Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жерге меншік құқығын және басқа да құқықтарды тоқтату негіздері



бет37/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96
treatise203 (2)

2. Жерге меншік құқығын және басқа да құқықтарды тоқтату негіздері.
Жерге меншік құқығын және басқа да құқықтарды тоқтату негіздері ерікті немесе мәжбүрлі түрде болуы мүмкін. Бұл негіздер ЖК 81-бабында көрсетілген. Жер учаскесiне жеке меншiк ќұќығы немесе жер пайдалану ќұќығы келесі ерікті негіздер бойынша тоқтатылады:
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану ќұќығын иелiктен шығарып басќа тұлғаларға берген жағдайда. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде өз жер учаскесіне құқығын оқшаулауына болады.
2) меншiк иесi меншiк ќұќығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану ќұќығынан бас тартќан жағдайда. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарын сақтау ниетiнсiз олардан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарта алады.
Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк немесе жер пайдалану құқықтарынан бас тартқанын айқын бiлдiретiн iс-әрекет жасаған жағдайда (басқа жаққа кету, учаскенi ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және басқалар), жер кадастрын жүргiзетiн органдар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлай отырып, бұл учаскенi иесiз мүлiк ретiнде есепке алады.
Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiне алады. Сот шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiкке түстi деп танылмаған иесiз жер учаскесiн қалдырып кеткен оның меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы иеленуге, пайдалануға және билiк етуге қайтадан алуы не ол алу мерзiмiнiң өтуi себептi меншiкке немесе жер пайдалануға алынуы мүмкiн.
Иесiз мүлiк ретiнде есепте болған кезiнде мұндай учаске басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының аталған жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтадан меншiкке немесе жер пайдалануға алуға құқығы бар.
Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет меншiгiне түстi деп тану туралы шешiм қабылдай алады.
3) жер учаскесiне меншiк ќұќығынан немесе жер пайдалану ќұќығынан ЌР заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоќтатылады. Мысалы: Жеке тұлғаның қайтыс болуы. Заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы, т.б.
Сонымен қатар, аталған негіздерден басқа жер пайдалану құқығы келесі негіздерде бойынша тоқтатылады
1. учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;
2. жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды ќоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уаќытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоќтатылуы;
3. жер пайдаланушыға ќызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек ќатынастарының тоќтатылуы. (Жер кодексінің 41-бабы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет