Жұмысшы станциялар желісі – жұмысшы станцияларды олардың арасындағы желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал)–компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі – серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі.
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Байланыс түрінің мысалы ретінде телефон станцияларын алуға болады. Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі тапологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желі тапологиясын таңдау өте жауапты жұмыс, оны компьютерлік желінің жобасын жасамас бұрын анықтап алу керек. Желі тапалогиясы компьютерлік желі жасаудың соңғы кезеңінде өзгерту өте күрделі және қымбат тұратын мәселе. Жұмысшы станциялар желісінде моноканалдар (жалғыз канал), ал деректерді жіберудің негізгі желісінде – поликаналдар (моноканалдар жиынтығы) жиі қолданылады.
Компьютерлік желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері оның басты сипаттарын анықтайды:
Операциялық мүмкіндіктері –деректерді өңдеудің негізгі әрекеттер тізімі. Компьютерлік желінің құрамына енетін компьютерлер, пайдаланушыларға осы желіде жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктерді беруі керек. Компьютерлік желілерді біріктірудің басты тиімділігі болып пайдаланушының желі ресурстанына толық ену мүмкіндігі саналады. Компьютерлік желілер көптеген компьютерлерде деректерді параллельді өңдеу мүмкіндігін береді және қажетті ресурстардың көшірмесін жасап, есептерді шешу уақытын қысқартады, жүйенің сенімділігін және нәтиженің анықтылығын көрсетеді.