Жерлеу ғҰрпының фольклоры



бет2/3
Дата06.11.2023
өлшемі1.33 Mb.
#482473
1   2   3
Жерлеу рәсімі ғұрпы

ЖоҚТАУ салты


Жерлеу ғұрпының ең маңызды құрамдас бөлігін құрайтын вербальді, сөздік формаларының (дауыс салу, дауыс айту, жоқтап жылау, жоқтау айту) өзегінде сөздің көне магиялық қызметі туралы түсінік сақталған22. Өйткені, сөз арқылы марқұммен сөйлеседі, оған игілік тілейді, кейінірек мұң-шерін шығарады, тәрбие-тағылым түйіндейді. Бұл мұсылмандық түсінікте де жалғасын тауып, Құран сүрелерінің киелілігі туралы оймен көмкеріледі23 . Жоқтаушы өз сөзінде дұға арқылы марқұмға көмек етуді көптің есіне ұдайы салып отырады.
Осыдан бастап ауық-ауық көрінетін сөзбен дауыс айтып жылау рәсімдерінде түрлі дәуірлерге тән таным элементтері араласып жүреді. Ол бастапқыда рәсімнің өзі, кейіннен оның сөздегі жаңғырығы ретінде көрінеді. Мәселен, бұған адамның дене мүшелерінің (қан, шаш, тырнақ, т.б.) магиялық мәні жайлы ұғымдарды айтуға болады. Дәстүр бойынша өлген адамның әйелі, қыздары, апа, қарындас және келіндері шаштарын жайып салып, бүйірлерін таянып, ылғи да жылаумен болады да, көңіл айта келген әйелдер жағы да олармен бірге жыласады.

Жерлеу рәсімі


Ежелден күні бүгінге дейін қатаң сақталатын міндетті рәсім тазарту шараларына байланысты. Алдымен марқұмды жуындырады да, мүрдені үш рет аударып, тазалап жуып, кебіндейді. Кебіннің етек-жеңі, жағасы болмайды, ол қиылмайды, тігілмейді, тек оралады. Ер адамның кебіні оңнан- солға, ал, әйелдікі солдан оңға қарай оралады.
Ақыреттелген мәйітті кілемге орап, сыртынан тағы үш жерден байлап, жаназасы шығарылады. Жиналғандар тік тұрып (азан айтылмайды, еңкеймейді), жаназа намазын оқиды. Марқұмды үйден шығарарда әйелдер міндетті түрде айғай салып, дауыс қылады.
Өлікті лақатқа түсірген соң кебіннің басы, ортасы және аяқ жағында байланған жерін шешеді, бұл кезде сыртта тұрған адамдар қабірдің жас топырағынан бір-бір уыс топырақ тастаған соң лақаттың аузын қыш кірпішпен жабылып, сыртқы үйін топырақпен толтырғаннан кейін Құраннан сүрелер оқылады.

Рулық зираттарда жерлеу дәстүрі


Қазақ халқының жерлеу ғұрпында күні бүгінге дейін марқұмды рулық зираттарда жерлеу дәстүрі кездеседі. Ол жер үстіндегі заңдылық жер астында да қайталанады деген көне түсінікке сәйкес, туыстардың бір-біріне жақын жерленуінің жалғасы. Осы дүниені о дүниемен теңестіру, қайтыс болған адамның бұрынғы дүниеден өткендерге барып қосылып, мәңгілік мекенде бірігіп өмір сүруі жайлы ұғымдар көптеген халықтарға ортақ. Марқұмды өлген туыстарына кетті деп сенудің сілемдері жерлеу фольклорының мазмұнындағы негізгі сарынды құрайды:
Өз еркімен кетіп пе,
Шақыртқан шығар бабасы.
Үмбетай атам, Жәнібек
Бабалардың рухы
Болар ма екен қауышқан.
О дүниелік өмір жайлы сенім ислам дінінде Алланың иелігі, пайғамбарлардың шапағаты тиетін орын дейтін түсінікке ұласқан. Бұл марқұмды Алла мен пайғамбарға тапсыру арқылы сипатталады.
Рухың барып, жолдас боп,
Пайғамбарға қосылғай.
Тапсырдым қайран анамды,
Жарылқа өзің, бір Аллам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет