Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады. Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес. Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойланған жөн. Өйткені зиян екі жақты болып отыр. Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер азып тозады. Оған түрлі тыңайтқыштар беру аркылы қалпына келтіріп отыру керек. Жер беті әсіресе пайдалы қазбалар өндіруге байланысты үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өндіріс алаңында басы сүйір төбелер көптеп кездеседі. Олар — шахтадан көмір, темір, т. б. кен кабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері, яғни террикондар (латынша терра - жер, кон - конус). Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп. - Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады. Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес. Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойланған жөн. Өйткені зиян екі жақты болып отыр. Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер азып тозады. Оған түрлі тыңайтқыштар беру аркылы қалпына келтіріп отыру керек. Жер беті әсіресе пайдалы қазбалар өндіруге байланысты үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өндіріс алаңында басы сүйір төбелер көптеп кездеседі. Олар — шахтадан көмір, темір, т. б. кен кабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері, яғни террикондар (латынша терра - жер, кон - конус). Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.
Пайдалы қазбалары қазып алынған карьерлердің орнына қолдан көл жасап, төңірегіне ағаш отырғызу тиімді. Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады. Адамдар мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтындығы жайында көпке дейін ойланған емес. Тек 20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсе бастады. 1939 жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағындағы екі қаласының тұрғындары жердің айтарлықтай қозғалғанын сезген. Оған мұнай мен газ өндіргенде жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағаны себеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 меітрге дейін шөккен. Соның нәтижесінде жолдар, құбырлар, үйлер, көпірлер, тіпті мұнай құбырларының өздері де бұзыла бастаған. Жер бетінің шөгуі тездеп, жылына 80 сантиметрге жеткен. Ғалымдар бұл залалдан құтылудың жолын жедел іздестіре бастайды. Олар жер қойнауында пайда болған куысқа су айдап, толтыру керек деген тоқтамға келеді. Төжірибе бірден оң нөтиже берді. Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде мұнай мен газ өндірілетін аймақтарда жер қойнауына міндетті түрде су жіберілетін болды. - Пайдалы қазбалары қазып алынған карьерлердің орнына қолдан көл жасап, төңірегіне ағаш отырғызу тиімді. Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады. Адамдар мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтындығы жайында көпке дейін ойланған емес. Тек 20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсе бастады. 1939 жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағындағы екі қаласының тұрғындары жердің айтарлықтай қозғалғанын сезген. Оған мұнай мен газ өндіргенде жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағаны себеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 меітрге дейін шөккен. Соның нәтижесінде жолдар, құбырлар, үйлер, көпірлер, тіпті мұнай құбырларының өздері де бұзыла бастаған. Жер бетінің шөгуі тездеп, жылына 80 сантиметрге жеткен. Ғалымдар бұл залалдан құтылудың жолын жедел іздестіре бастайды. Олар жер қойнауында пайда болған куысқа су айдап, толтыру керек деген тоқтамға келеді. Төжірибе бірден оң нөтиже берді. Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде мұнай мен газ өндірілетін аймақтарда жер қойнауына міндетті түрде су жіберілетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |