабельде ұшқын қауіпті және ұшқын қауіпті емес тізбектерді біріктіруге жол берілмейді.

592. Шахталық телефон қабельдерін тарату және қосу шахталық кабельдік арматура арқылы іске асырылады.

593. Кәсіпорынның телефон желілері мен телефон кәріздері осы ауданның 10 жылдан кем емес даму перспективасын ескере отырып, жүргізіледі.

594. Электрофицирленген темір жол немесе жоғары жиіліктегі электр беру желілері әсер ететін аумақтан өтетін байланыс желісін жобалау кезінде Сымды байланыс және сымды тарату құрылғыларын электрифицирленген темір жолдың ауыспалы тогының тартқыш желісінің әсерінен қорғау талаптарын және темір жол сигнал берудің сымды байланысы құрылғыларын қорғау талаптарын және телемеханикті қауіпті және кедергі жасайтын электр беру желілерінен қорғау талаптарын басшылыққа алады.

45 - кесте

Телефон кабельдерін пайдаланудың техникалық шарттары



Кабель маркасы

Кабель атауы

Пайдалану басымды саласы




Салудың ұсынылатын орындары




Тіке баған

еңкіш баған

Кен орындары және баған маңындағы алаң

Квершлаг

Орттар

Тасылым штректері

Еңіс, бремсберг, жүрулер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

КТМППЭЗКШв

Полиэтиленмен оқшауланған мыс желілі және экранде брондалған, болат мырышталған сымдармен толтырылған поливинилхлорид пластигімен жасалған шлангілі магистральды телефон кабелдері

Менханикалық зақымдануы жоғары шахтаның тіке және еңіс оқпандарында салу үшін

Р

р

н

н

н

н

н



45 – кестенің жалғасы





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

КТМППЭЗКШв

Полиэтиленмен оқшауланған мыс желілі және экранде брондалған, болат мырышталған сымдармен толтырылған поливинилхлорид пластигімен жасалған шлангілі тарату телефон кабелдері




р

р

н

н

н

н

н

КТППВЭЗ

Мыс желілі, полиэтиленмен оқшауланған, ішкі қабықшасы полиэтиленнен, сыртқы поливинилхлорид экранде толтырылған тарату телефон кабелдері

Жер бетінде сыртқа салуға арналған көлденең және еңіс қазбалар бойынша шахталарда салу үшін

н

р

р

р

р

р

н

45 – кестенің жалғасы




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

КТППВЭ

Мыс желілі, полиэтиленмен оқшауланған, экрандағы қабықшасымен болат таспамен брондалған, тарату телефон кабельдер

Жер бетінде сыртқа салуға арналған көлденең және еңіс қазбалар бойынша шахталарды салу үшін

н

р

р

р

р

р

н

КТППЭЗбШв

Мыс желілі, полиэтиленмен және қабықшасымен, толықтырумен оқшауланған, болат таспамен брондалған, поливинилхлорид пластигінен жасалған шлангілі тарату телефон кабелдері

Ылғалдылығы жоғары және механикалық зақымдану мүмкіндігі жоғары көлденең және еңіс қазбалар бойынша шахталарды салу үшін

н

р

н

н

н

н

р




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

КТППЭБбШв

Мыс желілі, полиэтиленмен және қабықшасымен, толықтырумен оқшауланған, экранда болат таспамен брондалған тарату телефон кабельдері




н

р

н

н

н

н

р

КТАПВ

Мыс желілі, полиэтиленмен оқшауланған, поливинилхлорид пластигі қабықшасындағы тарату телефон кабельдері

Шахталарда уақытша байланыс ұйымдастыру үшін

н

р

р

р

р

р

р




2

3

4

5

6

7

8

9

10

КТАПВТ

Мыс желілі, полиэтиленмен оқшауланған, поливинилхлорид пластигі қабықшасындағы тарату телефон кабельдері

Көлденең және еңіс қазбалар бойынша шахтада салу үшін

Рх

Р

Р

Р

Р

Р

Р

Шартты белгілер: р-рұқсат етілген

н-ұсынылмайды

рх-уақытша байланыс

8 – бөлім. Технологиялық процестерді автоматтандыру және диспетчерлеу

1 - бөлімше. Жалпы талаптар
595. Автоматтандыру және басқару тарауын әзірлеу кезінде жаңаларды салу, қолданыстағы жер асты кеніштерін реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және қуаттылығын қолдау үшін жобалық құжаттар құрамында осы нормалар сақталады. Қазандық, компрессорлық, өнеркәсіп желдеткіш және басқа жүйелер сияқты объектілерді жобалау кезінде жалпы мемлекеттік немесе ведомствалық нормативтік құжаттар талаптары ескеріледі.

Қолданыстағы нұсқаулықтар, нұсқамалар, бұйрықтар, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі МЖОҰ, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі МЖОҰ және басқалар негізінде автоматтау, диспетчерлеу, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі МЖОҰ, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі МЖОҰ жобалау жүргізіледі.

596. Жер асты кеніштерінде келесі негізгі технологиялық құрылғылар мен кешендер автоматизациялауға жатады:

желдеткіш құрылғы;

калориферлік құрылғы;

желдеткіш есіктері мен шлюзлы құрылғы;

су төкпе құрылғы;

жер асты ұсату құрылғы;

оқпан маңындағы ауладағы және жер бетіндегі түсіру құрылғы;

вагоншалармен алмасу;

көтергіш құрылғы;

конвейерлік көлік;

тоқарба көлігі;

өзіндік жүретін көлік.

597. Жобалау кезінде қарастырылады:

құрылғы, кешендер және жекелеген механизмдерді автоматизациялау;

жедел-диспетчерлік басқару жүйесі;

жедел-диспетчерлік басқару жүйесі бар технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

электр пайдалануды автоматты бақылау және есепке алу жүйесі.

Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен жедел-диспетчерлік басқару жүйесі жедел-диспетчерлік басқару жүйесі тау-кен кәсіпорындары үшін осы жүйелерді әзірлеу жөніндегі басты институт анықтаған критерийлерді ескере отырып, аттестацияланған ұйым жобалайды.

598. Құрылғылар, кешендер мен жекелеген механизмдерді автоматты басқару жұмыс жағдайының жақсаруын жеңілдетілуін, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнынының төмендеуін арттыруды қамтамасыз етеді.

Технологиялық қажеттлік және техникалық мүмкіндіктерге байланысты келесі басқару режимдері қарастырылады:

Дистанционды-операторлық немесе диспетчерлік пункттен;

автоматтандырылған (жартылай автоматтандырылған), оператор немесе диспетчер автоматты басқарудың локальды жүйесі арқылы іске асырылады.

Барлық жағдайда жөндеу, сынау, қалпына келтіру және авариялық сөндіру мақсатында жергілікт басқару қарастырылады.

599. Жедел-диспетчерлік басқару жүйесі технологиялық процестерді жедел енгізу үшін кеніш операторлары мен диспетчеріне ақпараттарды жинау, беру, өңдеу және ұсынуға арналған.

Жедел-диспетчерлік басқару жүйесі технологиялық материалдың саны мен сапасын бақылауды, негізгі технологиялық процестердің өндірістік қызметін бақылауды, жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін бақылауды және бастапқы кезеңде аварияны жоюды басқаруды, негізгі және көмекші өндірістік объектілердің жұмысын үйлестіруді жедел шараларды және өндірістік учаскелер жұмыс арты туралы ақпаратты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

600. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі ақпараратты жинау, беру, өңдеудің технологиялық процестерін тиімді басқару, жекелеген учаскелер мен жалпы кеніш бойынша технико-экономикалық көрсеткіштер есептерін басшылыққа ұсыну және оны басқарудың жоғары тұрған деңгейге беруге арналған.

601. Жедел-диспетчерлік басқару жүйесі бар технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау кезінде қосалқы жүйе енгізу есебінен іске қосу кешендерін бөлуге жол беріледі. Іске қосу кешені тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары АБЖ 111 әзірлеу жөніндегі басты салалық институ әзірлеген қосалқы жүйе есебінен кеңейтіледі.

602. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандыруды жобалау кезінде жедел-диспетчерлік басқару жүйесі бар технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде типтік шешімдер мен сериялы шығарылатын техникалық құралдар пайдаланылады.

603. Жедел-диспетчерлік басқару жүйесі бар АБЖ 111 тау-кен өнеркәсібі өндіріс орындары үшін осы жүйелерді әзірлеу жөніндегі басты институт әзірлеген эталонды жобада қарастырылған көлемді орындалады.
2 - бөлімше. Желдеткіш құрылғы
604. Бас желдеткіш құрылғыны автоматтандырылған кезінде қарастырылады.

Желдеткіш ағынын реверсирлеуді және желдеткіш жұмыстарын үздіксіз бақылауды қоса алғанда, кеніш диспетчерінен (қажет болғанда телемеханика құралдары арқылы) дистанционды басқару.

Жер асты тәсілімен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары Астана, 2008 жыл, талаптарына сәйкес технологиялық параметрлерді (шығын, депрессия және басқалар) өлшеу.

Технологиялық талаптарға сай қажет болғанда жекелеген технологиялық тораптарды (жылыту агрегаттары, дарбаза және басқалар) автоматтандыру.

605. Жергілік желдетудегі автоматтандырылған желдеткіш құрылғы кеніш диспетчерінен дистанционды басқарумен және желдеткіш жұмыстарын үздіксіз бақылаумен қамтамасыз етіледі.

3 - бөлімше. Калориферлі құрылғылар
606. Калориферлі құрылғыларды автоматтандыру кезінде қарастырылады:

қалыпты жұмыс режиміндегі сияқты авариялық жағдай кезінде де дистанциялық (қажет болғанда телемеханика құралдары арқылы) басқару және бақылау мүмкіндігімен тораптар мен механизмдер жұмысын кешенді автоматтандыру;

құрылғының авариялық жағдайы туралы кеніштің диспетчерлік пунктіне берілген шамалар мен сигнал берулерге сәйкес шахтаға берілетін ауа температурасын автоматты қолдау.

607. Оқпанға берілетін ауа температурасын автоматты реттеуге арналған датчиктер (алғашқы өлшеу түрлендіргіштер) ауаның барлық ағынында температурасы орныққан орындарда орналастырылады.



4 - бөлімше. Шлюзді құрылғылар мен желдеткіш есіктер
608. Шлюзді құрылғылар мен желдеткіш есіктер автоматтандыру кезінде қарастырылады:

вагоншалары бар құрамның қозғалысын тіркейтін арнайы датчиктерден есіктердің автоматты ашылуы мен жабылуы;

қазбаларды немесе шахта үстіндегі ғимараттарда бірізді орналасқан екі немесе одан артық есік болғанда тосқауыл, бір уақытта бір есіктен артық есік ашылуын болдырмайтын.

Жалпы шахталық желдеткіш қазбалар бойынша ауа ағынын реттейтін есіктермен дистанционды және жергілікті басқару. Есіктерді басқару тәсілдері барлық жағдайларды технологиялық талаптарға сәйкес анықталады.



5 - бөлімше. Су төкпе құрылғылары
609. Су төкпе құрылғыларды автоматтандыру кезінде өнеркәсіптің сериялы шығаратын аппаратура кешенін, онда көзделген автоматтандыру көлемі, басқару және бақылау тәсілдерін сақтай отырып, қолдану қарастырылады.

Нақты объектілерге арналған автоматтандырудың сериялы шығаратын аппаратура кешені болмаған жағдайда автоматтандыру көлемі технологиялық талаптарға сәйкес анықталады.

Автоматты басқару жүйесі кезінде кеніш диспетчері немесе су төкпе камерасынан су төкпе құрылғысын іске қосу және сөндіру қамтамасыз етіледі.

610. Учаскелік су төкпе құрылғыларын автоматтандыру қажеттілігі мен көлемі жобалау кезінде анықталады.

611. Электрофицирленген сорғыш агрегаттары бар зумпфалы су төкпе құрылғыларын автоматтандыру кезінде зумпфадағы су деңгейінен сорғыштың жұмыс істеуін және жұмыс сорғышы істен шыққан кезде резерв сорғышты автоматты енгізу қарастырылады.

6 - бөлімше. Жер асты ұсату құрылғылары
612. Жер асты ұсату құрылғыларын автоматтандыру кезінде қарастырылады:

технологиялық қондырғымен кешенді жеткізілетін автоматтандыру құралдарын және технологиялық қондырғыны дайындаушы завод ұсыныстарын пайдалану;

материалдарды ұсатуға беру механизмдерімен және материалдарды ұсатудан кейін қабылдау механизмдерімен ұсату құрылғыларын блокировкалау.

7 - бөлімше. Жер асты тиеу пункттері
613. Тиеу пункттері механизмдерін автоматтандыру кезінде қарастырылады:

тиеу құрылғыларын басқару операторынан дистанционды;

тиеу құрылғыларына вагоншалар беруге арналған (тиісті сериялы шығарылатын аппаратура болған жағдайда) тоқарбаны басқарушы оператордан дистанционды;

технологиялық талаптарға сәйкес көмекші технологиялық құрылғыларды автоматтандыру.



8 - бөлімше. Түсіру пункттері
614. Түсіру пункттері механизмдерін автоматтандыру кезінде қарастырылады:

түсіру құрылғыларын басқару операторынан дистанционды;

қабылдау ыдыстарындағы (кен түсіру, бункер және басқалар) материал кен, жыныс) деңгейімен түсіру құрылғыларының жұмысын блокировкалау;

түсіру құрылғыларына вагоншалар беруге арналған (тиісті сериялы шығарылатын аппаратура болған жағдайда) тоқарбаны басқарушы оператордан дистанционды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет