қызды байлап, шешесінің жазалауына береді.
12. Əкесі балаларынан сұрамай олардың еншісіндегі малын пайдалануға (атын мініп кету)
хақылы.
13. Баласы əкесəнəң, не жақын туысының мал-дүниесін үш ретке дейін сұрамай пайданала
береді.
Енші беру
1. Отбасындағы балалар ер жетіп, ұйленгенде онын еншісін беріп, бөлек шығарады.
2.Кей кездері үйленген ұл ата қонысынан бір-екі жыл шықпай отырып, өзіне тиісті еншісін
кеш алса ерікті.
3. Ұлын бөлек шығарарда əкесі бүкіл ағайын-туыстарын жинап, мал сойып, той жасайды.
4. Туысқандары өз əлінше бөлек шығаруға көмектесіп, мал мүлік қосуға, беруге ерікті.
Нағашылары тарапынан да немеурін көрсетіледі.
5. Бөлек шығып жатқан келін өзінің жасауынан бір жақсы затын, киімін атасына беріп,
оның орнына атасы қойды қосақтап байлайтын арқанды береді (қосақ басы), бата
жасатады.Бөлек шыққан отаудың белгісі ұсақ малға ен салу.
6. Енші алып бөлек шыққан ұл өз шаруашылығын өзі жүргізуге хақы бар.
7. Алғашқы кездерде, мысалы қыстау алып, əбден орныққанға дейін əкесінің ұлына
көмектесуі шарт. Ал кейіннен ұлы əкесіне көмектесуге тиісті.
8. Егер от басында бірнеше ұл болса, онда бөлек шыққысы келген балаларына еншісін бөліп
беріп, бөлек отауларға шығарады. Əкесімен тек кенже ұлы қалып, өлі-тірісіне, ата
орынына ие болатын шаңырақ иесі болып есептеледі.
9. Енші алған ұл, əкесі өлген соң қалған малынан ештеңе талап етпейді жəне оның мал-
жанын сақтауға қайрат қылып “үлкен үйден қор кетпесе бəрімізге жетер” деген қағиданы
ұстайды.
10. Қазақ халқының əдет-ғұрпы бойынша ұлға енші берумен қатар ата мүлкінен үлес сыбаға
алуға ұзатылған қыздың да хақы бар.
“Төркіндеу” өзінің жол-жоралғысымен жүреді. Мəселен бір адамның екі ұлы, екі қызы болса,
үлкен қызы ұзатылған, одан кейінгі ұлы үйленген де, қалған бір ұлы, бір қызы қолында. Бар малын
есептеп, бөлек шығаратын үлкен ұлына енші бермес бұрын ұзатылған қызы əлі төркіндеп
келмесе, оған берілетін сыбағасы бөлінеді, ал бұдан бұрын төркіндеп келіп, өз сыбағасын алып
кетсе, оған ешбір үлес тимейді. Кіші қызының жасауына, кіші баласының қалың малына деп
белгілі мөлшерде мал қалдырады да, қалған малды төртке бөледі. Бір бөлегін үлкен ұлына еншіге
береді, ал қалған үш бөлек ата-анаға жəне кенже баланың үлесі болып қара шаңырақта қалады.
Мұрагерлік
1.Əр адам меншігіндегі мал-мүлікті өз туысынан басқа адамға қалдыруға хақы жоқ.
2.Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне
тапсырып кетуге ерікті.
3.Өлген адамның артында мұра есебінде мал, жер-су, үй-жəй, мүлік, ақша қалады, оған
жесірімен бірге құлдары мен күңдері кіреді.
4.Өлген адамның соңында жас балалары қалса, əрі олардың туған шешесі болса онда өлген
əкесінен қалған мал - мүлікті мирасқа бөлшектеуге ешкімнің хақы жоқ.
5.Егер өлген кісінің енші алып кеткен ұлдары мен ұзатылып кеткен қыздарынан басқа қолында
бала болмаса , немесе бірге тұрған кіші əйелінен бала тумаған болса , онда өлген кісінің жылы
толғаннан кейін асын береді де, ағайын-туғандары жиналып , қалған мал-мүлікті енші алып
кеткен ұлдары мен қыздарына, оң жақта қалған олардың өгей шешесіне бөледі. Ол мынандай
мөлшерде: туған ұлдарына -екі еседен, есігіндегі еншілес болып жүрген құлы мен күңі болса
оларға ширек еседен сый тиісті.
6.Егер тіршілігінде көп əйел алып, олардың еншісін əуелден бөлек ұстаған болса, əр əйелдің
бөлінбеген кенже баласы иемденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |