Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті



бет81/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96
treatise203 (2)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


Заң факультеті


Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы


«Бекітемін»
Заң факультетінің деканы
з.ғ.д., профессор
Байдельдинов Д.Л.

-------------------------------------
«_____»_________2006ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)

Қазақстан Республикасының жер құқығы” пәнінен


Мамандығы – 521630, 121640 - юриспруденция;
Оқыту нысаны- күндізгі
Кредит саны - 2
Курс - 3
Семестр - 5
Лекциялар-15 сағат,
Семинар сабақтары - 15 сағат,
Аудиториялық сағат - 30
СӨЖ- 30 сағат
СОӨЖ - 30
Барлығы - 90
Емтихан - 5 семестрде
Аралық бақылаудың саны-2
Алматы қ.,
2007 ж.

АЛҒЫ СӨЗ


Жерге деген ғаламат сый материалдық әлемнiң өзге объектiлерiн алмастырмайды. Оны барлық азаматтық кұндылық алмастырмайды. Жер өзге табиғи объектiлер сияқты бағасыз халық құндылығын бiлдiретiн биопотенциалық құнарлы топырағын қамтиды. К,азақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасының халықтың өмірінің негiзi болып белгiленген.


Жер Қазақстан Республикасының конституциялық, әкiмшiлiк, азаматтық, отбасы, қаржылық, салықтық жене аграрлық құқықтық, сонымен бiрге мемлекеттiк шекара, мемлекеттiк құрылым, азаматтық мәмiле жасау, жер учаскесiне деген отбасылардың меншiгiн бөлу, салық салу және ауыл - шаруашылық өндiрiс тағы басқалардың құқықтық реттеу пенi болып табылады.
Жердiң көпқырлы қызметтi жүзеге асыруына байланысты жерге байланысты туындайтын қатынастарды, сонымен бiрге, жер шаруашылық қатынастарды бiрiккен және өзара тығыз байланысты құқық реттеу қажеттiлiгi туындап отыр. Сонымен бiрге, жердiң объектiлердi орналастыратын кеңiстiк, орман, су, өсiмдiгi әлемi және өзге табиғи ресурстар үшiн кеңiстiк негiзi болу қасиетiне жер қатынастарын құқықтық реттеу жер құқығымен байланысты.
Жер құқығы Қазақстан Республикасының дербес құқық саласы ретiнде жердi табиғи ресурс ретiнде пайдалану мен қopғay, жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мaқcaтынан өндiрiс құралы және шарты сонымен бiрге кұнарлы топырақты жақсарту және ұтымды пайдалану, жер қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы.
Аталған пәндi oқуға кiрiспес бұрын Қазақстан Республикасыньң жер құқығының пайда болуы мен даму тарихын бiлуiмiз қажет.
Қазақстандағы жер қатынастарының реттелуі терең тарихи кезеңге кетедi. Революцияға дейiнгi Қазақстандағы жер қатынастары патшалықтық отарлау саясатын жүзеге асыруға бағыттайтын Ресей империясының заңдарымен реттелген болатын. Қазақстан Республикасының жер құқығын қалыптастырудың кеңестiк кезеңi 1917 жылдан басталған. 1938 жылға дейiн "Жер құқығы" пәнi дербес мәртебесi болмай, жер колхоз құқығы ретiнде оқытылған болатын. 1938 жылдан 80­ жылдардың ортасына дейiн жоғарғы оқу орындарында, кейiннен дербес оқу пәнi ретiнде жинақталған "жер құқық" пәнi жүргiзiле бастады. 70 жылдары жер заңдарынан бастап тау кен құқығынa дейiн табиғи ресурстар заңнамасының жүйелену процесi болады, ал 80 жылдардың басына жер заңнамасына сейкес жер, су, орман кодестерi қабылданған болатын.
1988 жылғы жаңа пән "Экологиялық құқық" пайда болды, ал жер экологиялық объект ретiнде танылды. Бiрақ, кейiн жердi табиғи ресурс ретiнде және экологиялық объект ретiнде бiр курста оқытудың қиындығы байқалды. Алдымен "Жер құқығы" курсын, кейiн "Экология құқық" курсын oқуға кipicy қажеттiлiгi туындады. Осыған сәйкес жер құқығының алғашқы құрылымы мен институттары өзгердi. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей деңгейде реттеледi, қорғалады, ауылшаруашылық мaқcaтындaғы жер тауарлық өндiрiс жүргiзу үшiн және меншiкте болуы мүмкін және пайдалану мен қорғалудың ерекше мәртебесiне ие. Жер қорын мемлекеттiк реттеу нарықтық экономиканық талаптарына жауап беретiн жаңа сапалы бағытқа ие.
Жаңа құқық, инститyттар, сонымен бiрге жер қорының жаңа санаттары (рекриациялық, тарихи-мәдени мақсат жерлерi т.б.), яғни «Жер құқығы» курсының ерекше бөлiмiнің құқық институттары пайда болады.
Жер құқық қатынастарын реттеу ерекшелiгi дамып өзге ұксас құқық салаларынан бөлiнiп шықты. Казақстан Республикасының жаңа Жер кодексi қабылданды. Әртүрлi құқық салалар нормаларының өзара әрекет ету, жанасуы және интеграция процестерi жүзеге асырылуда. Жер құқық саласына азаматтық, еңбек құқығы және өзге де құқық салаларының нормалары енуде. Жер құқығы ғылым саласы ретiнде даму үcтiндe. Қазақстан Республикасының ғалымдарының түткiлiктi зерттеулерi бар және олардың кейбiрлерi ұсынылатын әдебиеттер тiзiмiне ендi.
Haқты пәндi оқыту әдiсi студенттердiң болашақ мамандығы үшiн қажет бiлiмдi беруге бағытталғандықтан, жаңа мақсаты бар. Бiлiм алу лекция және семинар сабақта материалды ic жүзiнде оқу, тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттердi, оқулықтарды, oқу құралдарын оқу сонымен бiрге лекция және семинар сабақтарды ерекше интерактивтi әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Haқты курстағы басталған жер қатынастарын оқуын студенттер 6 семестрде "Экологиялық құқық" (жердi қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi ретiнде) және "Аграрлық құқық" (ауылшаруашылық жерлерiн шаруашылық пайдалану тәрmiбiне көніл бөлінедi) курстарын оқумен жалғастырады.
Бағдарлама "Жер құқығы» курсын жоғарғы оқу орындарының барлық факультеттерiнде oқу жоспарына сэйкес көлемде оқыту үшiн арналған. "Жер құқығы" курсын оқып бiтiргеннен кейiн емтихан тапсырады, емтихан үшiн cұpaқтap тiзiмi нақты жұмыс бағдарламасында көрініс тапқан. Ұсынылған әдебиеттер, негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер тiзiмi осы курсты оқу үшiн арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет