Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу



бет33/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   96
treatise203 (2)

5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу.
6) жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және беру. Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар дегеніміз – жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларын көрсететiн және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның  құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға беретiн құжаттары. Құқықты куәландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi және уақытша (өтеулi, өтеусiз) жер пайдалану құқығы актiсi жатады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары беретiн мынадай құжаттар:
жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде – жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде – тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi; уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады.
Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарда жер және құқық кадастрларын жүргiзу мақсаттары үшiн қажеттi сәйкестендiру мәлiметтерi болуға тиiс.
Егер атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге және жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарды бергенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.
Құқықты куәландыратын құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет