Жетекші: Мақсатов н р. Алматы 2018 «Қазақстан республикасындағы мұрагерлік қҰҚЫҚТЫҢ аспектелері, теориялық ЖӘне тәжірибелік маңызы»



бет2/8
Дата14.03.2024
өлшемі415.96 Kb.
#495517
1   2   3   4   5   6   7   8
1859-2

Мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық деп түсінік береді. Яғни араб, парсы тілдеріндегі мирас сөзінен, мирасқор деп қазақ тіліне еніп кейін кеңінен қолданылып жүргендігін зерттеуші ғалымдар еңбегінен көреміз. Яғни, қазіргі қолданьш жүрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «мұра - әке-шешеден балаға қалған дүние мүлік, бұйым т.б. заттар десе, мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық», - деп түсінік береді. Мұра, мұрагер деген ұғымдар қазіргі неке және отбасы заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстерінде кеңінен қолданылып, сол бұрынғы мәнін әлі күнге дейін жоймағандығын көреміз.


1.2 Мұра мен мұрагерліктің қайнар көздері
Мұра мен мұрагерліктің қалыптасуына өз үлесін қосқан ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың пайдаланған әдет заңдары, кейін хандық дәуірде соның негізінде құрастырылған жол-жора, жарғы, яғни, құқықтық ескерткіштері, билер билігі, ережелер, шариат заңдарын айтуға болады.
Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі ғұндар, үйсіндер меншікті көшпелілердің дала өміріндегі мәңгілік мүдде деп есептеп оған ие болу жолдарына да ерекше көңіл бөлген. Оған жеке отбасынан ел билігіне дейінгі әлеуметтік өзгерісті туындататын тетік ретінде қарап, одан туған түсініспестік, өзгеріс және зиян, берісі отбасындағы ауызбіршілікті кетіріп, арысы рулар арасында, ұлыстарда дау-дамай тудырады, дауластырады деп есептеген. Сондықтан көшпенділер меншік қатынастарында оған ие болудың бірден бір жолы мұрагерлік болатындығын бұрыннан жалғасып келе жатқан әдет заңдарымен үйлестіріп келді. Оларда жайылымның руға тиесілі болуы - ата қоныс есебінде сол рудың болашақ ұрпағына мирас есебінде қалып отырды. Ал малды жеке меншік ретінде иелік етіп өз ұрпағына қалдырудың бірнеше жолдары болды: өсиет арқылы қалдыру, кішіұлдыц шаңырақ иесі есебінде мал-мүлікке ие болып қалуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет