2 тарау. Тампондалған қыртыстарда бағана жасау
382. Тампондалған қыртыстарды игеру амалдары бағана қазу жобасымен анықталады.
383. Бағана су тесіп шығуын алдын алу үшін забойдың жобалық сақтандырғыш тұтастықтың жоғарғы нүктесіне жеткенде, алдын – ала сулы горизонт төбесінен 1 м тереңге екі – үш барлау ұңғылары қазылады.
Қазу кезінде ұңғы үсті тығыздамалармен жабдықталады.
384. Егер жобалық белгіде сулы горизонт кездеспесе, одан әрі қазу одан толықтай өтіп кеткенше алдын – алушы барлау ұңғылары арқылы және жобалық сақтандырғыш тұтастықты сақтап жүргізіледі.
385. Егер жоба бойынша тампонаждық төсеніш орнату көзделсе, су горизонты төбесімен оның су кедергісі қалыңдығы 1 м кем болмайды.
386. Шахта бағанасын тюбингті бекітпемен қатайтқанда осы Талаптар сақталады.
9 бөлімше. Қоршау бекітпелерін
және қалқандарын қолданып бағана қазу
1 тарау. Жіберу және толтыру бекітпесі қоршалуы
387. Шаблондарды, көтергіштерді, солқылдатқыштарды немесе солқылдатқыш балғаларды жинау және құру жұмыстары, толтыру және жіберу бекітпелерін жинау және түсіру жұмыстары бақылау тұлғасы басшылығымен жүргізіледі.
388. Бағана үстіндегі солқылдатқыштың электрлік кабелін жинау, бағанаға құрал – жабдықтар, материалдар және қондырғылар түсіру жұмыстары, қоршау жөндеу және сатыларды жылжыту жұмыстары мықты негізге бекітілген (бағана үстіндегі қоршау конструкциясына немесе өту сөрелеріне) сақтандыр белдіктер пайдаланып жүргізіледі.
389. Бағана забойын сулы қыртыстармен толуының алдын алу үшін, олардың қоршалану бекітпесі астынан өтіп кетуін болдырмау үшін бағана үстінде және бағананың сақтандырғыш сөрелерінде топырақ немесе саздық қаптардың апаттық запасы және апаттарды жою жоспарында көрсетілгендей қатыру материалдарының апаттық запасы сақталады.
390. Ағынды судың бағана забойына өтіп кетуінің алдын алу мақсатында шпунт қағу, жіберу бекітпесін батыру ағынды су деңгейінен 0,5 м жоғары шамадан биік белгіден басталады.
Толтыру және түсірудің қоршалану бекітпесінің жоғарғы деңгейі ағынды су деңгейінен 0,5 м жоғары болады.
391. Шпунттарды қағу мықты және ұстамды көпірлерде, ал түсіру бекітпесін жинау (құрастыру) ілінбелі сөреден жүргізіледі.
392. Қағу және түсіру бекімелерінің элементтері бағанаға түсіру кезінде олардың шайқалуын және айналып кетуін болдырмайтын жұмсақ кергіштермен керіледі.
393. Толтыру бекітпесін батыру кезінде солқылдатқыштар шпунтқа мықтап қатайтылады. Солқылдатқышпен және солқылдатқыш балғамен жұмыс жасаушы жұмысшылар бағана забойының қарама – қарсы бетінде орналасады.
Толтыру бекімесінің бағыттауыш рамасы болмаған кездегі шпун батырылғанда солқылдатқышпен жұмыс жасауға болмайды, сонымен қоса солқылдатқыш немесе солқылдатқаш балға жұмысы кезінде шпунт төбесіндегі қиманы және бұрандаларды қатайтуға болмайды.
394. Жіберу бекітпесін түсіру кезінде жұмысшылар бағана ортасында немесе бағананың басқа да қауіпсіз бөлігінде орналасады.
Адамдардың түсіру бекімесінің башмагы пышағы астында орналасуына болмайды.
395. Түсіру бекімесінің табаны пышағының астынан тикстропты ерітіндінің забойға тесіп шығуының алдын – алу үшін биіктігі 0,6 м кем емес тығыздама орнатылады және түсіру бекітпесінің сыртқы қабырғасы мен тығыздама арасындағы кеңістік сазбен толтырылады.
396. Сулы горизонттан төмен жатқан сутепкіш қыртыстарда қазу тереңдігі ағаш шпунттарға 0,3 м, ал түсіру бекімесі шпунты темір болғанда 0,5 м кем болмайды.
Ығысуы мүмкін тұрақсыз қыртыстарда қазу жұмыстарын су тепкішке дейін қоршалану бекітпелері тереңдетілгенше жүргізуге болмайды.
397. Шпунттық қоршау арасындағы «терезелер» екінші қатары шпунттар арқылы бітеледі.
398. Темір шпунтты, бағанада тұрақты бекітпе орнатылған соң шығарып алуға болмайды.
399. Ағаш шпунттардың төменгі ұштары забойдың төменгі нүктесінен 0,3 м кем емес қылып тереңдетіліп, темір шпунттар, түсіру бекітпесінің табан пышақтары 0,5 м кем емес тереңдікке енгізіледі.
400. Су тепкіш қыртысты қазған кезде ағаш шпунттар шетінде ені 0,25 м кем емес кеңістік қалдырылады, ал темір шпунттар және түсіру бекітпесінің табаны пышағы үшін ол 0,75 м кем болмайды.
Бағанаға керекті кеңейту бағана қазу жобасымен қарастырылады.
401. Бағана үсті айналасы опырылғанда немесе бекітпе бұзылғанда, апатты жағдай жойылғанға дейін бағананы әрі қарай қазуға болмайды.
2 тарау. Қалқанды тәсіл
402. Тік қалқандағы машинистің жұмыс орны қалқанды кешенінің барлық механизмдерімен дыбысты – жарықты дабылдармен байланысады.
403. Қалқанды жылжыту кезінде демократты басқаруға арнайы оқу оқымаған тұлғаны жіберуге болмайды.
404. Тік қалқандарды жылжыту кабелі, әуе және су өткізгіш құбыршектер, бетонөткізгіштердің үзілуінің алдын алу, сонымен қоса қалқанды сөре қуыстырына шахтаның ілінбелі қондырғыларының қысылып қалуының алдын алу шаралары орындалған соң жүргізіледі.
405. Алдын ала тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізілмеген қалқанды кешенді пайдалануға тыйым салынады.
406. Қалқанды кешенді механизмдерін немесе басқа забойлық механизмдерді жөндеу және тексеру, сонымен қоса кескіштерді ауыстырғанда электрлік қозғалтқыштар қуаттан ажыратылады. Қосқыштарға «Қоспа – адамдар жұмыс жасауда !» деген белгілер ілінеді.
Тексеру және жөндеу операциялары аяқталған соң қалқанды механизмдерді қосу бақылау тұлғасы өкімімен жүргізіледі.
407. Бағана забойының сулы қыртыстарымен толуының алдын алу үшін, қалқанды кешеннің пышағы астынан су тесіп шығуының алдын алу үшін бағана бетінде және сақтандырғыш сөрелерде құм және саз салынған қаптардың апаттық көлемі және апатты жою жоспарына сай қатайту материалдарының апаттық запасы қамтамасыз етіледі.
408. Бағана забойына су ағыны өтіп кетуінің алдын алу үшін қалқанның пышағы тереңдеу нүктесі ағып су деңгейінен 0,5 м кем емес жоғары орнатылады.
409. Қалқанды кешенді орнату ілінбелі сөрелер арқылы жүргізіледі.
410. Қалқанды кешен элементтері бағанаға түсіру кезінде шайқалып және айналып кетпеуі үшін жұмсақ кергіштермен керіледі.
411. Сулы горизонттан төмен жатқан су тепкіш қыртыстарға қалқанды кешеннің енуі 0,5 м кем болмайды.
412. Қыртысты қазу, қалқанды кешеннің төменгі шеті забойдың төменгі нүктесінен 0,5 м кем емес тереңдікте орналасатындай қылып жүргізіледі.
10 бөлімше. Жасанды түрде су төмендету
413. Су төмендетуге арналған бұрғылау жұмыстары ҰЖЖ сәйкес жүргізіледі.
414. Су төмендеткіш қондырғылар сорап күшін және вакуум өлшемін анықтайтын жарамды приборлармен жабдықталады.
415. Эжектрлік инефильтрлермен жұмыс кезінде әрбір инефильтірлер ағындық және төгілу жақтарынан тығыздық крандармен жабдықталады.
Коллектрлерге және инефильтрлерге құбыршектер қысқыштар арқылы бекітіледі.
416. Ағындық және төгілу құбырөткізгіштеріне олардың арналуы жөнінде белгілер соғылады.
417. Инефильтрлерді түсіріп – шығару кезінде, бұл жұмысқа қатысты жоқ адамдар құбыр тізбегінің бір жарым ұзындығына тең қашықтықтан кем емес жерге алыстатылады. Инефильтрлер инефильтржұлғыш арқылы шығарылады.
418. Инефильтрлер осі (жеңіл және эжекторлық) жер қазу шетіне 0,5 м жақын емес және жұмыстар жабық тәсілдермен жүргізілгенде жасанды контіры шетіне 1 м – ден жақын емес жерде болады.
419. Су төмендеткіш қондырғыларды жер астында орналасқан су жинағыштарға жақын жерде, осы су жинағышты пайдаланушы ұйыммен келісілмей, пайдалануға болмайды.
420. Гидравликалық тереңдету, инефильтрлерді қағуға болмайды, егер осы жұмыстар пайдаланылып жатқан ғимараттар және коммуникацияларға зиян тигізетін болса.
421. Инвентарлық коллекторларды биіктікте бұзу кезінде шешілетін бөлік маңында орналасуға және флянецтері шешіліп жатқан құбырларға қарсы тұруға болмайды.
422. Су төмендету құрылғыларының жұмыс уақыттары ҰЖЖ көрсетіледі. Бұл уақыттарда қыртыстық су деңгейін бақылау жүргізіледі және осы бақылаулар нәтижесі «су төмендету кезіндегі қыртыстық су деңгейі өзгерісін бақылау Журналына» жазылады (5 – қосымша) және маркшейдермен келісілген, ҰЖЖ сай су төмендетудің әсер ету аймағында орналасқан ғимараттар және құрылыстарды құрал – жабдықтар арқылы маркшейдерлік бақылау жүргізіледі.
11 бөлімше. Оқшаулау жұмыстары және коррозияға қарсы өңдеу
423. От шығуы мүмкін және зиянды заттар бөлініп шығуы мүмкін материалдар пайдаланылып жүргізілетін оқшаулау жұмыстары құрылыс нормалары, осы Талап және ҰЖЖ талаптарына сай орындалады.
424. Битум қайнатқыш ғимараттар тұрғылықты, әкімшілік – тұрмыстық және қоймалық ғимараттардан 50 м жақын емес, ал оқпан және апан шеттерінен 15 м жақын емес жерлерге орналастырылады.
Битумды 3000 С жоғарыға қыздыруға болмайды, қазандықтар термометрмен жабдықталады.
Жандыру отындарын, битум қайнату қазандықтарынан 10 м жақын емес жерлерге жинайды. Жинау орындары өртке қарсы құралдармен жабдықталады.
425. Битум құрамынан ылғал шығармай, қазандық іші кептірілмей, оған битумды салуға болмайды.
426. Қазандықтарға битум салып қыздырғанда қазандықтың жоғарғы шетіне 8 см жетпейтіндей қылып битум салынады.
Қыздыру кезінде қазандық қақпақпен жабылады.
427. Битумды қыздыру жүргізілетін орындарда, қажетті өртке қарсы құралдар орналастырылады.
428. Оңай тұтанатын материалдарды (бензин, керосин, мұнай, мазут және басқалар) қазандыққа 10 м жақын жерге сақтауға болмайды.
429. Ұңғыға битум құю, қондырғылар орналастырылу сапасын және бақылау - өлшеу приборларын тексерген соң және мүмкін болатын жарамсыздықтар жойылған соң жүргізіледі.
430. Битумды ұңғыға құю кезіндегі битум өткізгіш беті қабықшалар арқылы жабылады.
431. Бағанаға немесе апандарға ыстық битум жабық, саңылаусыз ыдыстармен түсіріледі.
432. Қабырғаларды тегістеу үшін оңай тұтанатын заттар пайдаланылғанда жұмыс аумағында ашық оттың, ұшқынның пайда болуының алдын алудың аса жоғары шаралары сақталады. Жұмыстар бекітілген бақылау тұлғасының қатысуымен орындалады.
433. Коррозияға қарсы жұмыстар жүргізу кезінде, осы Талаптардан басқа, осы жұмыстарға арналған нормалық құжаттар талаптары да сақталады.
434. Жер асты жағдайларында полимерлік материалдарды пайдаланып жұмыс жасаушы ұйымдар бас мердігерге жұмыс басталар алдында зиянды немесе оңай тұтанғыш заттармен жұмыс жүргізетіні жөнінде жазбаша түрде хабарлайды.
Осындай жұмыстарға және битум немесе полимерлік материалдар қолданылатын жұмыстарға, ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілетін ҰЖЖ жасалынады.
435. Битумды немесе полимерлік материалдар дайындалатын жұмыс орындары кіріс – шығыс желдеткіштермен жабдықталады. Ауа құрамын бақылау тәртібі, полимерлік материал қолданушы ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген ҰЖЖ анықталады.
Жұмыс орындарында битум қыздыру тығыз жабылатын қақпағы бар электрлік битумқыздырғыштар арқылы жүргізіледі. Ашық алауы приборлар пайдалануға болмайды.
436. Полимерлік материалдар дайындау және пайдалану жұмыстары, бекітілген бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен жүргізіледі.
437. Сүрту материалдары пайдаланылған соң жиналып арнайы ыдысқа салынады, жоғарыға шығарылып, залалсыздандырылады. Пайдаланылған сүрту материалдарын өртеуге рұқсат етілмейді.
438. Полимерлік материалдарын және ыдыстарын сақтауға арналған жер үсті қойма аталған материалдарға арналған талаптарға сай келеді.
439. Полимерлік қаптамалар жағылып болған соң бағанада (апанда) жұмыстарды жалғастыруға және адамдарды жіберуге, жұмыс аймақтарынан зиянды немесе жарылыс – жану қаупі бар заттар толық шығарылып, ауа ортасы керекті жағдайға келтіріліп, анализдермен бекітілген соң ғана болады.
12 бөлімше. Теспелерді және ұңғыларды бұрғылау
440. Теспе қазар алдында қазба забойы бақылау тұлғасымен тексеріледі және қауіпсіз жағдайға келтіріледі.
441. Теспелерді бұрғылау жұмыстары паспортына сай жүргізіледі. Паспорттарға забойдағы геологиялық жағдайлар өзгеруіне байланысты өзгерістер енгізу ұйымның техникалық жетекшісі рұқсатымен жүргізіледі.
Бұрғылау жұмыстарының бекітілген паспорттары қол қою арқылы учаске бастығына, бұрғылау жұмысы жетекшісіне, ауысымдық инженерлерге және шеберлерге беріледі, паспорттың екінші данасы аталған тұлғалардың қолы қойылып ұйымның техникалық бөлімінде сақталады.
Бұрғылау жұмыстары паспортымен аталған забойда жұмыс жүргізетін қазғыштар және жарғыштар қол қою арқылы танысады.
442. Забой табанынан 1,5 м биіктікте арнайы қолдағыш құрылғыларсыз теспе және ұңғы бұрғылауға болмайды. Бұрғылау басталатын сөрелер және төсемелер тақтайлары бір – бірімен байланыстырылып және мықты негізге жатқызылады. Қазу кезінде қолдама ретінде ағаштан және темірден жасалған бөліктер қолдануға тыйым салынады.
443. Жарылған қыртыстарда теспе қазуға, тегіс алаң қойылған жағдайда және қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылғанда рұқсат етіледі.
444. Қолдық перфораторлар мен қазғандағы қазғыштар ұзындығы 0,5 – 0,8 м ұзын емес, ал электрлік бұрғылар арқылы қазғанда ұзындығы 0,8 – 1 м ұзын болмайды.
445. Теспелердегі қыстырылып қалған бұрғыларды шығарып алу бұрғылау кілтімен немесе арнайы құрылғы көмегімен жүргізіледі.
446. Пневматикалық құбыршектер өзара екі жақты ниппельдер арқылы жалғанады, ал құбыршек пен перфоратор конустік ниппельмен, бұранда және штуцерлер арқылы жалғанады.
Құбыршектер ниппелге бұрандалармен қатырылатын темір қысқыштар немесе арнайы құрылғылар көмегімен қатырылады.
447. Жұмыс басталар алдында бұрғылау немесе жылжымалы қондырғы бұрғышысы мен машинисі машинаның негізгі бөліктерінің жарамдылығына көз жеткізеді: жүру бөліктері, бұрғылау қондырғылары, қозғалтқыштар, басқару жүйесі, гидрожүйе, міну бекітпелері, мұналары (манипуляторлардың) ауа және су келу жүйе құбыршектері.
Құрылғыда қауіпсіз жұмыс жүргізуге әсер ететін жарамсыздықтар анықталса бұрғышы оны жұмыс басталар алдында дұрыстайды.
Бұрғышының өзі дұрыстай алмайтын бұрғылау қондырғысы кемшіліктері жөнінде, ол бақылау тұлғасына хабарлайды.
448. Қондырғы жағдайы келесі уақыттарда тексеріледі:
1) машинистпен – бұрғышымен – ауысым сайын, жұмыс басталар алдында;
2) механикпен – апта сайын;
3) бас механикпен – ай сайын.
449. Бұрғылау қондырғысын бір забойдан келесіне көшіру тек қондырғы транспорттық қүйде болғанда ғана жүргізіледі.
450. Жылжымалы бұрғылау қондырғысымен қазу кезінде көтеріліп тұрған жебе астында орналасуға болмайды.
13 бөлімше. Тау сілемдерін тазалау
451. Тиеу машиналарын, эксковаторларды және басқа тиеу құралдарын пайдалану зауыттық нұсқауларға сай жүргізіледі. Тиеу құралдарының забойда жұмыс жасау кезінде оның қозғалу радиусында бөгде тұлғалардың болуына тыйым салынады.
452. Құрылымында қарастырылған машинистің қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ететін басқа да құрылғылармен пайдалануға тыйым салынады.
453. Екі қыртыс тиегіш қатар жұмыс жүргізіп жатқанда, оларды жол арасында орналасқан алаңдардан басқаруға болмайды.
454. Тиеу машинасы кабелдері зауыттық нұсқауларында көрсетілген жерлерге қысқыштар арқылы қатайтылады, кабелдің машинаға үйкелуінен сақтайтын ұзындығы 1,0 1,5 м болатын резиналық қосымша қабықшасы болады. Кабель тау сілемдері басып қалғанда тазартылады.
455. Тасымалдау құралдарын тиеу (вагоншалар, автосамосвалдар және басқалар), олардың қозғаласы кезінде қыртыс түйірлерінің түсіп қалуын болдырмайтындай қылып жүргізіледі.
456. Тоннелдерді және камераларды көлденең баспалдақтар арқылы эксковаторлар арқылы игергенде қыртыс үймесі биіктігі эксковатор қармауы биіктігінен аспауы тиіс. Үзіліссіз қимылды тиеу машинасының және қалақшалы түрлі машиналардың жұмыс жағдайын және тәртібі жобада анықталады.
Құлама биіктігі 4 м дейін болғанда үзіліссіз қимылды машинамен қыртыс тиеуді, қыртыстарды қосымша түсірусіз жүргізуге болады.
Құлама биіктігі 4 м көп болғанда қыртыстарды қосымша жіберу жүргізіледі.
457. Машинаға тиелетін қыртыс бөліктері мөлшерлері, паспортта көрсетілген мөлшерлерден артық болмайды.
Жұмыс аяқталған соң тиеу машинасының машинисті эксковаторды қауіпсіз орынға қояды, тұтыну кабелін ажыратылады, автоматтарды сөндіреді және тиеу органдарын (қалақтары) төменге түсіреді.
Тиеу машинасы конвейрі немесе конвейр – тиегіш тоқтатылған кезде тиеу бөлігі ілініп қалған қыртыс бөліктерінен тазартылады.
Вагоншалардың қыртыс тиегіш машиналармен ілініп қалуына және байланысуына тиеу машиналары қозғалысы кезінде тыйым салынады.
458. Эксковатор жұмысы кезінде (тиеу басталып, аяқталқан соң) дыбыстық белгілер беріледі.
459. Әрбір эксковатор жабдықталады: медициналық дәрі қорап, екі қөмірқышқылды өрт сөндіргіш, тексерілген екі пар электрлік қолқап, сүрту материалдарының тәуліктік запасы сақталатын темір жәшік.
14 бөлімше. Тоннелдерді қалқан, тюбинг және блок орнатқыштар көмегімен қазу. Жиналмалы құрастырмалар орнату
460. Қалқан, тюбинг орнатқыш немесе блок орнатқыш, олардың механизмдері және қажетті құрамалар орнатылған соң комиссиямен қабылданады, акт рәсімделеді.
461. Қазу тереңдігі қыртыс қаттылығына және ұстамдылығына қарай, жұмыс ұйымдастырушы жобасымен анықталады.
462. Тоннель забойы биіктігіндегі барлық жұмыстар қалқан немесе орналастырғыштардың жылжымалы платформалары арқылы жүргізіледі.
Уақытша көпірлермен жұмыс жасауға болмайды.
463. Орталық және төменгі ярустар ұяшықтарында жұмыс жүргізушілер жылжымалы платформалар және фартуктер арқылы қорғалады.
464. Қалқан ұяшығында қыртыстарды және материалдарды жинауға болмайды.
465. Қалқанда және орнатқыштағы алаңдар төменінде 14 см қалқаны бар биіктігі 1 м кем емес темір қоршаумен қоршаланады.
466. Қалқандарды, орнатқыштарды және технологиялық платформаларды қозғалтқанда, осы жұмыстарға қатысы жоқ адамдар машина аумағынан шығарылады.
Қиғаш тоннелдегі орнатқыш, ұстап тұратын болат арқандар үзілгенде төменгі забойғы сырғанап кетуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.
467. Қалқан кіруін үлкейту үшін домкраттарға мықтап бекітілген инвентарлық темір кіргіштер пайдалануға болады.
468. Тюбингтер және блоктарды жатқызған кезде оларды қалқан домкраттарымен қысуға болмайды.
469. Орнатқыш жылжуы кезінде оның рамасының астында орналасуға болмайды.
470. Механикаландырылған қалқанды кесу механизмдерін қосар алдында забойда адам жоқтығына көз жеткізіледі.
Кесу механизмін немесе көмекші механизмдеді қосар алдында қалқан машинисті жұмыс басталуын ескертетін дыбыстық және жарықтық белгілер береді.
Кесу механизмі жұмысы кезінде адамдардың забойға түсуіне тыйым салынады.
Кесуші органмен жұмысқа адамдар жіберу бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен жүргізіледі.
471. Қалқан машинисті жұмыс орны технологиялық кешеннің барлық механизмдерімен жарық – дыбыстық белгілер арқылы жалғанады.
472. Механикаландырылған қалқан жұмысы кезінде забойдан және забой айналасы кеңістіктерінен шаң тазалау қамтамасыз етіледі (желдеткіштер, су себу және басқа).
473. Қалқан тоқтатылған жағдайда (бір ауысымнан артық) забойдың ашық қалған беттері мықтап қатайтылады.
474. Технологиялық платформа табандарындағы барлық тесіктер аударылатын немесе жылжымалы қорғаумен жабдықталады.
475. Тюбингті немесе блоктық жасауларды тоннелдерде орнату үшін механикалық орнатпалар қолданылады.
Тюбингтік немесе блоктық жасаулардың шеңберін жинауға егер тоннель және камералар ұстамды қыртыста сенімді төбеде қазылғанда ұзындығы 25 м артық болса, шығыршық пайдаланылады. Бұл қашықтық ұйымның техникалық жетекшісі рұқсатымен үлкейтіледі, бірақ 50 м ұзақ болмайды.
476. Құралмалы жасауышты қорғаныш қабықшасы қорғанышымен монтаждауға болады, ал ашық төбеде және бүйірінде монтаждауға жұмысшы аймағына қыртыс түйірлерінің құлауынан қорғайтын қоршаулар пайдалану арқылы жасалады. Қоршаулар жобаларға орнатылады.
477. Тоннель забойында жұмыс жүргізген кезде биіктіктегі жұмысшылар жылжымалы қалқан платформасында немесе орнатқышта орналасады.
478. Орнатқышта орнатылған гидравликалық, пневматикалық және электрлік қондырғылар өлшегіш приборлармен немесе артық тиеп жіберуді болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.
479. Тоннель жасауышы шеңберін жинау екі жағынан төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Орнатқыш тұтқасын босатуға (шығыршық темір арқанын) және құрастырмалы жасауыштың элементтерін жайғастыруға, ерте жатқызылған элементтер арқылы жүргізіледі (тюбингті бекіткенде жанынан екіден кем емес бұрандамен және бір бұрандамен тюбинг қапталынады).
480. Тонелдік құрастырмалы бекітпесінің қалқандары және орнатпалары, бақылау тұлғасының бақылауымен және кезекші слесарь қатысуымен жылжытылады.
481. Қалқандық, платформалық және забойлық домкрат білектерін жұмыс жасау кезінде қолмен тазалап, майлауға болмайды.
482. Орнатқыш тұтқасына тюбингті немесе блокты бекіту қысқыштар және бұрандалы жалғамалар арқылы жүргізіледі.
Бекітпені орнату аймағында, осы жұмыстарға қатысы жоқ тұлғалардың орналасуына болмайды.
483. Орнатқыш немесе шығыршық машинистіне белгіні бақылау тұлғасы бекіткен жұмысшы ғана береді.
Механизмдерді қосу осы жұмысшы белгісінен соң ғана жүргізіледі. Механизм қосылар алдында машинист жауап белгісін береді.
484. Тоннелдік құрамалары бекітпесін орнату алдында орнатқыш учаскелік механикпен (ауысымдық механик) қаралады. Қарау нәтижелері ауысым қабылдау өткізу журналдарына енгізеді.
485. Орнатқыш тұтқасының айналу аумағында ол жұмыс жасап тұрғанда
орналасуға болмайды. Болтты бекітпелерді орнатқанға дейін әр тюбинг қондыру үшін алынады. Төселген және салынатын тюбингтердің болтты саңылауларын басқа құралдармен біріктіруге рұқсат етілмейді.
486. Болтты бекітпелерді орнатқанға дейін әр тюбинг қондыру үшін
алынады. Төселген және салынатын тюбингтердің болтты саңылауларын басқа құралдармен біріктіруге рұқсат етілмейді.
487. Бұрандаларды шегіне жеткізіп бұрауға, бұрандалық қатайтпаларды ауыстыруға және ерітінді құю тесігіне тығыздама орнатуға жылжымалы көпірлер, жалғамалар және басқа құралдар пайдаланылады. Бұл жұмыстарды сатылар арқылы жүргізуге болмайды.
488. Тюбингтерді көтеру және жылжыту немесе блок шығыршықтары жұмыс орындары, тюбинг құрастыру орындары жарықтандыруы 50 л к – тен кем болмайды.
489. Жұмыс аяқталған бойда немесе үзіліс уақытында тюбингтерді (блоктарды) ілінген күйде қалдыруға болмайды.
490. Екі жарамды тежегіш құралдарымен жабдықталмаған шығыршықтар мен тюбинг монтаждауға болмайды.
491. Тюбингті шығыршық темір арқанына қатыру, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар арқылы (сырға, қысқыш және басқа) жүргізіледі.
492. Тюбингті бір темір арқаннан ілініп тұрған жерінен басқа арқанға қайта ілуге болмайды.
Тюбингті ілуге арналған темір арқандар қауіпсіз құрылғыларға қатайтылады.
493. Құрамалы бекітпенің элементтері көтеріліп – түскенде шығыршықта жұмыс жүргізетін тұлғалар бақылауында болады. Бекітпенің жырықты шеңберлері немесе камерадағы бірінші шеңберлер орнатылғанда шығыршықтан жұмыс жүргізу жерлері көрінеді, сонымен қоса шығыршық екі жақты жарық – дыбыс белгілерімен жабдықталады.
494. Түзетпелерді, тығыздамаларды, бұрандаларды, кілттерді, қыртыс түйірлерін және тағы басқаларды тоннель бекітпесіндегі тюбинг қабырғаларына және борттарында қалдыруға болмайды.
15 бөлімше. Қоршама құрылғылары қорғанышы астында жұмыс жасау
495. Жабық ысырмалар астында жұмыс жүргізу ұйымның бекітілген жобасына сәйкес жүргізіледі.
Жабық ысырмалар астындағы жұмыстар, су ағуы мөлшерін тұрақты бақылауы міндетіне кіретін бақылау тұлғасы қатысуымен жүргізіледі.
Су ағысы күшейген жағдайларда жұмыстар тоқтатылады, барлық жұмысшылар су ағыны себептері анықталғанша және олар тоқтатылғанша қауіпті аймақтан шығарылады.
496. Жабық ысырмалар астында жұмыстар жүргізілетін аумақтан апаттық шығыстар жасалынады. Шығу жерлер жақсылап жарықтандырылады және материалдармен және қондырғылармен бөгелмейді. Апаттық шығыс жағдайлары ауысым қабылдап, өткізу кезінде тексеріледі. Барлық жұмысшылар апаттық шығыспен шығу тәртібімен таныстырылады.
497. Су тесіп өтуі мүмкін болғанда ысырма арқылы дыбыстық және жарықтық белгілер беріледі, осы арқылы қауіп төнген қазбадағы адамдар тездетіп жұмыс орындарынан кетеді және алдын ала орнатылған қауіпсіз орынға көшеді. Бақылау тұлғасы рұқсатынсыз қауіпті аймақта жұмыс жалғастырылмайды.
498. Жабық ысырмаға өте жақын жерлерде жарылыс жұмыстары жүргізілмейді. Ең аз қауіпсіз ара қашықтық, қуаттармен ысырма арасындағы, әр нақты жағдайда жобалаушы ұйым құрастырған және мекеменің техникалық жетекшісімен бекітілген есептермен анықталады.
499. Ысырмаларды басқару пульті құлыпқа жабылады, электрлік қозғалтқыштар қуат алу көздері ажыратылады. Ысырманы басқару пульті кілті жұмыс орындарында тікелей орналасатын бақылау тұлғасында болады.
500. Қазылып жатқан қазбалардың бірінде су тесіп өтуі мүмкін болғада жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалған қазбаларды апаттық қазбадан бөліп тастайтын су өтпейтін қабырғалар салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |