Жетекші: Мақсатов н р. Алматы 2018 «Қазақстан республикасындағы мұрагерлік қҰҚЫҚТЫҢ аспектелері, теориялық ЖӘне тәжірибелік маңызы»


Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік



бет6/8
Дата14.03.2024
өлшемі415.96 Kb.
#495517
1   2   3   4   5   6   7   8
1859-2

3 Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
Мұрагерлік – қайтыс болған адамның (мұра қалдырушының) мүлкінің мұрагерлерге көшуі деп жоғарыда келтіргенбіз. Ол өсиет негізінде (егер мұра қалдырушының жазған өсиеті болса) немесе заң бойынша жүзеге асырылған.
Заң бойынша мұрагер болу дегеніміз заң арқылы тағайындалған адамдардың мұрагерлікке алынуы. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестірілген. Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмаған. Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер деп есептелінбеген.
Өсиет нысанына тоқталсақ, өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс болған және олар: 1) ноториатта куәландырылған өсиеттер. 2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше рәсімделген болып танылған. Өсиетке, өсиет қалдырушының өзі қол коюы қажет болған. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін болған.

Заң бойынша мұрагерлік жағдайы

Егер өсиет болмаса

Мүліктің бір бөлігі өсиетсіз қалса

Мұрагерлер мұрадан бас тартса

Өсиет қалдырушы мұрагерлерді мұрадан айырса

Өсиет жарамсыз болып есептелсе

Заң бойынша мұрагер болу кезектері

І
Кезек

тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алған

ІІ
Кезек

тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алған

ІІІ
Кезек

тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алған

ІV
Кезек

мұра қалдырушының алтыншы атаға дейінгілерін қосқанда басқа туыстары алған. Туыстық дәрежесінің жақындығы ата-бабасынан туу саны негізінде анықталған. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталған

V
кезек

егер мұра қалдырушымен бір отбасыда кемінде он жыл бірге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), өгей әкесі мен өгей шешесі алған


кезек

тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алған

Өсиет мазмұны

Субституция (мұрагерлерді қосымша тағайындау)


Легат (өсиеттік бас тарту)


Жүктеу

Өсиетті орындау

Мұрагерлер


Өсиетті орындаушы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет