Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;
2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
3. Пайдаланушынардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру
мүмкіндігі;
4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
5. Пайдаланушының кез-келген компьютерден жалпы желінің ресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;
6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі
Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:
Серверлер – ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер;
Жұмыс станциялары – серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;
Желілі орта – компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі;
Бірлесіп қолданатын мәліметтер;
Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;
Ресурстар – желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер.
Жоғарыда аталып өткен ұқсастықтарына қарамай, желілер екі түрге бөлінеді:
Бір рангілік желілер
Сервер негізіндегі желілер
Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютерлер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желілер әдетте, 10-нан аспайтын компьютерлерді біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылардың кішігірім ұжымы деп те атайды.
Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.
Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты–есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандару және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың территориялық кешенін айтады. Сондықтан компьютерлік желілерді аппараттық, пограммалық, ақпараттық территориясы бойынша бөлінген жүйе ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге техникалық құралдар компьютерлік желінің потенциалын, ал прогаммалық қамтамасыздандару нақты мүмкіндігін ашып береді.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:
жұмысшы станциялар желісі
серверлер желісі
деректерді берудің негізгі желісі
Достарыңызбен бөлісу: |