Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері



бет62/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
treatise203 (2)

2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.
2003 жылға дейін Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер келесі жағдайларда ғана жеке меншікке беріледі:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін;
2. Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін;
3. Орман өсiру үшін;
4. Бағбандық және саяжай құрылысы үшін;
5. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн;
6. Тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін;
6. Үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi.


3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.
Арнайы жер қоры Қазақстанда 1991 жылы жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Құқықтық жағдайы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.
Жерді ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің арасында жер учаскелерін қайта бөлу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатндағы жерлер және босалқы жерлерден арнайы жер қоры құрылады. Арнайы жер қоры:

  • жер учаскесінен өз еркімен бас тартқан жағдайда;

  • Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда;

  • Егер заң бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде-бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.

Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорының құрамына енгізу туралы шешімді аудандық атқарушы орган қабылдайды.


4. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру (трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негiзделедi.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiмi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге негiз бола алады.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, ал жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша - олардың өз қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Топырақ-мелиорациялық жай-күйi оларды басқа алқап түрiне ауыстыруды қажет ететiн ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық iзденiстер материалдарын, тұзданудың түсiрiлген суреттерiн, жер кадастрының, жердi түгендеудiң деректерiн зерделеу негiзiнде алдын ала анықталады.
Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстыруға:
егiстiк үшiн – жердiң агроөндiрiстiк топырақ сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуi, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейi;
көп жылдық екпелер үшiн – екпелердiң шектi жасы, олардың сиреуi, жердiң кен құрамының жұтаңдығы, қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы;
шабындықтар үшiн - жердiң шөлейттенуi, шалғындық өсiмдiктердiң сиреуi, жердiң мелиорациялық күйiнiң нашарлауы;
жайылымдар үшiн – тапталып бүлiнуi негiз болып табылады.
Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыстыру кезiнде жоғарыда санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал жайылма суармалы жер үшiн - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi ескерiледi.
Қажет болған кезде жергiлiктi атқарушы органдар бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстырудың басқа да көрсеткiштерiн: ауыл шаруашылығы алқаптарының өнiмдiлiгiнiң тым төмен болуы, топырақтың тұздану, сортаңдану, ластану деңгейiн және алқаптардың сапалық сипаттамасына әсер ететiн басқа да өлшемдердi белгiлейдi.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдарда:
қорытындылар мен ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;
бiр түрден екiншiсiне ауыстыру көзделген жерлердiң экспликациясы;
трансформацияға жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетiлген далалық зерттеу актiсi мен сызбасы;
жер учаскелерiнiң сапалық сипаттамасы;
суару жүйесiнiң, жайылма суару жүйесiнiң, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйi, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдар жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық органға аудан бойынша жинақтап қорыту, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу үшiн жiберiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет