Жер кадастры



бет15/23
Дата15.01.2023
өлшемі193.2 Kb.
#468418
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
жер кад лек

Бақылау сұрақтары :
1. Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің негізін кім қалады?
2. Бонитеттеу негізіне топырақтардың қандай қасиеттері алынады?
3. Бонитеттеу шкаласын құруда қай көрсеткіш ең басты болып саналады?
4. Бонитет баллын анықтауда топырақтар қасиеттерінің басқа көрсеткіштері қалай ескеріледі?
5. Топырақтарды бағалауда дақылдардың орта көпжылдық шығымдылығы не үшін қажет?
6. Топырақтарды бонитеттеуде статистикалық өңдеу қалай жүргізіледі?
7. Жерді экономикалық бағалау деген не?
8.. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық бағалау қандай мақсаттарда жүргізіледі?
9. Жерлерді экономикалық бағалаудың қандай негізгі көрсеткіштері болады?
Дискуссиялық сурақтар:

  1. Дифференциалдық пайда деген не?

  2. Шығындар орнының толтырылуы деген не?

  3. Жыртылатын жерлердің бағалауы қалай жүргізіледі?

  4. Жер учаскесінің орналасуы оның бағасына қалай әсер етеді?

  5. Мал азықтық табиғи алқаптарын бағалаудың ерекшелігі неде?

  6. Нормативтік бағаны есептеу әдістемесінің ерекшелігі неде?

  7. Бағалық аудандастыру, бағалық кластар, контурлар деген не?


5. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ, ЕСЕПТЕУ ТӘРТIПТЕРI
5.1 Жер салығының экономикалық мазмұны мен есептеуі
Жер салығы – бұл жер рентасының бiр түрi болып табылады. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырлар аралығында саяси экономиканы дамытқан адамдар айтқан, егер жер меншiгi болашақта кiрiс әкелсе, байлықтың негiзi болса, яғни жерге салық салу арқылы мемлекеттiк кiрiс байлықтың ең бастапқы көзi болуы керек. Нақты жер учаскесiн пайдалану арқылы бұл салық кiрiс жағынан негiзделедi.
Жер салығын енгiзуге байланысты сұрақтар негiзгi қиыншылықты көрсетедi. Ең басты қиыншылық, яғни оны енгiзудiң методологиялық жағынан бәсекелес болып келуi. Өткен және қазiргi заманда жер салығы туралы көптеген ғалымдар осы салық туралы жұмыстарын жасаған. Олар: Т. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және т. б.
19 ғасырдың 20-шы жылдардың басында Н. Суханов ренталық салым мағынасына сипаттамасын былай деп жазған: « Мақсат – бұл екi бөлiмге бөлінедi. Бiрiншiден, жер рентасынан салық түрiнде қалай алуға болады, ал екiншiден, қоғамдық қажеттiлiкке байланысты рентаны қаратуға немесе таратуға болады, соны қарастыру керек» , - деген.
Жер салығын енгiзу ең алдымен ресурстарды және жердi рационалды түрде пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн көтеру үшiн қажет. Сонымен қатар жердегi шаруашылықтың тең мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету.
«Монополияны және бөлек топтағы жер иелерiнiң артықшылықтарындағы басқалардың ынталарын жою үшiн, тек жерге салық салу арқылы ғана болады», - деп жазған Н.Суханов.
Дамыған және ТМД мемлекеттерiнде қолданатын жер салығының формасын үйрену негiзiнде Н. Зенец оның ерекше элементтерiне байланысты келесi классификацияны ұсынды және де сол мемлекеттердегi сияқты нақты әлеуметтiк – экономикалық жағдайларды еске ала отырып талдау жасады:
- жер салығының функциялары – кәсiпорындағы жер салығындағы әсер ететiн нақты формалары;
- салықты төлейтiн көздер – шаруашылықтың белгiлi – бiр кiрiсi, бұдан салық төленедi;
- салық мөлшерiн белгiлеу – салық салу ауырлығын анықтау әдiсi;
- салық салу объектiлерi – салық салуға жататын жер құрамы;
- салық ставкаларын анықтау үшiн базалар – мысалы, баға, рента мөлшерi, жердiң бағалаған баллы;
- салық алушылар – салықтың қай түрi, қай бюджетке түсетiнi (жергiлiктi, республикалық );
- басқа салықтармен қатынасы;
- ортақ салық салу жүйесiндегi жер салығын және басқа салықтар арасындағы функцияны бөлу;
- жер салығын төлеушiлер категориялары – акционерлiк қоғамдар, корпаративтiк кәсiпорындар.
Классификация мәлiметтерiне байланысты салық салу анализы бойынша талдау өткiзiлдi. Бiрiншiден мынаны белгiлейiк, жер салығының функциясы және оны төлеу көздерi арасындағы байланысты. Жердi рационалды түрде пайдалану функциясы, барлық ТМД мемлекеттерi үшiн спецификалық болып келедi. Сондықтан да, жер салығын төлеу көзi болып, жер рентасы табылады. Европалық одақ мемлекеттерiнде бұндай жағдайға ерекше жағдай жасау қажеттiлiгi жоқ, себебi бұл функция жеке меншiктiк жағдайда жақсы орындалып отыр. Екiншiден, салық салу жүйесiнiң басқада элементтерi жер салығы функциясымен қарым – қатынасы бар. Егерде, жер салығы жалғыз болса, ол барлық функцияларды жүзеге асырады, рентаны қайта бөлудi қоса есептегенде. Үшiншiден, жер салығының базалық ставкасын анықтау, оның функциясына байланысты, сонымен бiрге ақылы жердi пайдалану жүйесiнiң дамуыменде байланысты. Жер бағасының жоқ болуы жағдайда, салық ставкасы не бағаланған жер балымен немесе рента мөлшерiмен анықталады. Келесi бiр методологиялық мағынасы бар сұрақтың маңызы, жер салығы түрiндегi алым, аккумуляциялық құралдар қандай басқару деңгейiнде жүзеге асырылады. Теориялық тұрғыдан бұндай жағдайда екi вариант болуы мүмкiн. Бiрiншi жағдайда, салықтың тура мемлекеттiк бюджетке түсуiн болжайды және де ауыл шаруашылығына байланыссыз әр түрлi жағдайларға қолданылуы мүмкiн. Екiншi вариант, жер салығы түрiндегi алымның көп бөлiгiн жергiлiктi бюджетке қалдыру деп қамтиды.
Өндiрiс құралы ретiнде жер ресурсы бiр қатар спецификалық өзгешелiктерге ие болады. Бұларды басқа өндiрiс құралдарынан айырады. Яғни:
- Басқа өндiрiс құралдарына қарағанда жер табиғат өнiмi болып табылады. Бұл адам еңбегiнiң нәтижесi арқылы көруге болады.
- Жердi территориялық шектелгендiлiгi. Жер кеңiстiк жағынан шектеулi, оның бетiн үлкейтуге болмайды. Бiрақ та оның барлық өндiрiске қажеттi қорлары таусылды деуге болмайды.
- Жердiң бағалылығы. Жер өте бағалы, онсыз өндiрiс процесiнiң ешқандай жұмысы немесе iсi атқарылмайды.
- Тұрған жерiнiң тұрақтылығы. Жердi өндiрiс құралы ретiнде пайдалану.
- Босалқы Запастағы жерлер.
- Жер қатынасының әр категориясына байланысты оның толық қолданылуы анықталады.
Кестеде жердi категориялар бойынша бөлу келтiрiлген, уақытқа туралау арқылы жер қатынасының базалық заң негiзiнде институционалдық өзгерiстерiне байланысты. Кестеден көрсетiлген көрсеткiштерден мынаны көруге болады. Көбінесе ауыл шаруашылық негiздегi жерлерде көптеген белгiлi өзгерiстер болған. Олардың алаңы 127,6 млн. гектарға азайтылған немесе 2,4 есе, ал барлық жер қорының үлес салмағы 8,4% -дан 34,5% -ға дейiн қысқартылды. өндiрiстiк жерлер, көлiк, байланыс, қорғаныс және т. б. ауыл шаруашылығындағы емес негiздегi жерлердiң алаңы 1,8 есе -азайды.
7-кесте. Санаттар бойынша жердi бөлу динамикасы (1990 – 2007 ж.ж.) кезең аралығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет