5. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.
Тарихи-мәдени маќсаттағы жер дегеніміз - тарихи-мәдени ќорыќтар, мемориалдыќ парктер, ќорымдар, археологиялыќ парктер (ќорғандар, ќала орындары, тұраќтар), сәулет-ландшафт кешендерi, жартастағы бейнелер, ғибадат ќұрылыстары, шайќас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелерi.
Ќазаќстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды ќоспағанда, тарихи-мәдени маќсаттағы жерге жатќызылған жер учаскелерi оның меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып ќойылмайды.
Жергiлiктi атќарушы органдар тарихи-мәдени маќсаттағы жердiң жекелеген учаскелерiнде, соның iшiнде зерттеуге және саќтап ќоюға жататын мәдени мұра объектiлерiнде кез келген шаруашылыќ ќызметiне шектеу ќоюы мүмкiн.
Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң түciнiгi. Пайдалану ерекшелiктерi.
2. Қорық жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi.
3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткiштерге берiлген жерлердiң құқықтық жағдайы.
4. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Осы жерлердi пайдаланудың тәртiбi және жағдайы
5. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.
14 ТАҚЫРЫП. ОРМАН ЖӘНЕ СУ ҚОРЫ ЖЕРЛЕРIНIҢ, МЕМЛЕКЕТТІК БОСАЛҚЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сұрақтары:
Орман қоры жерлерiнiң түciнiгi, құрамы.
Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердiң құқықтық жағдайы.
Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі.
1. Орман қоры жерлерiнiң түciнiгi, құрамы.
Қазақстан әлемнің орманы аз елдердің қатарына жатады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 26464,2 мың га. Орман орналасқан аумақ 12374,1 мың га, олардың ішінде 896,7 мың га – қолдан отырғызылған ормандар. Қазақстанның орманды аумағы 4,5% құрайды.
Жалпы орман дегеніміз - ҚР Орман кодексінің 24-бабында орман – экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар, қоршаған ортамен ықпалдасатын, бұтақтық және теректік өсімдіктердің, басқа да тірі табиғаттардың құрамдастары негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын табиғи кешен деп көрсетілген. Орманның келесідей белгілері бар:
Биологиялық белгі - бұтақтық, теректік және шөптік өсімдіктердің жиынтығы;
Құқықтық белгісі - заңда белгіленген тәртіппен бөлінген, орман қорының жерлеріндегі өсінділер;
Экологиялық белгісі - қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.
ҚР ОК 8-бабына сәйкес, орман қорының жерлері мемелекеттік және жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді.
Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады.
Мемлекеттік орман қорына :
1) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар;
2) Табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері:
3) Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі ені 10 метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелері жатады.
ҚР ОК 8-ші бабының 3-тармағына сәйкес, жекеше орман қорының жеріне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген, агроорман - мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсірілген жерлер жатады. ҚР Орман кодексі бойынша орман қорына жатпайтындар:
Жеке ағаштар және аумағы 0,05 гектардан аспайтын ағаш топтары, мемлекеттік орман қоры жерлерінен тыс орналасқан,ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерде өскен бұтақтық өсімдіктер;
Елді мекен жерлеріндегі көгалдандыру түптері, қала ормандары мен орман парктерін қоспағанда;
Саяжай және бақшалардағы ағаштар мен бұтақтар.
Орманды, сондай-аќ ағаш өспеген, бiраќ орман шаруашылығының ќажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман ќорының жерi деп танылады.
Орман ќорының жерiде мемлекеттiк және жекеше орман ќоры жерiнен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттiк бюджет ќаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-аќ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұраќты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттiк орман ќорының жерiне жатады.
Жекеше орман ќоры жерiне жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар ќаражаты есебiнен отырғызылған және олардың жеке меншiгiне берiлген жасанды орманы бар жер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |