Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


ТAҚЫPЫП. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ



бет50/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96
treatise203 (2)

8 ТAҚЫPЫП. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Сұрақтары:
1. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларының жүйесі.
2. Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлік құжаттар, кадастр жүргізу тәртібі. Жерге құқықтарды мемлекеттік реттеу.
3. Жер мониторингінің түсінігі, құрылысы, мазмұны.
4. Жерге орналастырудың түсінігі, оның функциясы, міндеттері, жерге орналастыру процессінің кезеңдері және оның мазмұны.
5. Жерлердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттары.
6. Жерге ақы төлеу. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер дауларын шешу.
1. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларының жүйесі.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің функциялары дегеніміз – жерді қорғауға ұтымды және нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын негізгі қызметтер болып танылады, яғни мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі бағыттардың жиынтығы. Бұл қызметтердің бірнеше түрлері бар:

  • жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;

  • жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру немесе алып қою;

  • жердің санатын анықтау және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру;

  • жерді аймақтарға бөлу және жерге орналастыруды жүзеге асыру;

  • жер мониторингісін жүргізіу;

  • жер төлемдерін алу;

  • жерді қорғау шараларын жүргізу;

  • жерді пайдалану мен қорғау шараларына мемлекеттік бақылау жүргізу;

  • жер дауларын шешу;

  • жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту;



2. Жер кадастрының түсінігі, жер-кадастрлік құжаттар, кадастр жүргізу тәртібі.
Жалпы «кадастр» деген түсініктің екі түп тамыры бар. Біріншіден «caput» - нақты зат және «capitastrum» осы заттардың тізімі. Ал жер кадастры дегеніміз, ғалымдардың пікірі бойынша кең мағынада – жерді өндіріс құралы ретінде сипаттайтын барлық қажетті мәліметтердің жиынтығы. Тар мағынада жерді бағалау яғни, жердің табиғи және шаруашылық жағдайын анықтайтын бағалау мәліметтері. Жер кадастры дегеніміз – Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының келесідей белгілерін атап көрсетуге болады:
Біріншіден, кадастрда жер учаскесі, жерге меншік құқығының субъектілері, жер пайдалану, жерді жалдау, жер учаскесінің нысаналы мақсаты, оларды қолдану сипаттамасы туралы мәліметтер болуы керек;
Екіншіден, жерді сандық жағынан есепке алу мәліметтері, яғни, жер алаңдарын жер құқық қатынастары субъектілеріне бөліп беру туралы мәліметтер;
Үшіншіден, жердің сапалық жағдайы туралы, яғни, жерді пайдалануға әсер ететін табиғи сипаты мен белгілеріне /топырақтың механикалық құрамы, жер бедері, жағымсыз процесстер – эрозия, тұздану, тапталу белгілері мен экологиялық технологиялық, қала құрылысы сипаттары/ байланысты жүзеге асырылатын жер-кадастрлық аудандарға бөлу, топырақты топтастыру, жерді санаттарға бөлу т.с.с шаралар нәтижесінде алынатын мәліметтер;
Төртіншіден, кадастрда жерді бағалау беріледі, яғни, жер ауыл шаруашылығының өндіріс құралы және кеңістіктік базис ретінде салыстырмалы бағасын, сонымен бірге, пайдаланудың тиімділік деңгейін анықтайды.
Жер кадастрын жүргізу мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мемлекеттік жер кадастры жер ресурстарны басқару жөніндегі Агенттілікпен және оның жергілікті бөлімшелерімен жүргізіледі. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлыќ iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың), аудандардың (облыстыќ маңызы бар ќалалардың) жергiлiктi атќарушы органдарының, аудандыќ маңызы бар ќала, кент, ауыл (село), ауылдыќ (селолыќ) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Ќазаќстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген ќұзыретiне сәйкес, облыстың (республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың), ауданның (облыстыќ маңызы бар ќаланың) жер ќатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге ќұќыќ беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет