Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін


«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және



бет12/26
Дата30.06.2016
өлшемі6.56 Mb.
#167513
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және

беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органның стенділерінде;

3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында РМК;4) орталықтың стенділерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған сәттен бастап:

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

2) орталыққа өтініш жасаған сәттен бастап:

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні берген кезде – 6 жұмыс күнін;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнін құрайды;

мемлекеттік қызмет алғанға дейін кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін мемлекеттік қызмет құны осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептеп шығарылады.

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы мамандандырылған кәсіпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсіпорын ғимаратындағы кассаларда жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжаттың (түбіртектің) нысаны осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.

Орталықтарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, мемлекеттік қызмет дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанда күн сайын, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезекке» тұру тәртібімен жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильдік орталықтар құжаттарды бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды, алайда бір елді мекенде жұмасына жұмыс уақыты алты сағаттан кем болмауы тиіс.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі, залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген;

2) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған, өртке қарсы сақтық шаралары қабылданған. Залда анықтама бюросы, күту орындары, ақпараттық стенділер орналастырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:

уәкілетті органға:

1) мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беруге өтініш;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың және өкілетті өкілдің жеке бас куәлігінің көшірмелерін тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;

орталыққа:

1) мемлекет жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

1) мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берген кезде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді көшірме;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беруге өтініш;

жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына бұрын берілген жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі туралы шешімінен үзіндінің және/немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергендігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмелері;

салық төлеуші куәлігінің (ЖСН/БСН ұлттық идентификаторға пайдалануға көшкенге дейін) көшірмесі;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

3) жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын беру кезінде:

уәкілетті органға осы стандарттың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актінің телнұсқасын беруге өтініш;

уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті облыстық газеттің уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы;

өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаға;

мынадай құжаттардың мәліметтері:

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін орталық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген құжаттар көшірмелерінің түпнұсқамен сәйкестігін тексереді, содан кейін мемлекет қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарып береді.

12. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органның анықтама бюросында болады.

Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында болады.

13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады. Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні беру сенімхатты, қолхатты және мемлекеттік қызмет алушының не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне не сенім білдірілген тұлғаға жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган мынадай жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;

3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру ол үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.

Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті берілген болып есептеледі.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және орталықтың мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;

3) мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс істеген кезде сыпайылық таныту;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5) өтінішті қарау кезінде лауазымды тұлғалардың қызметінің ашықтығы;

6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарының мазмұны жөніндегі ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау.


4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғалардың байланыс деректері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жауапты болып табылады. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.

22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге шағымды мемлекеттік қызмет алушы:

1) уәкілетті органда мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның басшысының атына;

2) орталықта мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген орталықтың басшысының атына жолдайды.

23. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым онда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолдануға тиіс.

Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), электрондық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңдардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні және берілген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу нәжижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері – күнтізбелік 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеуді талап етпеген жағдайда – күнтізбелік 15 күн.

Орталықта: қолма-қол және пошта арқылы шағымдардың қабылдануының растауы оның орталықтың кеңсесінде тіркелуі (мөртабаны, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымының қабылданғаны жөнінде талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны көрсетіледі.

26. Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатына өткізеді.

Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану

құқығына актілерді ресімдеу  

және беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті органдардың
тізбесі

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің атауы

Орналасқан жері, мекенжайы

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адам

Байланыс телефоны

Электрондық мекен жайы

1

2

3

4

5

Ақмола облысы

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 Б

Басқарма бастығы

8-716-2 25-00-96

uzo_akm@mail.ru

«Ақкөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81

Бөлім бастығы

8-716-38 2-25-48

zem_akkol@ mail.ru

«Аршалы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47

Бөлім бастығы

8-716-44 2-13-56

zem archaly@ mail.ru

«Астрахан ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50

Бөлім бастығы

8-716-41 2-38-65

astrshan_zem@ mail.ru

«Атбасар ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі,9

Бөлім бастығы

8-716-43 2-13-45, 2-43-71

atbasar_ozo@ mail.ru

«Бұланды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

Бөлім бастығы

8-716-46 2-38-15

zem-bul@ mail.ru

«Егіндікөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6

Бөлім бастығы

8-716-42 2-15-10

otdelzemotnegin@ mail.ru

«Еңбекшілдер ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 109

Бөлім бастығы

8-716-39 2-14-73 2-22-83

uzoenbek@ mail.ru

«Ерейментау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 136

Бөлім бастығы

8-716-33 2-12-74

eremenzem@ mail.ru

«Есіл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д.Қонаев көшесі, 13

Бөлім бастығы

8-716-47 2-16-47

Esil_zemcom@ mail.ru

«Жақсы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 32

Бөлім бастығы

8-716-35 2-20-11

bota_99_29_@ mail.ru

«Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Захаров көшесі, 16/4

Бөлім бастығы

8-716-48 9-23-87

otzemot@ kokshetau.online.kz

«Зеренді ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 81

Бөлім бастығы

8-716-32 21-9-91 21-1-87

OZO_ZER@ mail.ru

«Қорғалжын ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 9

Бөлім бастығы

8-716-37 2-16-21

Zemkorg@ mail.ru

«Сандықтау ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі, 119

Бөлім бастығы

8-716-40 9-13-56

zand_zem_@ mail.ru

«Целиноград ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15

Бөлім бастығы

8-716-51 3-11-24 3-11-64

Zimcom73@ mail.ru

«Шортанды ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 13

Бөлім бастығы

8-716-31 2-26-40 2-18-80

zemshort@ mail.ru

«Бурабай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34

Бөлім бастығы

8-716-36 4-22-89

OZOHR@ mail.ru

«Степногор қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-ші шағын аудан, 1-ші ғимарат

Бөлім бастығы

8-716-45 6-25-12

zem_step@ mail.ru

«Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

Бөлім бастығы

8-716-2 25-35-56 25-46-79

ozo@mail.ru

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40

Басқарма бастығы

8-713-2 56-03-55

zem_otnosh@mail.kz

«Әйтеке би ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10

Бөлім бастығы

8-713-39 2-15-72

Zemotdel_Aitek@mail.ru

«Алға ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға ауданы, Алға қаласы, 5-ші шағын аудан, 4

Бөлім бастығы

8-713-37 3-10-37

Alga-zem@ mail.ru

«Байғанин ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д. Қонаев көшесі, 36

Бөлім бастығы

8-713-45 2-25-57

Baiganin_zemotno@mail.ru

«Ырғыз ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 28

Бөлім бастығы

8-713-43 2-10-61

irgizzem@kz

«Қарғалы ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 32

Бөлім бастығы

8-713-42 2-27-66

Kargalazem@kz

«Қобда ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауданы, Желтоқсан көшесі, 26

Бөлім бастығы

8-713-41 2-16-34

hobdazem@ mail.ru

«Мәртөк ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауданы, Мәртөк кенті, Сейфуллин көшесі, 38

Бөлім бастығы

8-713-31 2-11-10

Martukzher@mail.ru

«Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесі, 6

Бөлім бастығы

8-713-33 36-5-29

Mur.zemotdel@mail.ru

«Темір ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 5

Бөлім бастығы

8-713-46 2-21-22

Zem_otnoh@mail.kz

«Ойыл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69

Бөлім бастығы

8-713-32 2-18-80

Zem_komytet@mail.ru

«Шалқар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, 63

Бөлім бастығы

8-713-35 2-13-29

Zhalkar-gkb @mail.ru

«Хромтау ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спорт көшесі, 2

Бөлім бастығы

8-713-36 2-51-47

Khromtau zem @mail.ru

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2

Бөлім бастығы

8-713-2 21-25-56

zem.komytet@mail.ru

Алматы облысы

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42

Басқарма бастығы

8-728-2 27-01-25, ф. 24-16-70

yprzo@mail.ru

«Ақсу ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5

Бөлім бастығы

8-728-32 2-21-26 2-16-60

zemotdelaks@megaline.kz

«Алакөл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 91 г

Бөлім бастығы

8-728-33 2-33-33 2-22-08

akimat_Alako@mail.ru

«Балқаш ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66

Бөлім бастығы

8-727-73 9-12-15 9-16-82

bagi_88@mail.ru

«Еңбекшіқазақ ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 53

Бөлім бастығы

8-727-75 4-54-07 4-57-77

Beiseuov Busashevieh

«Ескелді ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65

Бөлім бастығы

8-728-36 3-00-66 3-17-68

otdel_zhkh @mail.ru

«Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесі, 117

Бөлім бастығы

8-727-70 2-29-51 2-07-44 2-15-11

Umirzakova Saruar

«Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Абай көшесі, 23

Бөлім бастығы

8-727-52 2-26-91 2-09-78

IIiiorgodel08. @mail.ru

«Қарасай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарасай ауданы, Қаскелең ауылы, Гаражная көшесі, 34

Бөлім бастығы

8-727-71 2-00-41 2-58-41

karasay_akimat @ram bler.ru

«Қаратал ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қосмолданов көшесі, 21

Бөлім бастығы

8-728-34 2-10-45

org_karatal @mail.ru

«Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Момышұлы көшесі, ХҚК ғимараты

Бөлім бастығы

8-728-40 2-16-01 3-22-53

kerbakimbux @mail.ru

«Көксу ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көксу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабекұлы көшесі, 38

Бөлім бастығы

8-728-38 2-08-61 2-03-07

fkimat-koksu @mail.ru

«Панфилов ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацк көшесі, 131

Бөлім бастығы

8-728-31 5-11-36 5-01-19

js_rima @bk.ru

«Райымбек ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Әзімжанов көшесі, 3

Бөлім бастығы

8-727-77 2-15-69 2-15-24

raimbek_akimat @mail.ru

«Сарқант ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант ауданы, Сарқант қаласы, Тынышбаев көшесі, 8

Бөлім бастығы

8-728-39 2-17-93 2-32-79

sarkand-2009 @mail.ru

«Талғар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 98

Бөлім бастығы

8-727-73 88-16-71 88-16-72

talgar-akimat @rambler.ru

«Ұйғыр ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Кентал Исламов көшесі, 70

Бөлім бастығы

8-727-78 2-16-50 2-16-96

www.uigur-akimat.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесі, 4

Бөлім бастығы

8-727-72 4-07-75 4-14-04

O_sholpan_67 @mail.ru

«Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылайхан көшесі, 34

Бөлім бастығы

8-728-35 4-27-96

akimat_tekeliforever.kz ozeo @mail.ru

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42

Бөлім бастығы

8-728-2 24-01-45 24-19-76

zemotdelaks@mtgaline.kz

Атырау облысы

«Атырау облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А

Басқарма бастығы

8-712-2 35-46-00, 35-44-06

Atyrau_uzo@mail.kz

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 7

Бөлім бастығы

8-712-37 5-09-01

zemkom_kulsary@mail.ru

«Индер ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер ауданы, Индер кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/12

Бөлім бастығы

8-712-34 2-17-96

InderRZO@mail.ru

«Исатай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, 23

Бөлім бастығы

8-712-31 2-01-59

Isatai_Zem.com@mail.ru

«Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі, 25

Бөлім бастығы

8-712-33 2-14-47

Z_o_kurmangazy@mail.ru

«Қызылқоға ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Сәтпаев көшесі, 24

Бөлім бастығы

8-712-38 2-15-18

Suindik_k@mail.ru

«Мақат ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мақат ауданы, Мақат кенті, Орталық алаң көшесі, 2

Бөлім бастығы

8-712-39 3-22-04

rafaell 81 @mail.ru

«Махамбет ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13

Бөлім бастығы

8-712-36 2-19-45

Zhukovg1950@mail.ru

«Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 94 Б

Бөлім бастығы

8-712-2 45-14-82

Atyraugorzem_@mail.ru

Шығыс Қазақстан облысы

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19

Басқарма бастығы

8-723-2 25-36-81

gzivko@mail.ru

«Абай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 12

Бөлім бастығы

8-722-52 9-12-18

abayzem@mail.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет