бітістіруге мүдделі болуы керек /”жаман би жанға салады”/.
21. Жауапкер де, дəугер де іс барысында куəлерді қатыстыруға хақылы. Би алдында өзінің
айғағын ұсынатын адамды ” бет айғақ” деп атайды, ал егер жасырын қалғысы келсе, оны
”сырт айғақ” дейді. Ел алдында екеуінің де сөзі сенімді болуы шарт.
22.”Бет айғақ” өзінің куəлігі үшін ”сүйінші” /табылған дүние- малдың І/5 бөлігіне дейін/ талап
етуіне бөгет жоқ, егер айтқаны жалған болса, оны қайтаруы тиіс.
23. Егер ”бет айғақ” би алдына келмесе, би оны жасауыл жіберіп алғызуға хақылы /ақысы
кінəлінің үстінен/.
24. Айғақ берушілердің дауласушыларға туысқандық немесе жолдастық қатысы болмауын би өзі
қадағалайды /”жан айғақтың тайғағы”/.
25. Егер айғақ екі жақтың біріне бүйрегі бұратын болса, ол куəлік етуге жіберілмейді /”Жан-
айғақтың тазасынан”/.
26. Егер айғақ елге өте танымал жəне беделді /Сұлтандардан, не атақты би-батыр тұқымынан/
болса, одан ”жан беру” талап етілмейді.
27.”Жан берушіні” таңдау міндеті даугерге жүктеледі, не бидің өзі жауапкер жақтың бір
беделді адамын жанға салады.
28. Егер қылмыскердің бала-шағасы қылмысты біліп тұрып жасырса, олар кінəлі болып
табылмайды жəне айыпталмайды.
29. Жауапкер өз кезегінде кінə тағып отырған жақты ішінен даугердің сөзін бекітетін ”жан
беретін” адамды таңдауға мүмкіндігі бар.
Жан беру:
”Жан беру”-қазақтың ежелгі дəстүрі немесе оны ”Ант беру” деп атаған. Ант беру, жан беру
көбінесе үш жағдайға байланысты қолданылады:
1. Алдымен болған оқиғаға, яғни қылмысқа байланысты күмəнді сейілту үшін, күмəнді адамның ең
беделді туыстарынан, не руларынан бір кісі ”жан беру” керек. Өздерінің билерге жасаған
шағымдарына байланысты жан беретін адамды қарсы рудың ішінен таңдап , нұсқау міндетін
даугер жақ алады.
2. Екіншіден, жауапкер жақ кінəсін мойнына алмаған жағдайда жəне ешқандай қосымша дəлел
табылмаған кезде даугер өзінің шағымының шын екенін дəлелдеу үшін жан береді.
3. Үшіншіден, билердің алдында болатын жүгіністе куə есебінде /айғақ/ сөйлейтін адамдар жан
береді.“ Жан беру„ арқылы бет айғақ болған қылмысты куəландырып, қылмыскердің мойнына
салып береді. Сондықтан, ондай куə адамның орны да, сүйіншісі де қомақты, ал дəлелі негізсіз
болса, сүйіншіні де, шыққан шығынды да қайтаруға тиісті.
Даугер жақтың келісімі бойынша, жұрт алдына туысқаны үшін жан беруші сол елдің беделді,
абыройлы адамдары болған іске қанығу үшін бір жұмадан бір айға дейін билерден мұрсат алады,
сөйтіп, ол əбден анықтап алғаннан кейін ғана туысының кінəсіздығына көзі жетсе оны тазалап
жан береді. Ал енді туысының өтірігін, ұрлығын т.б. сезген“ жан беруші„ немесе “ жанға
ұстанған„ адам билерге хабар жөнелтіп, кінəлі туысына араша түсуден бас тартады.
Күмəнді туысын тексеру үшін жан беретін адам оны шақыртып алады, қара қойды сойғызып,
соны айналдырып жүргізеді, мұны “құрмалдық „ деп атайды.
Егер “жан беруші „ азамат билердің белгілеген жеріне, ел алдына келмесе өзінен - өзі жауапкер
жақ кінəлі болып саналады.
Ал, ауыр жағдай кезігіп, жан беруші адам не ауырып, не қайтыс болып кетсе “жан беру„кейінге
шегіндіріледі, бір жылға дейін күшін жоғалтпайды. Мұндайда қазақ: ”Жан бергенге- жай бер“
деп тосып жатады. Жан берушіні таңдау: егер бір бас қой немесе бір жылқы ұрланса, күмəнді
адамның үш атадан қосылатын ет-жақын туысы жан беру керек. Онға дейінгі мал ұрланса
жеті атаға дейін туысатын бір ағайын ара түсе алады.Ал, егер ұрланған мал 50 басқа дейін
жетіп қалса, сол елдің ортан қолдай бір басшы азаматы жан беруі керек, ал 100 бастан асса,
мұндай жағдайда күмəнді сейілту үшін рудың ең тəуір, əділ деген екі азаматы жан береді.
Бір адам екі қылмыс бойынша күмəнді болса, онда екі туысы оны ақтап жан беруі керек.
„Жан беру“ ғұрпы бір биік, еңселі жерде, қырда, болмаса бейіт басында, не су жанында өтеді.
Жиналған қалың елдің алдында жан беруші өз туысының ақтығын жақтай сөйлеп, ант етумен
аяқтайды. Көбінесе ант сөздері былайша келеді:
“Егер өтірік айтсам, құдай атсын, о дүниеде иман бұйырмасын, бұл дүниеде мал - басымның
игілігін көрмейін”. Ауыр қылмыс үшін күмəнді жауапкердің жан беруші ақтығын дəлелдеу үшін
ауыр сыннан өтуге мəжбүр болады.Мысалы, оқтаулы мылтық ұңғысын сүю немесе ата-
бабаның бірінің көрін үш қайта айналу. Міне, бұл айтылғандардың бəрі тек туысының ақтығына
сенімді қазақтың ғана жүрегі дауалайтын сынақтар. Ең сирек кездесетін жан берудің түрі
мынадай: жан беруші адам үйдің оң жағына, өлік шығатын тəртіппен жатады, сүйекке
түсетін тəртіппен жуылып, кебінге оранады.Сонда ғана даугер жақ күмəн туғызған елдің,
адамның тазалығына көзі жетеді.Əрине, мұндай ауыр дəстүр сирек кездеседі. Көбінесе
жауапкер жақтың бір асыл адамы билер отырған биікке көтерілгеннің өзін қазақтар ұсақ-
түйек күмəнді сейілтуге жеткілікті деп саналады. Жан беру дəстүрін халқымыз өте ауыр деп
қасиеттеген. Тəңірінің жазасынан құтылу үшін, осындай дауға түсетін адаидар бүкіл
руластарын шақырып, ақсарыбас сойып, дəм береді.Кейде жас баланың ит көйлегін жүрек
тұсына байлап та барады, ақтығын дəлелдеу үшін.
Сонда да жан беретін адамды жазасыз қалмайды деп есептеп, ел қауіптенеді. Оған мысал:
“Ант ішкеннің үйіне барма, айрандай жұғады”;
“Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі”.
30. Əйелдің куəлік беруіне рұқсат, бірақ олардың сөзінің шындығына күйеуі “жан беруі” қажет.
31. Ірі қылмысты істерге немесе көп мөлшердегі мал дауына əйел адам айғақ бере алмайды.
32. Құл, күң , жас бала, есі шала адамдар айғақ бере алмайды.
33. Егер даугердің істі қарау кезінде айғаққа ұсынатын адамдары болмаса да би істі қарап
теңдігін алып беруі керек.
34. Жауапкер сырттан келген келімсек болса, немесе азаттығын жаңа алған құл болса, оның
тазалығына кепілдік ететін ешкім табылмаған жағдайда, оның кінəсін мойындатып, даугер
жақтан бір адам “жан беруі„ керек.
35. Егер жауапты адамның белгілі руға бір қатысы, араластығы болса, сол рудың беделді
адамынан жауап талап етіледі.
36. Егер адамдар арасындағы дау мал мен мүлікке байланысты болса, кепіл талап етіледі.
37. Егер алушының /мəселен-жүйрік атты/ иесіне қайтаратынына бəсін тіккен болса, ол кепілді-
“зер кепіл” деп атайды. Зер кепіл, бидің талап етуі бойынша, алушы қайтара алмаса өз қолынан,
өз малынан қайтарады.
38. Өз малын кепілдікке тікпейтін, бірақ жауапкердің уақытылы қайтаратынына уағда қылған
болса, оны „жəй кепіл“ дейді.
39. Би даудың шешімін ел алдында айтқанынан кейін екі жақ ала арқанды тартып ара
ағайынның бірі оны қақ ортасынан кеседі /”ала жіпті кесу”/.
40.”Ала жіпті кесу” даудың тиянақ тапқанын білдіреді. Би алдына қылмыскер, мəселен ұры,
қылмыс үстінде қолға түсіп əкелінетін болса, ол жағдайда аяғы алажіппен шандылады.Сол
қалпында би шешім айтқанға дейін жатады.
41. Билердің алатын „билігі“, ел билеуші ханға, не ұлыс сұлтанына берілетін “хандық“;
жасаулардың ақысы Кеңес, не Жүгініс аяқтала салысымен беріледі.
42. Даугердің тарапынан билерге, ел ағаларына арналған “тарту„ болуы мүмкін /билік соңында
беріледі/ үлкен дау болса „тоғыз“, кіші дауларда „ат шапан“.
43. “Биліктің” көлемін мөлшерін хан, не ұлыс сұлтагы белгілейді (егер билікке қатысып отырса).
44. “Хандықтың” көлемін, мөлшерін билікке қатысып отырған билер белгілейді.
|