Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Жер құқық қатынастарының мазмұнына байланысты



бет5/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
treatise203 (2)

1. Жер құқық қатынастарының мазмұнына байланысты:

  • жерді табиғи объект ретінде қорғаумен байланысты қатынастар;

  • жерді өндіріс құралы ретінде пайдаланумен байланысты қатынастар;

  • жер ресурстарын мемлекеттік басқарумен байланысты қатынастар;

  • жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік қолданумен байланысты қатынастар;

2. Жер құқық қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнына байланысты:

  • жерге меншік құқығын жүзеге асырумен байланысты қатынастар

  • жерге меншік құқығынан туындайтын өзге құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

3. Жер құқық қатынастарының мерзіміне байланысты:

  • тұрақты қатынастар; тұрақты жер пайдалану құқығынан және жерге меншік құқығынан туындайтын қатынастар т.б.

  • уақытша қатынастар; жер учаскесін қысқа (5жыл) немесе ұзақ (49жыл) мерзімді уақытша пайдаланудан туындайтын қатынастар т.б.

4. Жер құқық қатынастарының туындау негіздеріне байланысты:

5. Жер құқық қатынастары нормаларының мазмұнына байланысты:

  • материалдық қатынастар;

  • процессуалдық қатынастар:




  1. Жер құқығының әдістері және жүйесі

Жер қатынастарының ерекшеліктері жер құқығында қолданылатын реттеу әдістерінің мамзұнына жанама түрде байланысты болады. Белгілі әдіс түрін қолдану жер құқық қатынастарының қандай салада қалыптасқандығын білдіреді. Мәселен, жер қорын мемлекеттік басқарумен байланысты жер құқық қатынастарына билік әдісі қолданыслса, жер учаскесін жалға беру барысныда шартты әдістер тобы қолданылады. Жер құқығының әдістері дегеніміз – жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: императивті және диспозитивті.
Жер құқығының императивті әдістері – билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анықтауда, жер учаскесінің шекті мөлшерін анықтауда, жер учаскесін тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда қолданылады.
Жер құқығының диспозитивті әдісі – жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Бұл әдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жер құқық қатынастарының ерекшелігі, осы саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде императивтік және диспозитивтік әдістердің өзара үйлесімділігімен айқындалады. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруі, жас құқық салаларының пайда болуы құқықтық реттеу әдісін құқық саласын жеке дара қарастырудың алғышарты ретінде тану көзқарасын өзгертті. Себебі, көптеген құқық салалары, мысалы, жер құқығы, аграрлық құқық, кәсіпкерлік құқық, т.б. салалар аталған екі әдісті де қолданады. Сол себептен, құқықтық реттеудің белгілі бір нысанын қолдану құқық саласын бөліп қарастырудың негізі болып табылмайды.
Жер ќ±ќыѓыныњ ж‰йесін, жер ќатынастарын реттеу барысында єр т‰рлі міндеттер атќаратын институттар ретінде ќарау ќажет. Жер ќ±ќыѓын жєне ќ±ќыќтыќ сала ретінде кµрсететін басты институттар ол жалпы институттары, ал жер ќатынастарыныњ жекелеген т‰рлерініњ немесе кейбір с±раќтарды ѓана реттеуге баѓытталѓан жер ќ±ќыќтыќ нормалары – арнайы институттар болып табылады. Сонымен жер ќ±ќыѓыныњ жалпы бµлімін жалпы институттар ќ±раса, ерекше бµлімін – арнайы институттар ќ±райды.
Шын мєнінде ќатынастарды реттеп отырѓан ќ±ќыќ ж‰йесін ѓылыми т±рѓыдан т‰сіндіру, сол саланыњ жеке ќ±рылымдыќ бµліктерін, олардыњ ерекшеленуімен µзара байланыстарын жєне ішкі ќалыптасу зањдылыќтарын ќамтиды. Б±л процестіњ бір мањызды жаѓы барлыќ басќа институттарѓа немесе олардыњ басым кµпшілігіне бірдей жалпы ережелер ќолданылатынын жєне осы институттар біртектес немесе µздерініњ бірігуі кезінде, аталмыш ќ±ќыќ саласын ќалыптастыратынын аныќтайды.
Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім.
Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан.
Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі.
Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын және жерді халықаралық қорғау және жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет