Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі240.5 Kb.
#11827
1   2   3   4
заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес айқындайды.

 

 

Конкурсты өткізілмеді деп танудың тәртібі мен негіздері



 

35. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты Комиссия мынадай жағдайларда:

1) екіден кем өтінім берілгенде;

2) егер конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілгенде;

3) егер қабылданған бір ғана конкурстық ұсыныс қалғанда өткізілмеді деп таниды.

36. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы хабарландыру ресми баспа басылымында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы хабарландыруды жариялайтын баспа басылымын құзыретті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген ресімдерге сәйкес айқындайды.



 

 

Қайталама конкурс өткізудің тәртібі мен негіздері



 

37. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда Жер қойнауы туралы заңның 53-бабына сәйкес құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:



1) конкурсты қайтадан өткізу туралы;

2) конкурстық құжаттаманы өзгерту (конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың шарттарын) және конкурсты қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.

38. Қайталама конкурс Жер қойнауы туралы заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде өткізіледі.

39. Егер конкурс бір ғана өтінімнің немесе конкурстық ұсыныстың келіп түсуіне байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда, қайталама конкурс кезінде осындай конкурстық ұсынысты тапсырған өтініш берушіден конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат топтамасының құны алынбайды.

40. Егер қайталама конкурс қабылданған бір ғана конкурстық ұсыныстың болуы салдарынан өткізілмеді деп танылған жағдайда құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Жер қойнауы туралы заңның 54-бабына сәйкес осындай конкурстық ұсынысты тапсырған конкурсқа қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылғандардан нашар болмайтын талаптарда тікелей келіссөздер жолымен келісімшарт жасасуға құқылы.



 

 

4. Тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын беру



 

ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1111 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.04. № 405 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 41-тармақ өзгертілді



41. Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде:

1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;

2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге;

3) ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1111 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;

4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;



5) барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге егер қайталама конкурс бір ғана конкурстық ұсыныстың қабылдануы салдарынан өткізілмеді деп танылған жағдайда;

6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемдегі жерасты суларын өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге келісімшарттар жасалады.

42. Кең таралғандардан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді.

43. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.

44. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жұмыс тобы жүргізеді.

45. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

46. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін құзыретті орган айқындайды.

47. Тікелей келіссөздер негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге берілетін жер қойнауы учаскелерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайды.

48. Ұлттық компанияға барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайларда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы құзыретті органнан хабарлама алған кезден бастап жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерді резервтеуді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

49. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінімді Жер қойнауы туралы заңда белгіленген талаптар сәйкес құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

50. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім қабылданғаннан кейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір ай ішінде берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақылы түрде береді.

51. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Жер қойнауы туралы заңның 59-бабына сәйкес өтініш берушіні тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздор жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етеді.

Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізілетін күн туралы хабардар етеді.

52. Тікелей келіссөздер Жер қойнауы туралы заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен ұзартылуы мүмкін.

53. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған жағдайда өтініш берушімен келісімшарт Жер қойнауы туралы заңның 60-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Жер қойнауы туралы заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалады.

54. Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған және құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде тікелей келіссөздер хаттамасына, ал кейіннен келісімшартқа қосылады.



 

 

Барлау сатысынан өндіру сатысына ауысу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ерекшеліктері



 

55. Барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушының конкурс өткізілмей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған келісімшарт жасасуға айрықша құқығы болады.

56. Барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орындарын табу мен бағалауды жүргізген тұлға Жер қойнауы туралы заңның 60-бабына сәйкес барлауға арналған келісімшарт қолданысының мерзімі ішінде не барлауға арналған келісімшарт аяқталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініммен құзыретті органға жүгінуге құқылы.



 

 

5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу тәртібі



 

57. Құзыретті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы шешімі немесе Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның конкурстың жеңімпазын айқындау туралы шешімі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу үшін негіздеме болып табылады.

58. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурстың жеңімпазы не тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасалатын тұлға Жер қойнауы туралы заңның 64-бабында белгіленген тәртіппен іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлейді, ал өндіруге арналған келісімшарт бойынша Жер қойнауы туралы заңның 66-бабында белгіленген тәртіппен жобалық құжаттарды әзірлейді.

59. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы модельдік келісімшарттың, тікелей келіссөздер хаттамасының немесе жеңімпаздың конкурстық ұсынысының және белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген құжаттардың негізінде Жер қойнауы туралы заңның 62-бабында белгіленген тәртіппен жасалып, бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленеді.

60. Жұмыс бағдарламасы Жер қойнауы туралы заңның 63-бабында белгіленген тәртіппен жасалады.

61. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт келісімшарттың, жұмыс бағдарламасының талаптарын белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттар негізінде құзыретті органмен немесе облыстық, республикалық, қалалық, астаналық жергілікті атқарушы органымен түпкілікті келіскеннен кейін, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалар нәтижелерін алғаннан кейін Жер қойнауы туралы заңның 68-бабында көзделген тәртіппен жасалады.

62. Келісімшарт құзыретті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркеуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.



 

 

6. Жер қойнауын пайдалану құқығын уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде беру



 

63. Келісімшарт аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жазбаша рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

64. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсатындағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, суды бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

65. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен өнімдерін пайдалану кезінде суды азайту мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

66. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде өндірілетін жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін.



 

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1111 Қаулысымен 7-бөліммен толықтырылды



7. Жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.10.07. № 706 Қаулысымен 67-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 721 Қаулысымен 67-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)



67. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;



2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);

5) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының картограмманы қарау қорытындылары.

ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 721 Қаулысымен 68-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)

68. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 67-тармағында санамаланған құжаттардың барлығы болған кезде қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 721 Қаулысымен 69-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)

69. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды ұсынады:

1) егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың болуын растайтын құжатты қоса береді;

2) егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.

ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 721 Қаулысымен 70-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)



70. Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын өтініш беруші әзірлейді және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мәлімделген координаттардың немесе координаттар бөлігінің үшінші тұлғалардың ауыртпалығында болуы, келісімшартты аумақпен, су қорлары жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамада көзделген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағымен түйісуі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың, оның ішінде жер асты суларының болуы немесе болмауы тұрғысында қарауға жіберіледі. Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.

Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын қарау қорытындыларын беру кезінде мәлімделетін жер учаскелері барланған жағдайда, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оның барланғаны туралы тиісті белгі қояды.

Қарау қорытындылары бойынша картограмманы түзеткен жағдайда, өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қайта жолдайды. Қарау қорытындылары өтініш берушіге түзетілген картограмма түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолданады.

ҚР Үкіметінің 2013.12.07. № 721



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет