Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


бөлімше. Тау қазбаларынан шығыс есіктерінің құрылымы



бет2/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

3 бөлімше. Тау қазбаларынан шығыс есіктерінің құрылымы
77. Әрбір жұмыс істеп тұрған шахтада, адамдардың әр қайсысынан тікелей шығуын және ауа ағынының әр түрлі бағытын қамтамасыз ететін екіден кем емес шығыс есіктері болады. Шахтаның әрбір гаризонтында немесе адамдарды тасымалдауға арналған жоғарыға шығатын екіден кем емес бөлек шығыстар болады.

78. Жаңадан салынып жатқан және жөнделген шахталардағы шығыстардың өзара ара қашықтығы 30 м кем болмайды, егер шахты үстіндегі ғимараттар және коперлар жанбайтын материалдан болса шығыстардың өзара қашықтығы 20 м кем болмайды.

79. Жер асты қазбаларын шурфтар арқылы пайдаланғанда жоғарыға шығатын екінші шығыстысалмауға болады, егер қазылатын тау қазбаларынаң забойының шурфтан ара қашықтығы 50 м ұзақ болмаса және жер асты жұмыстарына жұмылдырылған жұмысшылар саны ауысымда 5 адамнан көп болмаса.

80. Егер жоғарыға шығатын шығыстар саны үш және одан көп болса, адамдар көтеріліп түсуіне арналса, ауаның әр түрлі бағыты талаптарын сақтамауға болады.

81. Шахтадағы ортада орналасқан бағаналардан өткен соң немесе оларды жаңа горизонтқа дейін тереңдеткенде, алдымен (көлденең ашылу қазбаларын бастамас бұрын) бағаналарды бір біріне қосу жұмыстары және су аққыштарды қосу іске асырылады және бағаналарды бекітеді және парашютты құрылғылы тұрақты немесе уақытша көтермелі қондырғыларды орнатады. Қапталдап орналастырылған бағаналарда алдымен (екінші шығыспен қамтамасыз ететін қазбалар жүргізер алдында) бағаналарды бекіту және парашютпен қамтамасыз етілген тұрақты немесе уақытша көтеру құрылғыларды су аққыштарды қосу жүзеге асырылады.

82. Күрделі тау – геологиялық жағдайдағы, пайдалы қазба жатқан тереңдігі 1500 – 1800 м болатын кен орындарын игергенде, өкілетті органның келісімімен төменгі жатқан белестерді сатылы ашуды жабық бағаналармен жүргізуге болады, егер бағаналар механикаландырылған көтергіштермен және апаттық жағдай кезінде адамдардың сатылы ашу жолдары арқылы тікелей жоғарыға қауіпсіз шығуын қамтамасыз ететін сатылы бөлімшелермен қамтамасыз етілген болса.

83. Сатылы ашу кезінде бағана арасы екі параллель қазбалары жүргізу арқылы жасалады және олардың сбойкасы ара қашықтығы 300 м көп болмайды.

84. Сатылы ашу кезінде өкілетті органмен келісіп апатты жағдайларда жоғары жатқан горизонттарға және тікелей жоғарыға шығу үшін қосымша есік ретінде автокөліктердің қиғаш жолын келесі жағдайларды сақтағанда пайдалануға болады:

1) тау жұмыстарын төменгі горизонтта ауысыммен жүргізіп жатқан адамдардың шығуын осы жұмыстарға жабдықталған автокөліктермен жүргізіледі;

2) төмен жатқан горизонттардағы қиғаш жолдарына жақын жерлер жобаға сәйкес апатта ауамен қамтамасыз ету камераларымен (ААҚК) жабдықталады. ААҚК ішінде ауысымдағы адамдардың санынан 10 % көп өзіқұтқарғыштар сақталады. Керекті жағдайларда қорғаныш – камералармен жабдықталады.

85. Егер шахтадағы екі шығыстан басқа тұрақты қызмет етілмейтін шығыстар болған жағдайда олар күзетіледі және жабылады, сонымен қоса бұл шығыстардың есігі ішінен еркін ашылып, сыртынан кілтпен ашылатын болуы тиіс.

86. Горизонттар арасынан, бөлек учаскелерден жоғарыға, шахта алаңдары қапталынан шығуға қосымша қызмет жасайтын қазбалар жарамды күйде сақталады және айына бір реттен кем емес уақытта журналға жазылу арқылы тексеріледі (жалпы шахталық шығыстар секілді).

87. Барлық қазбаларда және олардың қиылысында жоғарыға шығатын шығыстардың бағытын және оларға дейінгі ара қашықтықты көрсететін белгілер қойылады. Белгілер өзі жанатын сырмен сырланады немесе жарықтандырылады.

88. Жерасты қазбаларынан шығатын екі шығыс ретінде тік шахталық бағаналар қолданылатын болса, олар механикалық көтермеден (оның біреуі клеттік) басқа сатылық бөлімшелер мен жабдықталады.

Екі бағанада (қосымша шығыстар) адамдардың әрбір горизонттан жоғарыға еркін шығуын қамтамасыз ететін кірістер (шығыстар) болады. Бір бағанада сатылық бөлімше болмауына болады, егер осы бағана тәуелсіз электр қуаттарымен қамтамасыз етілген екі механикалық көтермемен жабдықталса. Тереңдігі 500 м артық бағаналарда сатылық бөлімше болмауына рұқсат етіледі, егер екі бағана да тәуелсіз электрлік құаттармен қамтамасыз етілген екі – екіден механикалық көтергішпен жабдықталса.

Тереңдігі 70 м ден артық емес тік бағаналарда сатылар болғанда, бір бағанасында механикалық көтергіш болмауына рұқсат етіледі.

Бұл тарау шахта құрылысы немесе қайта жөндеу жұмыстары кезінде таралмайды.

89. Егер жерасты қазбаларынан шығатын екі шығыстардың қиғаш жолдарының бұрыштары 450 кем болса, олардың біреуіндегі қиғаштық бөлігі 40 м көп болса, олар адамдарды механикалық жеткізу құралдарымен жабдықталады, егер бөліктері екі бағана 70 м көп болса, олар екіден механикалық көтергішпен жабдықталады және біреуі адам тасымалдауға жабдықталады. Егер механикалық көтергіш шығыстары істен шыққан жағдайда адамдарды бағанамен сыртқа шығару көзделеді. Бұл жағдайларда бағаналардағы қатаймаға қатайтылған қиғаштығы 7 – 150 дейінгі таяныштар жасалады. Қиғаштығы 15 – 300 болғанда таянышы бар баспалдақтар, 30 – 450 болғанда сатылар жасалынады.

Егер бағана қиғаштығы 450 жоғары болғанда, сатылар тік қазбалардағыдай қылып орналастырылады, ал жоғарыға шығатын екі шығыс осы Ереженің 88 тармағына сәйкес жабдықталады.

Жер асты қазбаларынан жоғарыға шығатын екі шығыс ретінде механикалық көтергіші бар бағана және автокөліктік қиғаш жол қызмет еткенде, соңғысын 82 тармақта көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда механикаландырылған шығыс ретінде қолдануға болады.

90. Тік қазбалардағы сатылар орналастырылғанда бұрышы 800 көп болмайды. Қазба аузының үстінен және қазбадағы сөрелерден сатылар 1 м шығып тұрады. Қазба қатаймаларына темір қапсырма шегелер орнатылады, қапсырма шегенің ішкі жағы қатаймадан 0,04 м болмайды, қапсырма шегелер ара қашықтығы бір – бірінен 0,4 м көп болмайды, қапсырма шеге ені 0,4 м кем болмайды.

Ауа тазалағыш киген құтқарушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік беретін сатыларды орнатуы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) сатымен жабдықталған, алаңы есептелмегендегі өтпелердің бос кеңістігі сатылар ұзындығы бойынша 0,7 м кем болмайды, ал ені 0,6 м кем болмайды;

2) саты негізінен қазба қатаймасына дейінгі ара қашықтық 0,6 м кем болмайды;

3) сөрелердің өзара ара қашықтығы 8 м артық болмайды;

4) сатылар мықты және нығыздап қатайтылады және саты сөрелер тесігінің үстіне орналастырмауы тиіс.

Саты ені 0,4 м кем, баспалдақтары арасы 0,4 м үлкен болмайды, кермесінің ара қашықтығы 0,28 м кем болмайды. Бірінші саты үстіндегі тесігі ағашпен жабылады.

91. Сатымен жабдықталған қалпына келтірілген қазбадан тікелей тасымалдау қазбасына шығыстар жасауға болмайды. Бұл үшін тереңдігі 1,2 м кем емес және биіктігі 2,0 м болатын арнайы өтпелер жасалады.

92. Тазалау қазбасы жүргізіліп жатқан әрбір жұмысшы блоқтары (камера, лава) бір – біріне тәуелсіз екі шығыспен қамтамасыз етіледі. Шығыстар жоғарыға немесе жұмыс істейтін горизонттарға шығуы тиіс және бөгде заттармен бөгелмеуі керек.

Осы тармақ талаптары қысқа қазу арқылы жүргізілетін тазалау және қабаттап өндіру қазбаларына таралмайды.



4 бөлімше. Тау қазбаларын бекіту және жүргізу
1 тарау. Жалпы талаптары
93. Барлық тау қазбаларын бекіту, олардың бекітілген бекіту паспорты және жабынды басқаруына сәйкес жүргізіледі. Бекіту паспорттары және жабынды басқаруы типтік болуына болады, бірақ әрбір қазылатын қазбадағы нақты жағдайлар көрсетілуі тиіс.

Паспорттар тау - кен қазбаларының төбесін бекіту және басқару паспорттарын толтыру жөніндегі әдістемеге сәйкес жасалынады. (осы Талаптың 1 - қосымшасы).

Тау – геологиялық және өндірістік жағдайлар нашарласа қазбаны жүргізу паспортты қайта қарағанша тоқтатылады.

Бекіту және жабынды басқару паспорты әр қазбаға тазалау кеңістігін, қатайту тәсілдерін, жұмыстар жүргізу реттілігін анықтайды.

94. Паспорттар әр қазбаға екі данадан жасалады және шахтаның техникалық жетекшісімен бекітіледі. Тау – техникалық жағдайлар өзгергенде паспорттар қайта қаралады және тәулік шамасында бекітіледі.

95. Паспорттар орналасады:

1) участке басшысында;

2) шахтаның техникалық жетекшісінде.

96. Бекіту тұрғызу жұмыстарына жұмылдырылған қызметкерлер, бақылау тұлғалары, жұмыстарға басшылық жасаушылар паспорттармен қол қою арқылы танысады.

97. Бекітпе артындағы бос кеңістіктер толтырылып бітеледі.

98. Мықты қатпарларда қазбаны паспортта бекіткен қима көлеміне сәйкес бекітпесіз қазуға және бекітпесіз қалдыруға болады. Қиғаш және тік қазбалар өзара және көлденең қазбалармен жанасқанда, қатпарлар бос және қаттылығы орташа болғанда бекітіледі.

Жанамаласқан көлденең және тік қазбалардың бекітілу керектігі, тау – геологиялық және тау – техникалық жағдайларға сәйкес жобамен немесе бекіту паспортымен бекітіледі.

99. Тұрғылып жатқан және қазылып жатқан қазбалардың жүру бөлімшелері, кен немесе материалдық бөлімдерден қабырғалар арқылы бөлінеді және жарамды сөрелер мен сатылардан тұрады.

Осы талаптар, тұрғызылып жатқан қазбаларды қазуға кешенді қондырғылар, ілінген көтерме және секциялық жару амалдарын қолданған жағдайда таралмайды. Тұрғызылып жатқан қазбаларда ілінген көтермелер пайдаланғанда, көтерме ішінде орналасқан қазғыштар және шығыршық машинисті арасында сенімді екі жақты байланыс орнатылады.

100. Қазбаларда қазу комплекстерін пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

101. Түзетілген қазбадан тау сілемдерін, олардың ілініп қалуын болдырмау үшін жүйелі түрде шығарып тұрады.

102. Шахта бағанасын қазу кезінде қыртыс тиеу машиналары қолданылса, машинаның төменгі қабаттағы сөре – кареткасындағы беткейі кеңістігінен өту кезінде қауғамен және жүктермен соғысып қалуын болдырмайтын шаралар қабылданады.

103. Тік қазбаларды қазу кезінде, қыртыстарды грейферлік тиегішпен жинау кезінде болмайды:

1) жарылмаған шпурлық қуаттар қалған орындарында қыртыс жинауға;

2) қысылып қалған шпурлық қазғыштарды жұлқылау және бағана забойында қауғаны қозғалту үшін грейфер қолдануға.

104. Қыртыстарды бағана забойынан жинауға, сөрелерден немесе жоғарыдан басқарылатын грейферлер қолданғанда, осы забойда адамдар болмауы тиіс.

105. Бункердің дозаторлық камерасынан бағана маңылық аулармен қатынас, шахта бағанасының сатылық бөлімі арқылы немесе сатымен жабдықталған арнайы жолмен жүзеге асырылады.

106. Бағана қазу кезінде қыртыстарды алдыңғы қазбаға лақтыру арқылы жүргізілсе, соңғысы адамдар құлап кетпеуін қамтамасыз ететін мықты қоршаумен қоршаланады. Егер қоршалану жарылыстан кейін қойылатын болса, жұмысшылар бекітілген сақтандырғыш белдіктер пайдаланады.

2 тарау. Көлденең және қиғаш қазбаларды бекіту және жүргізу
107. Жасанды тіреуді керек ететін қатпарларда көлденең және қиғаш қазбалар жүргізгенде, тұрақты бекітпе орнатқанға дейін уақытша бекітпелер қойылады.

Уақытша бекітпе пайдалану керектігі жобамен немесе бекіту паспортымен анықталады.

108. Тұрақты және уақытша бекітпенің забойдан қалып қою шамасы бекіту паспортымен орнатылады. Әлсіз және мықты емес қатпарларда уақытша бекітпенің қалып қоюына болмайды.

109. Өте әлсіз және мықтылығы жоқ (төгілмелі, жұмсақ және көшпелі) қатпарларда қазбаларды алда жүруші бекітпе, қорғаныш немесе арнайы тәсілдер арқылы жүргізуге болады.

110. Қатайтылуы тиіс қазбалар ұзақ уақытқа тоқтатылса, қазылған учаскедегі тұрақты бекітпе забойға тақалып әкелінеді.

111. Қиғаш қазбаларды жүргізгенде, забойда жұмыс жасаушыларға жоғарыдан вагонша және басқа заттардың құлауы қауіпінен қорғалуы үшін, құрамы шахтаның техникалық жетекшісімен бекітілген екіден кем емес жабындымен жабылады.

Қиғаш қазбаларда бір мезгілде әр түрлі биіктіктерде жұмыс жүргізуге болмайды.

112. Жабынды, қазба бүйірін және забойды жабдықтау бақылаушы тұлға қатысуымен жүргізіледі.

113. Тереңдігі 4 м жоғары қазбаларда қатпарларды және забойды қарау үшін жылжымалы көпірлер немесе қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін өзі жүретін агрегаттар қолданылады.

114. Жабындыны жинаушы жүргізуші жұмысшылар қатайтылған немесе құлауы мүмкін аймақтан тыс қазбаның тазаланған учаскелерге орналастырылады. Жабындыны тазалау «бесік» немесе алаңдар арқылы жүргізгенде, оларды 2 метрден жақын ара – қашықтыққа қоюға болмайды. Жинаумен тікелей айналыспайтын тұлғаларға, қауіпті аймаққа 10 м жақын жерге келуге болмайды.

115. Жабындына қарауға және жинауға арналған өздігінен жүретін агрегаттардың «бесіктеріне» және алаңдарына артық заттар тиеуге болмайды.

116. Анкерлік бекітпе салғанда:

1) қыртыстанып бөлінуі және құлауы мүмкін қатпарлары бар қазбаларды өткенде, жабынды учаскесі немесе анкерлер (анкерлерге ілінетін сақтандырғыш тор сым, жоғарыны шашырамайтын бетонмен жапқанда және басқа) арасынан қыртыс бөліктерінің құлауының алдын алатын шаралар қабылданады. Анкерлерге ілінген торсымдар шашылған қыртыстардан жиналып тұрады. Торсым салбырап тұруы 20 см – ден көп болмауы тиіс;

2) қазбалардағы биіктігі 4 м жоғарыда жүргізілетін жұмыстарға, бекітуге қолданылатын анкерлік комплекстердің керекті саны орналасқан жәшіктері бар алаңдар пайдаланылады.

117. Орнына орнатылған қайтама (арықтық, полигондық, рамалық және басқалар) алынады. Анкерлік және бекітпенің басқа түрлерін сынау технологиялық регламентке сай жүргізіледі.

118. Камера қимасы көлемінде жүргізілген тасымалдау қазбалары және үлкен көлемді тоннельдер жобаға сай қатайтылады.



3 тарау.Тік қазбаларды қазу, бекіту және арматурлау
119. Шахта бағанасы қатайтуға және арматурлауға, қазуға тереңдетуге жұмыстарды ұйымдастыру жобасы (ЖҰЖ) жасалынып, бекітіледі.

120. Жоғарыдан жүргізілетін барлық қазбалардың аузын бекіту міндетті түрде жүргізіледі. Бекітпе ұзындығы жобада көзделеді. Қазбалардың барлық жанамалары, қатпарлардың мықтылығына қарамастан қатайтылады.

121. Уақытша бекітпелердің барлық түрлерін орнату, бақылаушы тұлға бақылаумен жүргізіледі.

122. Бағана аузын қазу кезінде оның айналасына ені 0,5 м кем емес жең қалдырылады.

123. Шахта бағанасын бекітпесі тегістелген жер беті деңгейінен 0,5 м кем емес биіктікке шығып тұрады.

124. Копер орнатуға дейін бағана ауыза жабылады және биіктігі 2,5 м кем емес тормен қоршаланады. Қоршауды адам өтуге арналған тор есікпен жабдықтайды.

125. Уақытша немесе тұрақты бекітпенің немесе қорғаныштың төменгі шетінің кешігуі – забой қабықшасы жобада көзделеді. Әлсіз және тұрақсыз қыртыстарда бекітпенің кешіктірілуі керек.

126. Тұрақты жабдық тұрғызылғанда барлық бос жерлер және қыртыс, бекітпе арасындағы саңылаулар мұқият тығындалады. Тығындалмайтын кеңістік көлемі жобада көрсетіледі.

Тұрақты бекітпе көтергенде, уақытша бекітпені шешу көлемі жобада қаралған көлемнен артпауы тиіс.

127. Қазбаны қазу кезінде апат бола қалған жағдайда аз санды ауысымдағы барлық жұмысшылардың барлығы орналасатындай ұзындығы бар ілінбелік апаттық – құтқару сатысы қарастырылады.

128. Көтерілуші қазбалардан өту үшін жұмыс ұйымдастыру жобасы жасалынып бекітіледі.

Жоба құрамына бекіту паспорты, жарылыс жұмыстары паспорты, жергілікті жерді желдеткіштер схемасы және есебі кіреді.

129. Қыртыс жіберу орындары қоршаланады немесе оларға адам түсіп кету қауіпін болдырмау үшін жабылады.

Адамдардың қыртыс жіберу орындарына толтырылған қыртыстармен жүруіне тиым салынады.

Қыртыс жіберу орындары аузы маңында, олар ашық немесе толтырылған жағдайда, толтырылған қыртыстармен жүруді, сенімді жерге бекітілген сақтандырғыш белдікті қолданып жүргізуге болады.

130. Тіреліп қалуды жою жұмыстарын қыртыс жіберу орындарында жүргізгенде басшылықты бақылаушы тұлға жүргізеді.

131. Шахтаның тік бағанасының тереңдетілу бөлігі, жұмыс жасау горизонттарынан, жобаға сәйкес мықты сөремен немесе бағана түбін қалдырылатын тұтастықтар арқылы оқшауланылады.

Тұтастық тұтас, кермелі, сенімді қатайма арқылы астынан бекітіледі.

132. Бағананы (шурфты) қазу кезінде забойда орналасқан жұмысшылар, жоғарыдан құлауы мүмкін заттардан, забойға жақын орналасқан сөрелер арқылы қорғалады.

133. Ағаштан жасалған тұрақты бекітпе пайдалану арқылы тұрақты емес қыртыстардан тұратын тік бағаналарды қазу кезінде тік белағаштарды (вандруттарды) және тұрақты тірегіш орнату, ұзындығы тік белағаш ұзындығына тең жаңа бекітпе тұрғызған бойда жүргізіледі. Тік белағаштармен байланбаған төменгі бөренелер уақытша тіреуіштермен бекітіледі.

134. Бекітпені жанбайтын материалдармен жасағанда бос кеңістіктерді ағашпен толтыруға болмайды.

135. Бекітпе артында су болған жағдайда, бағананың сужинаушы құрылғыларына судың еркін ағып келуін қамтамасыз ету дренаждары жасалынады.

136. Жарылыстан және забойды желдетіп болғаннан соң, бағана қыртыстарын тазалау алдында, осында орналасқан қондырғыларды, бақылау тұлғасы, бригадир және жарғыш бірігіп мұқият тексереді. Забойды қауіпсіз қалыпқа келтіретін шаралар қолданылады, осыдан соң ғана жұмысшыларды забойға түсіру бақылау тұлғасы арқылы жүргізіледі.

137. Бір мезгілде шахтаның бағанасын арматуралау және копер орнату немесе оған қондырылады орнату, бағана аузын бекітуді қарастыратын жоба бойынша жүргізіледі.

Жоба ұйымының техникалық жетекшісімен бекітіледі.

138. Шахта бағанасын арматурлау және жылжымалы ілінбелі сөрелерді жылжыту жұмыстарын сақтандырғыш белдіксіз жүргізуге, көтерілгіш ыдыстар орнына ілінбелі «бесік» пайдалануға тиым салынады.

139. Сақтандырғыш қабырғаны қазуға немесе тереңдетілген бағанадағы сақтандырғыш сөрелерді бөлшектеу, тереңдету жұмыстары толық аяқталған соң және бағана маңындағы ауланы тазалаған соң жүргізіледі.

Сақтандырғыш сөрелерді немесе сақтандырғыш қабырғаны бөлшектеу, ұйымның жобасына сәйкес, уақытша бекітпені пайдалану арқылы жүргізіледі. Қазғыштар мықты негіздерге бекітілген сақтандырғыш белдіктермен жұмыс жасайды.

140. Бұрғылық, қатырғыш және тампонаждық ертінділерді айдау үшін, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың, және аммиакты мұздатқыш қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарына сай келетін қондырғылар пайдаланылады.

141. Адамдарды және жүктерді көтеріп – түсіруге арналған, шахталардағы тік бағаналардың бекітпелері және арматуралауды тәулік сайын, тағайындалған жұмыскерлермен тексеріледі.

Бағана бекітпелерін және арматураларын шахтаның техникалық жетекшісі немесе орынбасары жүйелі түрде тексереді, бірақ тексеру айына бір реттен сирек болмауы тиіс.

142. Көтеру қондырғылармен жабдықталған, қазылып жатқан тік бағаналар аузы, жұмыс жүргізілмейтін бетінен қабырғалармен немесе биіктігі 2,5 м кем болмайтын тор сымдармен қоршаланады. Артпалы бекеттері және өтпелі горизонттары бар бағаналарды ашық торларда немесе есіктерде көтеріліп – түсуін болдырмайтын блокадалық есіктермен жабдықталады.



4 тарау. Шахта бағаналарын тюбингілеп бекіту
143. Шахта бағанасын тюбингтік шеңберлермен бекіткенде:

1) тюбингтерді орнату жұмыстық ілінбелі сөрелерден немесе тікелей забойдан жүргізіледі;

2) негізгі бөренелерді орнатқанда тексеру және пикотаж мықтылығы актілері толтырылады;

3) тюбингтер сегменттері түсірілуі 1 м / с жылдамдықтан артық болмауы тиіс;

4) шахтаға сегменттер түсіретін жалғамалы құрылғылар төрт шынжырмен тұрады, олардың екеуі бұрандалармен бекітіледі және екеуі сегментті іліп алуға арналған ілгешектерден тұрады. Қолданылатын шынжыр, болат арқандарда сынама куәліктері болады, болат арқандардың мықтылығы көтеру арқандары мықтылығынан кем болмайды;

5) тюбингтті қысқыштан босату, оны орнатып болған соң және жобада көрсетілген жеріне тігінен екіден кем емес бұрандалармен және көлденеңінен де екіден аз емес бұрандалармен бекіткен соң жүргізіледі;

6) тампонаждық ертіндіні тюбинг артындағы кеңістікке қысыммен берілген уақытта, осы жұмыстарға жұмылдырылған жұмысшылар қорғау көзілдірігін және резиналық қолғаптарын қолданып жұмыс жасайды;

7) сегментті орнату бір рет көтеру арқылы жүргізілсе, жоғарыға орнатылған немесе бағана бөлігіне орнатылған мықты сөреге, болмасы шахта бағанасына қатайтылған блоктарға бекітілген қосымша шығыршық пайдаланылады;

8) бақылау тұлғасының рұқсатынсыз тюбингтін бекітпедегі цементтеу қақпағын ашуға болмайды;

9) бекітілмеген қатайту кеңістігінің үлкендігі тюбингтік бекіту кезінде бір кірмеден артық болмайды.

144. Тюбинг сыртындағы кеңістікті, тампонажды материалдарды қысыммен толтыру кезіндегі рұқсат етілген жоғарғы қысым жобамен орнатылады.

5 бөлімше. Шахта бағаналарын қазу және диаметрі 500 м үлкен болатын ұңғыны қазу амалдары
1 тарау. Ұңғыны жоғарыдан қазу
145. Ұңғы салу орны, қондырғы орналасуы және жергілікті коммуникациялар жобамен анықталады. Сонымен қоса бұрғылау қондырғыларының, тұрғылықты және өндірістік ғимараттардан, электрлік жүйелердің қорғау аймағынан, мұнай, газ және басқа өнімдері өткізгіштерінен, темір және автокөлік жолдарынан ара қашықтығы мұнара биіктігіне 10 м қосқан ара қашықтықтан кем болмауы тиіс.

Кешенді бұрғылау қондырғыларын тұрғылықты жерлерге жақын орналастыруға, ал жылжымалы бұрғылау қондырғыларын құрылыстар және ғимараттарға жақын жерге, ҰЖЖ жасағанда жұмыстардың қауіпсіздігін және ғимараттар мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ететін шаралары қарастырылған жағдайда орналастыруға болады.

146. Бұрғылау қондырғысын тік беткейлерге жақын орналастырғанда, оның негізгі беткей жиектеріне 3 м алыс жерге орналастырылады. Барлық жағдайларда бұрғылау қондырғыларын опырылуы мүмкін жерлердің аумағынан тыс жерлерге орналастырылады.

147. Бұрғылау мұнарасының аяқтары негіздері топырақ қату тереңдігінен тереңге және бағана аузының бекітпесіне байланысты емес жерлерде орнатылады.

148. Әрбір кешенді бұрғылау қондырғылары дыбыстық дабылдармен және бұрғылау құбырларын көтеру биіктігін немесе жүк көтеру құрылғыларының шектегіштерімен жабдықталады.

149. Мұнараларды жинау, жерде тіремелер арқылы жүргізіледі, мұнараны көтеру және түсірудің арнайы көтеру механизмдері болмаса шығыршық, крандар, тракторлар арқылы жүргізіледі.

Мұнара көтеруге және жерде мұнара жинауға қолданылатын шығыршықтардың, мүмкін болатын жоғары статистикалық салмаққа мықтылық запасы үш еселік запастан кем болмауы тиіс және жарамды тежегіш жүйесі болуы керек.

Бұрғылау мұнараларын (бағаналарын) орнатуға қолданылатын көтеру механизмдері, ұңғы осінен алғанда, мұнара биіктігінен кем емес ара қашықтыққа орналастырылады.

150. Кешенді қондырғылардың мұнараларын көтеріп – түсіру, бұрғылау қондырғыларын монтаждау және жинау жобаға сәйкес бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі. Тұрғызып – жинау жобалары және типтік сызбалары ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

151. Кешенді бұрғылау мұнараларын тұрғызуға, жинауға және тасымалдауға 15 м / с жылдам жел кезінде, жауын – шашында, мұздақта және түнгі мезгілдерде болмайды.

152. Кешенді бұрғылау қондырғыларын тасымалдауды, оларды тұрғызу және жинауды бақылау тұлғасы жетекшілігімен жүргізеді. Тасымалдау жолдары мекеменің техникалық жетекшісімен бекітіледі. Жол жобасында жоғарғы қауіпті учаскелер және қауіпсіздік шаралары көрсетіледі.

153. Бұрғылау қондырғылары, мұнарасы, агрегаттарының техникалық жағдайлары тексеріледі:

1) бригадирмен аптасына екі реттен кем емес уақытта;

2) ұйымның бақылау тұлғасымен – айына бір реттен кем емес;

3) бұрғышымен – ауысым ауысқанда немесе жұмыс аяқталғанда.

154. Мұнараның техникалық жағдайы тексеріледі:

1) тасымалдау алдында және кейін;

2) бекіту құбыр тізбектерін отырғызу алдында;

3) жылдамдығы 9 м / с артық желден соң;

4) жөндеу жұмыстарынан кейін.

Тексеру нәтижелері «Бұрғылау журналына» енгізіледі (2 – қосымша). Анықталған кемшіліктер жұмыс басталар алдында жойылады.

155. Ұңғы қазу жұмыстары техникалық құжаттар бар болған жағдайда басталады:

1) жұмыс жүргізуге рұқсат қағаз;

2) ұйымдастыру жұмыстары жобасы;

3) бұрғылау қондырғысын пайдалануға қабылдау актісі;

4) жерлендіргіштің кедергісін өлшеу және электрлік қондырғыларды және электірлік жүйелерді оқшаулау хаттамалары;

5) сораптарды сынама актілері.

156. Бұрғылау сораптары, өткізгіш құбырлары, жеңдер және тығындар, бұрғылау қондырғыларын пайдалану алдында сумен қысым беру арқылы жарым есе жоғары қысымға сыналады және сақтандырғыш клапанның әсер етуі тексеріледі.

Сынау нәтижелері актімен рәсімделеді.

157. Көтеріп – түсіру операциялары кезінде шығыршық барабанында болат арқанның үштен кем емес оралымы қалуы керек; қозғалмайтын шеті, үш бұрандалы қысқаштар арқылы іргетасқа немесе бұрғылау мұнарасы (бағанасы) негізінің рамасына орнатылған бөлек құрылғыға бекітіледі; болат арқан иілу радиусы арқанның 9 диаметірінен кем болмауы тиіс.

158. Бұрғылау жұмыстарын қорғау аймағы нысандарында (электрлік әуе және кабельдік жүйелер, газқұбырлары және тағы басқалары.) жұмыс жасаушыларға, қауіпсіз жұмыс жүргізу жағдайларын анықтаушы наряд – рұқсат беріледі.

159. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуші мекемелер бұрғыланғын ұңғыманы жою кезінде, топографикалық жоспарлпрда ұңғылар орналасуы және олардың тереңдігін белгілейді.

Бұрғыланған ұңғыларды, олар арқылы жерасты суларының қазбаларға ағуын және сулы горизонттардың бір біріне араласып кетуін болдырмау үшін тампонаждық цементтермен толтырады.

160. Бұрғылау қондырғысына бақылау - өлшеу қондырғылары комплексті болады; салмақ индикаторы, салмақ шектегіші, монометрлер, сақтандырғыш клапандары және зауыттық мембраналар. Монометрлер, әрбір сығуымдау сатысынан кейін және компрессордан кейінгі қысымдық жүйеге, ауа жинағыштарға қойылады.

161. Бұрғылау қондырғылары, тальдік блок рұқсат етілген биіктіктен асып кеткенде шығыршықтың жұмысын автоматты тоқтау құрылғыларымен жабдықталады.

162. Мұнараны, шкифтерді және бұрғылау қондырғылардың болат арқандарын апаттық – жөндеу және апаттық – құтқару кезінде көтеруге жабдықтауға болады, егер шкив диаметрі болат арқан диаметірінің қатынасына 40 еседен кем болмағанда және көтеру жылдамдығы 0,35 м / с артық болмағанда.

163. Бұрғылау қондырғысының мұнарасының жүк көтергіштігі, есептелген жоғары салмақтан 1,5 есеге артық болуы тиіс.

164. Қысымдық жүйедегі сұйықтық айналым ыстырмаларында ашып жабу белгілері көрсетіледі. Ашуға «А», жабуға «Ж» белгілері қойылады.

165. Бұрғылау сорабы орнатылған жердегі еденге сұйықтық ағып кету жыралары жасалады. Олар аққан бұрғылау ерітінділерін ыдыстарға ағуын, тамған майлардың іргетасқа тимеуіне қызмет етеді.

166. Сұйықтықтарды қысыммен айдау жеңдері арматуралануы керек – немесе зауыттық орамалы болуы тиіс.

167. Компрессорлық қондырғыны машинист жұмысшы орны бұрғылау қондырғысымен екі жақты байланыс құралдары арқылы байланысады. Компрессорлық қондырғыны автоматтандырылған болса керекті приборлары, бұрғылау қондырғысындағы бұрғышының басқару пультіне шығарылады.

168. Бұрғылау процессі кезінде бағана аузы жылжымалы платформалармен немесе екі жақты есіктермен толықтай жабылады.

169. Жердегі сазды ерітінділер сақтау орындары және сулар барлық периметрлері бойынша 1,2 м қоршаумен қоршаланады немесе жабылады.

170. Саз араластырғыш люгі темір торымен жабылады және қозғалтқыштың темір тор болмағанда қосылуын болдырмайтын блоктық құрылысы болады. Темір тордың торлары 0,15 × 0,15 м артық болмайды.

171. Саз араластырғыштарға келетін траптар ені 1,5 м кем болмайды.

172. Батырылған бекітпе және бағана аузындағы форшахта қабырғалары арасындағы саңылау тұтас жабқыштармен жабылады.

173. Қатайтылатын кеңістіктерді тампондау қондырғысы сақтандырғыш клапандарымен және екі монометрлермен жабдықталады, олардың бірі агрегатқа, екіншісі тампонаждық ерітінді берілетін цементтеу құрылғысына орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет