7 бөлімше. Тау соққысын болжау және болдырмау қызметі
710. ТСББҚ қызметінің ұйымдастыру-техникалық жұмысы жобаға сәйкес, берілген шахтада тау соққысын зерттеу жүргізетін аттестацияланған ұйыммен келісе отырып, ұйымның техникалық жетекшісінің бекітуімен өткізіледі.
711. ТСББҚ бастығы ретінде практикалық жерасты стажы үш жылдан кем емес кен инженері тағайындалады.
712. ТСББҚ бастығының жазбаша өкімі жерасты кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін барлық телімдер мен қызмет басшылары үшін міндетті.
713. Егер кен жыныс массивінің қуатты жағдайын үздіксіз болжау және бақылау жүйесі құрылған болса, онда бұл жүйені күтетін персонал ТСББҚ қызметінің бір бөлігі болып табылады. Сейсмостанцияда ғылыми-әдістемелік басшылықты берілген шахтада зерттеу жұмыстарын жүргізетін аттестацияланған ұйым жүзеге асырады.
714. ТСББҚ міндеті телім қазбаларында соққықауіптілігін болжау бойынша және тау соққысының алдын алу жұмыстары, олардың алдын алу шараларын әзірлеу. ТСББҚ міндеті:
1) соққықауіпті телімдер табу мақсатында шахта алаңдарының соққықауіптілігіне аудандық болжау жүргізу және кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша шаралар әзірлеу;
2) ережелер, жоба талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
3) тау соққысын болдырмау бойынша жобалар әзірлеу, кен - эксперимент жұмыстарын жүргізу, тау соққыларын болжау және алдын алудың жаңа әдістерін сынау және енгізу;
4) жиналған тәжірибені қорыту;
5) тау соққысын болжау және алдын алу мәселесі бойынша зерттеулерге қатысу; ғылыми ұйымдармен қарым - қатынастарды жүзеге асыру, соның ішінде технологиялық регламентке сәйкес сесмостанциямен;
6) тау соққысы мәселесі бойынша құжаттама жүргізу;
7) кен жұмыстары мен ашу жобаларына, кенорнын дайындау мен қазбалауға күнтізбелі және перспективтік жоспар әзірлеуге қатысу;
8) блоктар (панелдер) қазбалауға жоба және тау соққысына бейім және қауіпті телімдерде қазбалар жүргізуге төлқұжаттар құруға қатысу;
9) тау соққысының алдын алу бойынша шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) үлгілер мен массивтерде тау жынысы мен кендердің, олардың әлеуетті энергия жинауына бейімділігін және морт бұзылуын сипаттайтын механикалық, физикалық, құрылымдық және басқа да сипаттамаларын анықтау бойынша жұмыстар орындау (аттестацияланған ұйымдарды тарта отырып);
11) шиленіп - деформацияланған жағдайы, соққықауіптілігі белгісі және тау соққысы, кен жынысының механикалық және физикалық қасиеті, тау қысымы жоғары аймақтарда кен жынысының тәртіп ерекшелігі, тау соққысының алдын алу бойынша пайдаланған шараларының тиімділігі, соққықауіпті телімдерде кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша шараларды уақтылы әзірлеу және енгізу туралы ақпарат жинау және талдау;
12) өлшеу станция жобаларын құруға, оларды жабдықтауға және бақылау жүргізуге қатысу;
13) соққықауіпті кенорнын қауіпсіз қазбалау мәселесі бойынша ұсынысты зерделеу. Талдау нәтижесін пайдалану бойынша ұсыныс әзірлеу;
14) аспаптардың түзулігін, пайдаланудың дұрыстығын және ағымдағы жөнделуін тексеру, бақылау.
715. ТСББ қызметі шахтаның маркшейдерлік және геологиялық қызметімен қарым-қатынаста жұмыс істейді. Шахтаның техникалық басшысының өкімі бойынша жұмыстың бөлек түрлерін, ТСББ қызметінің мәселесі мен міндетін орындау үшін көрсетілген телімдер мен бөлімдер өткізеді.
8 бөлімше. Тау соққысына бейім және қауіпті кенорнында
кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша жоба бөлігін құрастыру
716. Бөлік құрайды: аңдатпа, кіріспе, жалпы ережелер, кен жынысы массивінің телімдерінде және кен қазбаларында соққықауіптілігін болжау әдістері және оларды соққықауіпсіз жағдайға келтіру.
717. Кіріспеде кенорнының қысқаша геологиялық және кентехникалық сипаттамасы, оның ерекшеліктері, жетіп зерттелген тереңдіктері, ашылулар мен қазбалары, кен жұмыстарының дамуының келешектігі, тектоникалық сипаттама, геодинамикалық аудандандыру нәтижесі, блоктық құрылу мен жарылуы, қозғалмаған массивтің қуатты жағдайы, тіректік қысым аймағының мөлшері туралы мағлұматтарды құрайды.
718. Кіріспеде жыныстың соққықауіптілігі, кен жұмыстарының тереңдігі туралы мағлұмат келтіріледі, осыған байланысты кенорны тау соққысы бойынша қауіпті немесе бейім қатарына қосылады.
719. «Жалпы ережелер» бөлімінде соққықауіптілігін болжау және бақылау бойынша адамдардың міндеттері, тау соққысының алдын алу шараларын жүзеге асыру және олардың тиімділігін бақылау бойынша жұмыс ұйымдастыру көрсетіледі.
Тау соққысының, басқа геодинамикалық құбылыстардың, шахтаның геологиялық шарт және қазба технологиясының ерекшелігін көрсететін сипаттамасы.
720. «Ашу тәртібі, қазбалардың алу телімдері мен блоктарын алуға дайындау» бөлімінде кен жұмыстарын, алаңдық қазбаларының бағыты мен орналасуын, алу телімдері мен блоктарын реттеп қазбалау бойынша, басып озу қорғаныс алуын пайдалану және басқа да кен жынысы массивінің соққықауіптілігін азайту бойынша аймақтық және жергілікті шараларды перспективтік жоспарлау бойынша ұсыныстар беріледі.
721. «Тау жынысы мен кен массиві телімдерінің соққықауіптілігін болжау» бөлімінде мыналар көрсетіледі:
1) жұмыс орындайтын адамдар мен құрылымдылық бөлімшелер, жұмыс ұйымдастыру, есеп беру, міндеттемелер;
2) тау жынысы массиві мен кен телімдерін соққықауіптілігі бойынша жіктеу;
3) болжау жүргізу орындары мен ағымдылығы;
4) соққықауіптілікті болжаудың әдістері мен техникалық құралы (соққықауіптілік дәрежесін номограммамен анықтау);
5) кен жынысы массивінің телімдері мен кен қазбаларының соққықауіптілігін алдын алу бойынша шаралардың тиімділігін бақылау және болжау бойынша жұмысты іске асыру бойынша негізгі ұсыныстар;
6) құжаттама жүргізу және болжау нәтижесі туралы хабарлау тәртібі;
7) соққықауіптілігін болжау бойынша жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздік шаралары.
722. «Кен қазбаларын соққықауіпсіз жағдайға келтіру» бөлімінде келтіру әдісі мен олардың параметрі көрсетіледі. Жұмыс ұйымдастыру мен орындаушылар, құжаттама жүргізу тәртібі, тиімділік өлшемі және оны бағалау әдісі көрсетіледі. Осында технологиялық ерекшеліктер және кен қазбалары мен кен жыныс массиві телімдерін соққықауіпсіз жағдайға келтіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін техникалық құралдар, осы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
723. «Кен жүргізу және сақтау бөлімінде» мыналар көрсетіледі:
1) қазбаларды соққықауіпті жағдайда өткізу және сақтау кезіндегі тау соққысының алдын алу шаралар тізімі;
2) қауіпсіздік шаралары, тау соққысының алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастыру және ерекшеліктері.
724. Жобаға қосымшаларда құжаттама мен есеп беруді жүргізудің керекті үлгілері болады, шахта ерекшелігін көрсететін, болжау әдістері және соққықауіптілікті номограммамен, параметрмен, нормативпен және оны пайдалану жағдайы бойынша ұсыныстармен бақылау болады.
Берілген шахта үшін анықталатын тау соққысын болжау және алдын алу қызметінің міндеті.
725. Жоба нұсқауы түзетіледі және ғылыми зерттеу арқылы алынған нәтижесі және тау жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қорыту негізінде толықтырылады.
4 бөлім. Газ тәртібінде жұмыс істейтін шахталарға қойылатын талап
1 бөлімше. Жалпы ережелер
726. Газ тәртібі жағдайындағы жерасты жұмыстарына байланысты барлық персонал, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген бағдарлама бойынша шахталық газанықтағыш көмегімен газ өлшемін өндіруге оқытылады.
727. Газ шахталарында тоқсанына бір рет телімдердің жанғыш және улы газ жиналуы бойынша қауіпті кен қазбаларының тізбегі құрастырылады және шахтаның техникалық басшысымен бекітіледі.
Геологиялық және кентехнологиялық жағдайлары өзгерген жағдайда көрсетілген қазбалар телімдерінің тізіміне бір тәулік ішінде керекті түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.
728. Кен жұмыстары жоспарына (берілген деңгейжиектегі жағдай көрсетілумен) жанғыш және улы газ шығару бойынша қауіпті тектоникалық бұзылу аймақтары геологозерттеу, құрғатым, газсыздандыру ұңғымалар, жанғыш және улы газ (сүйір бұрыштанған, шайырлы жыныстар, органикалық қалдықтар қосылған жыныстар, ертеректе қазылған телімдер мен қазбалар кеңістігі тағы сол сияқты) жиналуы немесе шығуы мүмкін басқа да орындар салынады.
Аймақтар аттестацияланған ұйым сараптамасы негізінде ұйымның техникалық жетекшісі шешімімен белгіленеді.
Газ бойынша қауіпті қазба аймағына 30 м тақалған кезде шахтаның геологиялық-маркшейдерлік қызметтері шахтаның техникалық басшысын және шаңжелдеткіш қызметінің (ШЖҚ) бастығын ескертеді.
Бұл жағдайларда жұмыстар 30 м қашықтықтан ұйымның техникалық басшысымен бекітілген жоба бойынша өткізіледі, онда тереңдігі 5 м кем емес үштен кем емес озыңқы ұңғыма бұрғылау қаралады.
2 бөлімше. Шахталарда газ тәртібін орнату
729. Шахтада газ тәртібі орнатылады:
1) кенорнын қазу жобасымен – сәйкес геологиялық көрсеткіштер болған кезде;
2) кен жұмыстарын жүргізу процесінде жанғыш және улы газдар табылған кезде немесе объектті пайдалануда – шахта әкімшілігі уәкілетті ұйым мен мекемеге хабарлау бойынша, берілген шахтаның жобасын қайта қарау (түзету) уақыты газ тәртібі орналасуына байланысты дереу қарастырылады.
730. Кен орнының ерекшелік жағдайын есепке ала отырып, қазбалардың газдануының алдын алу, жерасты және жер бетіндегі имараттарға бекітілмеген ұңғымалардан, отыру саңылауларынан, кен жыныс массиві жазығының тектоникалық және техногендік бұзылуынан жанғыш газдары кіруі бойынша шаралар әзірленеді, әр шахта үшін ұйымның техникалық басшысының уәкілетті ұйыммен келісе отырып бекітіледі.
731. Газ тәртібіне ауысқан шахталар аттестацияланған ұйыммен жанғыш және улы газдар мен парлардың шығуының құрамы, мөлшері, сипаттамасы туралы, кен жұмыстарының дамуы туралы, топтап шығарылатын кеніштік электр жабдықтарын пайдалану жағдайы мен мүмкіндігін есепке ала отырып, соның ішінде автоматтап газды бақылау аспабын пайдалану туралы сараптама жүргізеді.
3 бөлімше. Желдету ұйымы және қазбаның газдануының
алдын алу бойынша шаралар
732. Бас желдету желдеткіші тоқтаған жағдайда, желдеткіш бұзылғанда телімдерде жұмыс тоқтатылады, адамдар таза ауаға шығарылады, электржабдықтардан күш - қуат алынады және өздігінен жүретін жабдықтардың қозғалтқыштары сөндіріледі.
Желдетудің дұрыс тәртібі жөнге келгеннен кейін және газ өлшемін өткізіп шахтаның техникалық басшысы рұқсаты бойынша жұмысты қайтадан бастауға жол беріледі.
733. Тұйық қазбаларды желдету былай жүзеге асырылады, олардан шыққан ауа тазартылым және тұйық қазбаларға бармайды.
Жанғыш және улы газ шығуы жоқ кезінде тұйық қазбалардың екіден көп емесін кезектетіп желдетуге жол беріледі.
Құрылып жатқан шахталарда және шахталардың жаңа деңгейжиегін дайындау кезінде ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен уәкілетті ұйыммен келісу бойынша қазбаға шығатын ауаны жұмыс істеп тұрған деңгейжиектің таза ауасымен қосып шығаруға, шығатын ауада жанғыш және улы газдары жоқ болғанда ғана жол беріледі.
734. Ауа толқынын жүйеге келтіруді шаңжелдету қызметінің (ШЖҚ) бастығының нұсқауы бойынша ғана өткізуге жол беріледі.
735. Шахта газанықтағышымен кен қазбасының атмосферасында 0,5 % және одан да көп жанғыш газдары (метан + сутегі) немесе улы газдың ШРШ көп болып табылған кезде, өлшем өткізуші дереу бұл қазбада жұмысты тоқтатады, одан адамдарды шығарады, электрэнергияны сөндіреді, іштен жану қозғалтқыштарын сөндіреді және диспетчерге немесе кен шеберіне хабар береді.
Қазбадағы жұмыстар тек қана шахтаның техникалық басшысының рұқсатымен ғана жаңадан басталады.
736. Газдардың табылуы туралы әр оқиғаны шахтаның техникалық жетекшісі ұйым басшылығына және уәкілетті ұйымның аймақтық бөлімшесіне хабар береді.
Жанғыш және улы газдардың барлық оқиғалары «Газ құрамын өлшеу және газдануды есепке алу журналына» тіркеледі, оны 16-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша ШЖҚ жүргізеді.
737. Қазбаларды газдан тазарту бойынша шаралар мынаны қарастырады:
1) электржабдықтары мен электр тармақтарынан күш- қуаттың алынуы және қазбаларда шығатын ауа толқыны жүретін жерлерден басқа жану көздерін жою;
2) газдан тазарту кезіндегі ауа толқыны шығып жылжитын қазбаларға адамдардың тақалуы мүмкін орындарда (таза ауада) посттар мен тыйым салатын белгілерді қою;
3) газдан тазарту әдісі мен тәртібін таңдау;
4) қазбаны газдан тазартылуын және ауаның таза толқынын бақылау. Шығатын және таза ауа қосылатын жердің газ шоғырлануы: жанғыш газы -
1 % көп емес, улы газдар – ШРШ;
5) қазбаларды газдан тазартқаннан кейін онда адамдарды түсіруден
бұрын тексеру.
738. Қазбаны газсыздандыру бақылау тұлғасының көмегімен учаскенің бөлім бастығының қызметінен төмен емес апаттық құтқару қызметінің (АҚҚ) қатысуымен жүргізіледі.
739. Жұмыс істемейтін тұйық қазбалар жергілікті желдету желдеткіші (ЖЖЖ) көмегімен желдетіледі немесе тегіс немесе торлы далдамен, онда адамдардың кіруіне жол бермей, бөлінеді.
Далдаланған қазбаларда оларды желдетіп ауа құрамын белгіленген шамаға келтірілгенде ғана жұмысты жаңадан бастауға жол беріледі.
740. Далдаларды ашу және жабылған қазбаларды газдан тазарту АСЖ күштерімен өткізіледі. Бұл қазбалардың атмосферасында жанғыш газдары 2 % көп және улы газдарының ШРШ көп болған жағдайда, оларды газдан тазарту шахтаның техникалық басшысы бекіткен шараларға сәйкес өткізіледі.
Аймақтарды бағалау және қазба мен жанғыш және улы газ өтетін имараттардың қауіптілік дәрежесі, құрамында техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның ШЖҚ бастығы, уәкілетті ұйымның аймақтық бөлімшесінің өкілі бар комиссиямен геолого-маркшейдерлік құжаттама негізінде және аттестацияланған ұйым сараптамасы негізінде газдардың және құрамында газ бар сулардың орын ауыстыруы жолдарының мүмкіндігі туралы жыл сайын өткізіледі.
Аймақтардың, қазбалардың және имараттардың газқауіптілігі дәрежесін бағалау қорытындысы он күн ішінде жобалау және техникалық қызметіне жеткізіледі, сонымен қатар уәкілетті ұйымның аймақтық бөлімшесіне.
741. Газдың орын ауыстыруы нәтижесінде газдануы бойынша қауіпті қатарына жататын қазбалар мен имараттардағы жанғыш газдар (метан, сутегі) құрамын бақылау әр тоқсан сайын шахтаның техникалық басшысымен бекітілетін кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Кесте АСЖ жіберіледі.
4 бөлімше. Кеніш атмосферасының жағдайын бақылау
742. Газ шахтасында шаңжелдету қызметін басқару, газ бойынша қауіпті шахтада жер астында жұмыс істеген стажы 1 жылдан кем емес адам жүзеге асырады.
743. Жанғыш және улы газдар шоғырын өлшеу телім бақылау адамдарымен немесе газөлшеушілермен, ауысымда екі реттен кем болмай өткізіледі. Жару жұмыстары кезінде жанғыш және улы газдарды өлшеуді жарушы-шеберлермен орындалады.
744. Кеніш атмосферасында жанғыш немесе улы газдар құрамын өлшеу ағымдылығы:
1) берілген ауысымда жұмыс істеп тұрған тұйық қазбаларда, осы қазбалардың алдыңғы ұңғымасының аузында – ауысымда екі реттен кем емес, соның ішінде бір өлшем ауысымда жұмыс басында;
2) бүкілшахталық жабығу есебімен деңгейжиекті желдетумен қамтамасыз еткенге дейін және өрлеме қазбаларын комбайнмен өткізу кезінде – ауысымда үш реттен кем емес, соның ішінде ауысым басында және аяғында;
3) далдаланбаған жұмыс істемейтін тұйық қазбаларда (бұған уақытша немесе үнемі өндіріс процессінен шығарылған қазбалар жатады) – тәулігіне бір реттен кем емес;
4) желдетілмейтін қазбаларды бөлетін далдалар алдында – тәулігіне бір реттен кем емес.
Жанғыш немесе улы газ шығып немесе шоғырланатын басқа орындарға да бақылау, соның ішінде газдаң қабаттап шоғырлануы мүмкіндігіне және олардың алдын алу мен жою шаралары қарастырылады.
745. Алдағы және геологиялық зерттеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде газ құрамын өлшеу ұңғыманың қасында оның аузынан 10 см көп емес арақашықтықтан өткізіледі.
746. Өлшеу қорытындысы тақтаға кіргізіледі. Сол күні олар «Газ құрамын өлшеу және газдануды есепке алу журналына» енгізіледі және шахтаның ШЖҚ бастығымен және сәйкес телімнің бастығымен қол қойылады.
747. Жанғыш және улы газдар құрамын өлшеу орны және ағымдылығы, сонымен қатар бұл өлшеулердің нәтижесін жазатын тақта орнату орны ай сайын шахтаның ШЖҚ бастығымен анықталады және шахтаның техникалық басшысымен бекітіледі.
748. Кен қазбаларында судың пайда болып немесе аяқ астынан көбейген кезінде осы қазбалардың атмосферасында жанғыш немесе улы газдардың құрамы дереу өлшенеді.
749. Кеніштің ауасының сапалы құрамын лабораториялық талдау арқылы (оның ішінде жанғыш және улы газдарға), оның деңгейжиектер, қанаттар, блоктар және қазбалар бойынша дұрыс таралғанын айына бір реттен кем емес тексеру өткізіледі.
5 бөлімше. Іштен жану қозғалтқышы бар машина мен электр жабдықтарды пайдалану
750. Тұйық қазбаларда және ауаның шығу толқыны бар қазбаларда лақтырыс қауіптілігі бар қаттарда жарылыс қауіпсіздік жағдайда орындалады.
751. Жарылыс қауіпсіз электр жабдығы шахтаға түсіру алдында тексеріледі.
Электржабдықтың жарылыс қауіпсіздігін тексеру «Кеніштегі жарылысқауіпсіз электржабдықты қарау және тексеру бойынша ережелеріне» сәйкес өткізіледі («Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелері»).
752. Электржабдықтарды қазбаларда ашуға оны сөндіргеннен кейін және қазба атмосферасында жанғыш газдың жоқтығын тексеретін алдын ала өлшеуден кейін жол беріледі.
753. Жарылысқауіпті электржабдықты жөндеу рұқсат берілген персоналмен жүзеге асырылады. Аттестацияланбаған ұйымдарда жөндеуден өткен жарылыс қауіпті электржабдығы жарылыстан қорғанбаған дәрежесіне ауыстырылады (таңбалауы алынады).
754. Шахтада қолданатын жеке жарықтанудың барлық шамдары жарылыс қорғауының деңгейі РП төмен емес және берілуден бұрын пломбаланады.
Оларды шахтада ашуға тыйым салынады.
755. Шахтаның тұйық қазбаларында, лақтыру мен суфляр бойынша қауіпсіз түйіспе электровозын пайдалануға мынаны қамтамасыз еткенде жол беріледі:
1) тұйық қазбаны байланыс желімен ЖӨЖ пайдалану арқылы жабу, желдеткіш тоқтаған кезде оның сөнуін қамтамасыз етеді;
2) байланыс сымының забой төсінен 15 м жақын емес қылып ілінуі;
3) забой атмосферасында жанғыш газдың құрамы электровоз қазбаға әр кірген сайын өлшеуін бақылау адамдарымен немесе бригадирлармен (звеньевоймен және аға жұмысшымен) өткізіледі.
756. Бүкілшахталық торығу есебімен желдетілетін қазбаларда, сонымен қатар шахтаның лақтыру мен суфляр бойынша қауіпсіз тұйық қазбаларында, уәкілетті ұйымның келісімімен жарылысқауіпсіз орындауда іштен жану қозғалтқышы бар машиналарды пайдалануға жол беріледі, келесі талаптарды сақтау шартымен:
1) қазба атмосферасындағы жанғыш және улы газ құрмын өлшеу ауысымда үш реттен кем емес аусымды бақылайтын адаммен немеесе газ өлшеушілермен және әр 2 сағат сайын звеньевойлармен, аға жұмыскерлермен немеме өздігінен жүретін машина машинистерімен өткізіледі;
2) АКВ - 2П, «Азот» тағы басқа түрлі аппаратура көмегімен бұл қазбаларға берілетін ауа мөлшерін бақылау үнемі өткізіледі. Егерде желдеткіш құбыршегінде ауа жылдамдығы бұл аппаратурамен өлшеуге рұқсат етілгеннен асып тұрса, онда ауа мөлшері ШЖҚ жұмыскерлерімен аспаптық өлшеу арқылы он күнде екі реттен кем емес анықталады. Өлшеулер қазба кесіндісінде тік телімде забой төсінен 20 - 25 м желдеткіш бағытының жолы бойынша өткізіледі.
757. Тұйық қазбаларда жарылысқауіпсіз орындаудағы электржабдықты және дизельді жабдықты жанғыш газдың құрамын автоматты бақылауды қолдану кезінде пайдалануға жол беріледі.
758. Тұйық қазбада, егер онда жарылысқауіпсіз жағдайда орындалған электровоздар немесе дизельді машиналар (дизелі сөндірулі бұрғыларынан басқа) тұрса, сонымен қатар байланыс сымынан күш - қуатты алғанға дейін шпурларды, ұңғымаларды бұрғылауға және жарылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
759. Шахталарда газ пайда болуын зерделеу бойынша, оларды болжалау және жанғыш, улы газдардың шоғырлануы мүмкін орындарын аттестацияланған ұйымдарды тартып анықтау жұмыстары жүргізіледі.
760. Бар газ жағдайы өзгергенде шахта шаралары орнатылған тәртіп бойынша қайта қаратылады.
6 бөлімше. Үңгілеу және тазартылым жұмыстары
761. Өрлемені үңгілеу кезінде ортасы бойынша жоғарыда жатқан деңгейжиек қазбасына оның эжектер аузына орналастыру бойынша ұңғыма үңгіленеді. Бөлек жағдайда бұндай қазбаның жоқ уәкілетті ұйыммен келісіп жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар әзірленеді.
Шахтаның техникалық басшысының рұқсатымен алдыңғы ұңғыманы алдын ала бұрғылаусыз блоктарды тазартылып алуға дайындау кезінде биіктігі (ұзындығы) 10 м көп емес қазба үңгілеуге жол беріледі, егер бұл қазбаларда немесе олардың қасында жанғыш және улы газдар шыққан оқиға орын алмаған жағдайда.
762. Өрлеме қазбаларын өткізу кезінде забойдағы атмосфераның құрамында жанғыш және улы газдың бар - жоғын алыстан бақылау жүргізіледі. Бақылау адамдарды забойға түсірмей тұрып өткізіледі.
763. Өрлемеде жұмыс атқаратын адамдардың газанықтағыштары болады және атмосферада жанғыш және улы газдың барлығын ауысымда төрт реттен кем емес бақылау жүргізеді, соның ішінде бұрғылау жұмыстарының басында және соңында.
764. Тұйық қазбалар үздіксіз ЖЖЖ айдамалы режимімен желдетіледі. Комбайнмен үңгілеу кезінде ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен оларды желдетуге жол беріледі, егерде қазба атмосферасына жанғыш және улы газ шығуы жоқ болса, айдамалы - сору (құрамалау) әдісі бойынша және соруы автоматты түрде айдамалы режимге ауысуымен.
Үлкен қиылыс қазбасын (16 м² көп) ЖЖЖ желдету кезінде және айдамалы желдету құбыршегінің уәкілетті ұйым рұқсат берген эжекторлық тиісуінің соңына орнату кезінде желдету құбырының забойдан 20 м дейін қалуға жол беріледі.
ЖЖЖ жұмысын автоматты түрде бақылау құралдары жоқ болған кезде, оларды тағайындалған және оқытылған адамдарға күтуге жол беріледі, бұл міндетті қиыстырып орындаушылар.
765. Әрбір жергілікті желдету желдеткіштерінде тақта орнатылады, оған қазбаның желдеткіш орнатылған жерінде ауаның нақты жұмсалуы, желдеткіштің нақты өндірістілігі, забойдың тұйық қазбасында берілген желдеткіш жабдығымен өткізілетін ауаның есеп бойынша және нақты жұмсалуы, жарылыс жұмысынан кейін қазбаны желдету уақыты, толтырылған күні және тақтаны толтырған адамның қолы қойылып жазылады.
766. ЖЖЖ жабылады, оның тоқтаған кезінде олармен желдетіліп жатқан тұйық қазбаларда орналасқан электржабдығынан күш - қуаттың сөнуін қамтамасыз етеді.
7 бөлімше. Жарылыс жұмыстары
767. Жарылыс жұмыстарын қорғаныссыз ЖЗ (көмір пласттары мен пропласттары және лақтыру қауіпті пласттарда жарылыс жұмыстарынан басқа) өткізуге жол беріледі және тек қана электрдетонатор көмегімен. Сонымен қатар шахтада пайдалану үшін уәкілетті ұйыммен рұқсат етілген, газ бойынша қауіпті жарылыс құралдары пайдаланады.
Шпурлар мен ұңғымаларды әр оқтау, оларды жару алдында және жарылыстан кейін забойды қарау кезінде шебер - жарушы жанғыш және улы газдардың шоғырлануына өлшеу өткізуге міндетті.
Жарылыс жұмыстарын құрамында тең немесе асатын: забойларда олардан 20 м қашықтықтағы жанындағы қазбаларда, сонымен қатар шебер - жарушының тығылған жерінде улы газдардың ШРШ, жанғыш газдардың (метан + сутегі) – 0,5 % газ болған кезде орындауға жол берілмейді.
Шебер - жарушы тығылған орындағы көрсетілген газ шоғырлануын өлшеу электржару жүйесін жарылыс құралына әрбір қосу алдында өткізіледі.
768. Тұйық қазбаларда жарылыс жұмыстары ауысым аралық үзілісте өткізіледі.
Мекеменің техникалық басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жарылыс жұмыстарын ауысым уақытында қазбаны жылдам үңгілеу кезінде, сонымен қатар забойдың циклдың арғы жағына 1 м көп емес жылжуына жол бермейтін тұрақсыз жыныстарда қазбаларды үңгілеуге, қосымша қауіпсіздік шараларын орындау бойынша өткізуге жол беріледі.
769. Кеннің кептелуін жою бойынша жарылыс жұмыстарын бекітілген циклограммаға сәйкес, қазбаларда ауысым бойы ЖЗ сыртқы оқтауымен екінші мәрте уату арқылы, бүкілшахталық торығу есебімен желдетілетін жанғыш және улы газдардың шығуы жоқ кезде өткізуге жол беріледі.
8 бөлімше. Отты жұмыстар
770. Бүкілшахталық торығу есебімен желдетілетін қазбаларда пісіру және газжалынды жұмыстарды жүргізуге жанғыш немесе улы газ шығуының жоқ кезінде ғана жол беріледі. Бұл жұмыстар жұмысқа рұқсат бойынша, пісіру және газжалынды жұмыстарын өндіру бойынша талаптарға сәйкес өткізіледі.
Пісіру және газжалынды жұмыс өндіру орнында сағат сайын кеніш атмосферасында жанғыш және улы газдардың бар - жоғын анықталады.
771. Апатты жағдайларда шахтаның техникалық басшысының жазбаша рұқсаты бойынша пісіру және газжалынды жұмыстарды ЖЖЖ желдетілетін қазбаларда өткізуге жол беріледі, телім механигінің тікелей басшылығымен және АСЖ респираторшысының қатысуымен.
772. Қазба атмосферасында жанғыш және улы газдары табылған немесе ЖЖЖ тоқтаған жағдайда онда пісіру және газжалынды жұмыстар дереу тоқтатылады.
773. Тұйық кен қазбасында пісіру және газжалынды жұмыстарын жүргізу кезінде онда басқа жұмыстарды өндіруге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |